Бастауыш. Барыс септік.

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы, Қ.Терібаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балықбаева Анара Құдашкенқызы

Сабақтың  мақсаты:  Зат  есімнің  септелуі туралы  түсініктерін  кеңейту. Барыс  септігі туралы  білімдерін   тиянақтау.
Дамытушылық:   Оқушылардың  танымдық  қабілеттерін  сөздік  қорларын  дамыту.
Тәрбиелік:   Білімділікке, сауаттылыққа, шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  тәрбиелеу.
Әдісі:  сұрақ –жауап, түсіндіру.
Түрі:   Аралас сабақ

Сабақ  барысы:
Ұйымдастыру  кезеңі
Үй тапсырмасын  тексеру.
24 –жаттығу (талдау)
Септік  жалғауларын  ата?
Зат  есімнің  септелуі  деген  не?
Атау  септігінің  жалғауы бар  ма?

Жаңа  сабақ
Шығармашылық  тапсырма
…(анаға) тағзым  етейік.
… (жастарға) білім  керек.
…(биікке)  самғау  керек.
… (қалаға)  келгеніме  өкінбеймін.
… (ойынға) құмар бала.
… (Сәулеге) кітап  сыйлады.

Сөздер қай  септікте  тұр?
Қандай  сұрақ  қоямыз?

Ереже  ілу
Барыс  септігіндегі  зат  есімдер  кімге?, неге?, кімдерге?, нелерге?, қайда?  сұрағына  жауап  береді.

Күн реті
Көркем жазу  минуты
Оқулықпен жұмыс
31-жаттығу (ауызша)
Қарамен жазылған  сөздерге  сұрақ  қой
Қына  тасқа  бітеді.
Білім басқа  бітеді.
Аталы  сөзге
Арсыз  жауап  қайырар
Ата –балаға  сыншы.

32 –жаттығу
(тақтамен  жұмыс)

Тауыққа
Дуалдан  асқан  биік ж оқ

Шөжеге
Ауладан  асқан  тұйық  жоқ.

Бақаға
Батбақтан  асқан  кеңіс ж оқ.

Құлынға
Жайлаудан  асқан өріс  жоқ.
Тауыққа, шөжеге, құлынға (дыбыстық  таңдау жасау).

«Кім жылдам»  ойыны
Кім бұрын торға  допты  лақтырады?

–          Тай –тайға, Азамат  тайға  мінді.
–          Ауылға. Мен ауылға  бардым.
–          Мал –малға. Мен малға  қарадым.
–          Мектеп-мектепке. Айдос  мектепке  барды.

Шығармашылық  тапсырма
(Сөздерді  дұрыс  септікке  орналастыр)
Текемет , көмірдің, суға, ұшаққа, жаңбырдан, алаша, балғаның, дүкенге, қыста, аспаннан, арамен, театрға.

35  – жаттығу
Балдырлар  суды  жасыл  түске  енгізеді.
Егін өсірілген алқапқа  күзде  мал  жайылады. Бөдене –қыста жылы жақтарағ ұшып  кететін жыл құсы. Оқушылар  кітапханаға  келді.
(Барыс  септігіндегі  сөзді  тап)

Ребус  шешу.
Театрға (осы  сөзге шағын  әңгіме  құрау)

Бекіту, қорыту.
Тест  жұмысы
1. «Әке»  сөзі  қай септікке  тұр?
а) атау  септік,     ә) Ілік септік,      б)  Барыс  септік

2. Ілік  септікке  тұрған  сөзді  белгіле
а) оқушы,             ә)оқушыға,          б)  оқушының

3. Барыс  септігінің  сұрағын  белгіле
а) кімге?, неге?     ә) кімді? нені?    б) кіммен?, немен?

4. Көмектес  септігінің  сұрағын ата?
а) кімді?  неде?      ә) кімді? нені?     б) кіммен?  немен?

5. Шығыс  септігінде  тұрған  сөз
а) сабақта,          ә) сабақтан,         б) сабақпен

Бағалау.
Үйге тапсырма:  37 – жаттығу, ереже жаттау.

Алматы облысы, Ақсу ауданы,  Көкөзек ауылы, Қ.Терібаев атындағы  орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балықбаева Анара Құдашкенқызы

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.