“Жігітке жеті өнерде аз” (интеллектуальдық сайыс)

Ақтөбе қаласының №40 орта мектебінің математика-информатика пәні мұғалімі Бекмухамбетова Нургул Рахымовна 5а класс жетекшісі

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін пысықтап, ауызбіршілік пен жинақтылыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
Барысы:
1. Ұйымдастыру: Класс бөлмесімен оқушылардың дайындығын тексеру.
2. Негізгі бөлім:

Перизат :
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңе арналған,
Бүгінгі той қуаныш пен мереке.

Тамирис:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың,
Тойларыңыз құтты болсын,
Әкелер, ағалар, құрдастар
Балаларың төге берсін мерейін

Нұршат:
Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғалык.
Біздерде сұрақ-жауап басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.

Жанаргүл:
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас кылыш атанғандар.
Қазақтың касиетті жігіттері
Халқына қалқан болған каһармандар.

Аружан И:
Сайыс десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын жігіттерді бүгiнгi,
Қарсы алайык қошеметпен бәpiмiз.

Амина:
Армысыз ардақты ұстаз, аяулы жас,
Алдыңда тұр сайысқа түсер өрімдей жас.
Yміт күткен ұлдардан аяулы ұстаз,
О, жараткан, жігіттердің бағын бip аш.

Перизат:
Арайлап атса келешектің ақ таңы,
Біз үшін мәртебе тұлпардың шапқаны.
Бүгінгі балғын, балауса жастар,
Қазактың ертеңі, аппағы, мақтаны.

Наргиз:
Бүгінгі 5 «А» класындағы «Жігітке жеті өнерде аз» интеллектуалдық сайысқа кош келдіңіздер. Интеллектуалдық сайысымыздың реттілiri мынадай:
1. Таныстыру: қатысушылар өздерін және жанкүйерлерін (қандай туыс екендіктерін, жұмыс орны туралы толық таныстырады)
Жанаргүл: 2. Жігіткетке жеті өнер де аз. (Үйден дайындап әкелген жұмыстарының жасалу жолдарын түсіндіреді.)
Амина: 3. Негізгі бөлім төрт кезеңннен тұрады.

І кезең: Ақыл азбайды, білім тозбайды. (Бұл кезеңде мақал-мәтелдің түсіп қалған сөзін табу, жұмбақтың шешімін табу, қасетті сандар туралы сыр шертеміз.)

ІІ кезең: Көкпар. (Бұл кезеңде Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, математика, қазақ тілі пәндері бойынша сұрақтар беріледі.)

ІІІ кезең: Бәйге. (бұл кезеңде Ғылым, Тұлға, Спорт, Құбылыстар мен қасиеттер, кино, жылдар бөлімдері бойынша 10,20,30,40 баллдық деңгейлік сұрақтар қойылады жауаптарына қарай қызғалдақтар беріледі.)

ІV кезең. (Бұл бөлім тапсырмаларды өздерінің ұяшықты таңдауларын бойынша орындайсыңдар)

Нұршат: Бағалауда катысушылардың әр дұрыс жауаптарына бір қызғалдақтан беріліп тұрады. Әр турда сұрақты таңдау арқылы жауап береді, жауап болмаса, келесі қатысушы жауап айтады. Жауап дұрыс болса, қызғалдақ сол жауап берген қатысушыға беріледі.

Ән: Саржайлау

Тамирис:
Уа, халайык, халайык,
Мұнда назар салайык!
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ,
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға
Бүгін сұлтан атанбақ!

Бүгінгі сыныптың ер жігіттерін,
Шақырайық ортамызға қошеметпен.

И. Аружан:
Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
Акыл, көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды езімен
Тез арада таныстырып етеді – деп, сайысымыздың бірінші бөлімі Таныстыру: қатысушылар өздерін және жанкүйерлерін (қандай туыс екендіктерін, жұмыс орны туралы толық таныстырады)

Наргиз:
Өнер куып жігіттер өтер деймін,
Бip басына өнepi жетер деймін.
Бәсекеге түскен жігіттер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді.

– (Әр байкаудан соң әділқазы алқасы бағасын бepin отырады, баға қызғалдақ гүлдермен беріледі.)
Кезек қатысушыларда

Перизат:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып-өскен мекені, еліменен.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр ic біледі.
Өнері бар да жігіттер,
Тоқталып cipә, ipкілме.
Жұрт қарасын қызығып,

«Бәрекелді» деп шіркінге, -дей отырып, сайысымыздың екінші кезеңі «Жігіткетке жеті өнер де аз» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде үйден дайындап әкелген жұмыстарының жасалу жолдарын түсіндіреді.

Нұршат:
Ал кімнің өнepi бар қаншалықты,
Би билеп, ал бipeyi ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай-ақ жан салыпты.
«Еңбек ердің- санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл-парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе!?

Амина:
Қазақта жігіттерді былай деп атаған!
Көсем жігіт – ел басқаратын жігіт,
Шешен жігіт – дау шешетін жігіт,
Батыр жігіт – еліне қамқор жігіт,

Cepi жігіт – аттың жүйрік мiнiп, иттің алғырын epтіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса cepi жігіттеріміздің өнepiн тамашаласақ. Кезек қатысушыларда.

БИ: «Қазақ қыздары»

Жанаргүл:
Мықты болсан сұрақтарға жауап бер,
Keлдi кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп, «Ақыл азбайды, білім тозбайды.» деп аталатын сайысымыздың үшінші кезеңін бастаймыз. (Бұл кезеңде мақал-мәтелдің түсіп қалған сөзін табу, жұмбақтың шешімін табу, қасетті сандар туралы сыр шертеміз.) Әр сұрақтың дурыс жауабына бір қызғалдақ беріледі. Егер таңдап отырған қатысушы жауап бере алмаса, бірінші белгі көрсеткен қатысушының жауабы қабылданып, қызғалдақ сол қатысушыға беріледі. Слайдқа зейін саламыз.

Тамирис:
Жігіттің көркi – өнepi,
Талап – кici мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.

Өнердің қадірін білген бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жоғалған жоқ.

И. Аружан
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай
Күш өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай-дегендей сайыскерлерімізге берілетін келесі төртінші кезең Көкпар. (Бұл кезеңде Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, математика, қазақ тілі пәндері бойынша сұрақтар беріледі.) қатысушылардың білімдерін сынаймыз. Дұрыс жауапқа қызғалдақтар беріледі.

Ән: Әкелер

Жылдар, жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі
Көңілдің шат сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгінгі мен өткені

Наргиз:
Жиналдық, бұл сайысқа бәріміз де
Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де.
Үйреттік білмегенің көрерменге
Тағы да үйретерміз аман болсақ-деп бесінші кезең Бәйге кезек келді. (бұл кезеңде Ғылым, Тұлға, Спорт, Құбылыстар мен қасиеттер, кино, жылдар бөлімдері бойынша 10,20,30,40 баллдық деңгейлік сұрақтар қойылады жауаптарына қарай қызғалдақтар беріледі.) слайдқа зер салайық.

Жанаргүл:
Әкем шытса қабағын
Байқа балам дегені
Алғаны көп-ақ сабағым
Жақсы көрем мен оны
Бойға қуат береді
Әй, жарайсың дегені
Мен әкемнен әр кезде
Соны естігім келеді

Тамирис:
Сізсіз әке, ең ақылды, ең шынышыл
Сізсіз әке, ең жақыным, ең сыршыл
Шуақ шашқан сіздің асыл жүрегің
Жанымдасың қамқорымсың білемін.
Қабыл алған бала жүрек тілегін.

Әке отбасының тірегі. Әкеге қарап ұл өсер деген әкені балаға үйретері көреп. Әке баласының болашақта жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтау керек. «Әке –асқар тау » деп бекер айтылмаған. Келесі соңғы алтыншы кезең Жорғаға кезек келді. (Бұл бөлім тапсырмаларды өздерінің ұяшықты таңдауларын бойынша орындайсыңдар) Слайдқа зер салайық.

Жорға
1. Мозайка құрастыру
2. 4 төрт рет кесу арқылы, алманы қалай тең 12 бөлікке бөлуге болады
3. Галстук байлау.
4. Мозайка құрастыру
5. Мозайка құрастыру

И. Аружан:
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау,-деп сөз кезегі класс жетекшіміз Нұргүл апайға беріледі.

Амина:
Қамқорсың әке өмірде
Қуатым сенсің көңілге
Әлпештеп мені өсірдің,
Ұшармын ертең көгіңде
Аңсаймын жылы сөзіңді
Ақылшым болған кезіңді.
Есімде әке сақтаймын,
Асқар биік өзіңді

Перизат:
Теңіздей шалқып жүремін,
Сүйенер сенсің тірегім.
Барсам да қайда жан әке
Өзіңмен бірге жүрегім.

Жанаргүл:
Үміт күтіп кейінгі ұрпақ жастардан,
Сенім арту бабалардан басталған.
Қазақ тілін мойындату әлемге-
Жастар үшін болса екен басты арман -деп бүгінгі «Жігітке жеті өнерде аз» интеллектуалдық сайысымызға алтын уақыттарын бөліп келген қатысушыларымызға көп-көп алғыс айтып келесі кездескенше сау болыңыздар-деп!!! Кездескенше күн жақсы болсын!!!
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.