Сөздердің байланысу тәсілдері.

Ақтөбе қаласының №40 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дербисова Жаннур Жайымкуловна

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сөздердің байланысу тәсілдерінен алған білімдерін практикада қолдану. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту. Ой қорытып нақты шешім қабылдауға үйрету, өздеріне сенімдерін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, бірін-бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, жинақтау, сын тұрғысынан ойлау.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география
Көрнекілігі:  интерактивтік тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа назар аударту

Үй тапсырмасын  сұрау:
222-жаттығуды аяқтау
Үй тапсырмасын бекітуге арналған тапсырмалар
«Мықты болсаң, тауып көр»
Әлемнің жеті кереметі

  1. Синтаксис нені білдіреді?
  2. Сөз тіркесі дегеніміз не?
  3. Күрделі сөздер дегеніміз не?
  4. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
  5. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата.
  6. Сөз тіркесі мен күрделі сөздердің айырмашылығы неде?
  7. Сөз тіркесінің түрлерін ата

Балалар, біз өткен сабақта сөздердің байланысу тәсілдерін өткен болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда сол тақырып бойынша жаттығу жұмыстары мен түрлі тапсырмалар орындаймыз. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазамыз.

Оқулығымыздағы 223-жаттығуға қараймыз.

Жалғаулар арқылы Шылаулар арқылы Орын тәртібі арқылы Интонация арқылы

«Жүйрік болсаң, шауып көр»

«Сәйкестендіру»  жұмысы

Телефон арқылы сөйлесу Орын тәртібі
Абай-ақын Жалғау арқылы
Самал жел Шылау арқылы
Адамзатты сүю Орын тәртібі арқылы
Білу үшін оқу Жалғау арқылы
Шоқан –ғалым Шылау арқылы
Ғажайып әлем Интонация арқылы
Еңбектің жемісі Интонация арқылы

Берілген тіркестердің байланыс тәсілін анықтап,  сол сөздерден мақал-мәтел тауып айт.

Білімді адам –                                              Суды төкті-

Жолдас қадірі-                                            Отан үшін айқасты-

Тілін тартпады-                                          Өмірдің шырағы-

Айгүл – ұстаз-                                            Тозбайтын тон-

Өнерлі жігіт-                                               Таудай талап-

Сергіту сәті:

Еркін тіркес Тұрақты тіркес
Мөлдір су

Гүлді суару

Спортпен шұғылдану

Орнынан қозғалмау

Жеті бала

Жұмған аузын ашпау

Ит өлген жер

Сіркесі су көтермеді

Қоян жүрек

Мұрнын шүйірді

 

Есімді тіркес Етістікті тіркес
Жаңа киім

Айтуға құмар

Үйдің есігі

Бес адам

 

Жел соқты

Сабақ аяқталды

Ән айтты

Әңгіме қозғады

Оқулықпен жұмыс:

224-жаттығу

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда, батырды батыр жығар алысқанда. Төмен құлайтын Есік көлінің алдын адамдар біржолата бөгеп тастады. Мұның кейінгісіне «Күштіден күшті шықса, көресінді сонда көресің» деген дәлірек келеді.

Тапсырма: география сабағынан оқыған мәліметтеріңді пайдалана отырып, экологияға ұшыраған табиғат туралы ойтолғау жазу

Үйге тапсырма:

225- жаттығу

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.