Ұлы Жібек жолынының Қазақстан бөлігіндегі тарихи ескерткіштерге сырттай саяхат

 Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері. Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады! Еліміз Егемендік алған  жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған,  кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды. 25-қазан- Республика күні, яғни Республикамыздың, егеменді еліміздің Тәуелсіздік туралы Декларация қабылдаған күні.  Осы мерекеге, тарихи оқиғаға орай, Қазақстанның Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы он бес жыл бойы   «Қазақстанды таны» сериясы бойынша «Атамекен», «Берік болсын тәуелсіздік тұғыры, шайқалмасын елдігімнің тұнығы», «Қазақстанды таны» (1,2), «Екі дүние есігі», «Ұлы жібек жолы» және т.б. еліміздің Егемендігіне, Отан тарихына арналған әдістемелік құралдарды шарыққа шығаруда. Бұл әдістемелер республикадағы кітапханашылар қауымына, балалар оқуының жетекшілері арасында да үлкен сұранысқа ие.  Қазақстан Республикасының 15 жылдығына орай кітапхана ұсынып отырған  «Туған елім, тірегім» атты әдістемелік құрал осы тамаша серияның заңды жалғасы іспеттес.   Еліміздің егемендік жылдары  қол жеткен табыстары, тарихтағы өзгерістер, Отанымыздың «тар жол тайғақ кешу» жылдарының жаңа қырларын танытатын  құралымызда Қазақстан туралы тың тақырыптар мен жаңа әдебиеттер бойынша сұрыпталған жұмыс түрлері берілген. Ескерту: Қазақстан туралы, оның тарихына, салт-дәстүріне байланысты шаралар өткізгенде қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды қолдана отырып, «RGB-studio» компаниясының Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке тарату мақсатымен әзірлеген «Қазақстанның скиф-сақ алтын жинағы», «Берел қорғаны», «Қазақ киімінің антологиясы», «Қазақстанның көне зергерлік бұйымдары», «Таңбалы» атты мультимедиялық дисклерді қолдануларыңызға болады. Сонымен қатар,  «Қазақфильм», «Хабар» агенттігі, Президент ТРК-сы Отанымыздың бүгінгі тынысы, Елбасымыз туралы жарыққа шығарған «Қазақстан. Тарихы мен бүгіні», «Республиканың бір күні», «Жарияланбаған шеру хроникасы», «Полигон» және т.б. туындылардан бейнеүзінділер пайдалануларыңызға болады. Ұлы Жібек жолынының Қазақстан бөлігіндегі тарихи ескерткіштерге сырттай саяхат Орта сынып оқушыларына арналған  Дайындық кезеңі: Кейінгі жылдары «Аруна баспасынан шыққан «Ежелгі Қазақстан», «Алтын Орда» қазақ балалар энциклопедисымен  және осы баспадан шыққан «Аңызға айналған жерлер», «Ежелгі қалалар», «Ұлы жібек жолы» т.б. кітаптары бойынша көрме ұйымдастыру керек. Ұлы Жібек Жолының Қазақстан жерінен өтетін бөлігінің үлкейтілген картасы дайындалады. Балалар алдын ала осы көрмелермен танысады. Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи қалалар мен тарихи ескерткіштердің суреттері бойынша алдын-ала слайд жасап, шара болған күні қолдану керек. Балаларға шара өтерден біраз уақыт бұрын Қазақстанның ежелгі қалалары туралы аңыз, ертегі, өлеңдер оқып, жаттап  келу тапсырылады.    (Н.Тілендиевтің «Көш керуен» күйінің әуенімен бірге экраннан ежелгі қазақ сахарасында жатқан Жібек жолының бойындағы керуен тізбегінің бейнесі жылжып өтіп жатады) Тарих ата: Байырғы заманда жердің түкпір – түкпірінде тұратын адамдар бір – бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық- түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда – саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар – базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір – бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Бала (1): Ата, сонда  бұрынғы кезде сауда жасау үшін түйемен ғана жүрген бе? Тарих ата: Иә, балам, осындай сауда жолдарының арқасында  Еуропа мен Азияны біріктерген Ұлы Жібек жолы пайда болды.  Ол жолдардың әрқайсысының өз аттары болған. Мысалы,  «лазурит», «нефрит» және «құндыз» жолдары кірді. «Лазурит жолы» – Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне лазурит (ляпис – лазурь) тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай- шонжарларына арналып жасалатын зергерлі әшекей бұйымдарына қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит тасымалданған. Ал «құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр тараптардағы елдерге таралған. Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұқсас. Себебі ол бүкіл Еуропа мен Азия елдерінің бір – бірімен қарым- қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктіреді.        Бала (2):  Ата, неліктен бұл Жол «Жібек жолы» деп аталған? Тарих ата: Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Бала (3):  Жібек жолы біздің Қазақстан жерімен де өткен деседі. Сонда ол қай қалалар арқылы өтті? (Экраннан Жібек Жолының картасы көрсетіледі) Тарих ата: Сонау Еуропа мен Азияны біріктіріп жатқан бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің бір – бірімен сауда – саттықпен айналысуына, ғылым салаларының дамуына, діни және мәдени салт – дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті. Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Тянь – Шань тау етегімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары арқылы Қытайға ұласқан. Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатыр. Негізі күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға қарай жолдар өткен. Осындай жолдардың бойында Испиджап, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Саудакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген әсері зор. Ортағасырлық шығыстың ұлы ақыны Фирдауси Ұлы Жібек жолын былай деп тамаша бейнелеген: Сансыз қымбат жүк тиелген, Мыңдаған алып түйелер. Жүз сары нарға дихрем артса, Қырық нарға динар жегілген. Ең керемет мускус пен алойыны, Ғажап жібек маталарды, Иран мен Мысыр керуені артқан- Тағы бар отыз түйесі.        Тарих ата: Балаларым, менімен бірге саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Олай болса, мен  Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен ұзына жол бойындағы алғашқы Сауран қаласына тоқталамын. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Түркістанның солтүстік-батыс жағында, 30 шақырым жерде орналасқан. Араб тарихшысы «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. ХІІІ ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. ХVІІ ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған.            Тарих ата: Балалар, қараңдаршы, көк күмбезді мұнара маңындағы көрінісі қандай әсем! (Экраннан Түркістан қаласының сыртқы көрінісі жылжып өтіп, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің суреті көрсетіледі)           Бала (1):  Бір кезде қанды соғыстан, Қаралы болған Түркістан. Садақтан самсап оқ ұшқан, Жаралы болған Түркістан. Миы ашқан жердің қуырылған, Танабы болған Түркістан. Тұяқтан шаңның суырылған, Алаңы болған Түркістан. Сен үшін бабам алысқан Аяулым менің Түркістан, Алқынып жеткен алыстан. Сарқырап қала жаздаған Кешегі сағым Түркістан. (Т.Айбергенов) Тарих ата: Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Оның 1500 жылдық тарихы бар. Ол да сол кездердегідей негізінен саз балшықтан құйылған кірпіштермен тұрғызылған. Қала орталығында биік күмбезді цитаделі болған, Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі. Кесене- ғимараттың айналасында толып жатқан құрылыстар: солтүстік жағында биіктігі оншақты метрдей, ұзындығы да әудем жерді алып жатқан «Қамал қорғаны», кесененің қарсы алдында «Рабия сұлтан бегім» күмбезі, «Есім хан мазары», «Халуат жер асты мешіті» және ортағасырлық «Шығыс моншасы»- бәрі – бәрі үйлесімді бір ансамбль құрып тұрған.        Иасы қаласы XII ғасырда аса дәуірлеген: қолөнері мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған. Оның атағы бүкіл мұсылман қауымына жайылып, ол Меккемен теңестірілген, яғни Түркістанға үш рет барған адам Меккеге барып, қажы атанғанмен бірдей болған. Оған себеп- суфизмнің насихатшысы, ақын Қожа Ахметтің ықпалы еді. Оның қарапайым тілде жазылған адамгершілік, мейірімділік жайлы өлеңдері қажылық етушілерге қатты әсер етті. Ол соңғы 10 жыл өмірін жерасты хлеуетінде өткізіп, Құдайға құлшылық етудің шын берілгендік – нұсқасын көрсетіп кетті. Ол өлгеннен кейін де ел оның өлеңдерін жатқа айтып, есімін қасиеттеп жүрді. Сондықтан да Әмір Ақсақ Темір ол өлгеннен 233 жыл өткеннен кейін Қожа Ахмет Иассауи кесене ескерткіш  күмбезін соқтыртты. Бұл ескерткішті әлемдегі жеті ғаламаттың бірі десе де болады. Түсініктеме: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі-Түркістан қаласында ХІV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Иассуи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Қожа Ахмет Иассауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады. Мұны Әмір Темірге жүктеп, ол әлемдегі ең әдемі де үлкен кесене салдырып шығады. Кесене ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілген.           Бала (2): Әуелде үлкен қала Отырардан Кейіннен кіші-гірім шоқы қалған Өртеніп өзі күл боп кетсе-дағы Қаланың көкіректе оты қалған. Тартады күзгі желмен дала күйді, Қалдырды өшпейтіндей баба сыйды. Арада мыңдаған жыл өтсе дағы Көтеріп келеді ол Фарабиді. (С.Мәуленов)   Тарих ата: Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді.Отырардың тарихи музейінің алдындағы тасқа: «Жиһанкез, сенің алдыңда Орта Азияға, Кавказға, орыстарға бет алған басқыншы Шыңғысханның сансыз әскерлерін жарты жыл ерлікпен ұстаған, сөйтіп барып өзі күйреген батыр қамалдың қалдығы жатыр. Бұл қамалдың қасиетін қадірлей біл», – деген сөздер қашалып жазылған.Мөлдір сулы Арыстың Сырдарияға құяр сағасына қол созым жерде ғасырлар бойы ел есінде сақталған өлі қала үйінділері жатыр. Оның атауы Отырар…. Отырар – Қазақстанның ортағасырлық қалалары ішінде айрықша орын алады. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл – Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала. Отырар 60 мыңдай жауынгері бар берік қамал болған. Алайда, қүмырсқадай қаптаған Шыңғысханның жауынгерлеріне 6 айдан артық төтеп бере алмады, бірақ бұл қала асқан батырлығымен тарихта қалды. Түсініктеме: Арыстан баб-әулие. Діни аңыздар бойынша қожа Ахмет Иассауиге алғашқы ұстаз болған. Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Арыстан баб кесенесі – ХІІ ғасырда салынған.  Арыстан батың қабірі ежелгі Отырар қаласының маңында. Арыстан бабқа зиарат етушілер, соның басына барып түнейді. (Экраннан ежелгі қазақ жерінің, Сырдария өңірінің бет-бейнесі жылжып өтіп жатады)            Тарих ата: Сол тұста Ұлы Жібек жолында ауызға іліккен тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады.           Тарихи деректер бойынша Испиджап IX- X ғасырларда әскери маңызы күшті бекіністі қала болған. Кезінде арабтардың шабуылына төтеп беріп, кейіннен Бағдат қаласына салық төлеп тұруымен тынған, бірақ тәуелсіздігін сақтап қалған. Сонымен, Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған. Сайрам Жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде 3 жылдай ерлікпен қорғанып, ақыры 1684 жылы құлаған, яғни қалмақтар қаланы өртеп, тұрғындарын түгелдей қырып жіберген. Испиджап атауы соғды тілінде «Ақ су» деген мағынаны береді. Түсініктеме: Қарашаш ана күмбезі- ХІІІ-ХІV  ғасырларда Қожа Ахмет Иассауидің анасы Қарашаштың басына тұрғызылған архитектуралық ескерткіш. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауылында орналасқан. Тарих ата: Сол тұста өмір сүрген қалалардың алғашқысы Тараз қаласына тоқталамын. Ұлы Жібек жолы өзінің өткен жерлерінде алдымен қалалардың, қыстақтардың, елді мекендердің бой көтеріп, одан кейін қолөнердің өркендеуіне, экономиканың дамуына тікелей әсер етті. Сондай қалалардың бірі Құлан еді (ол Кеңестер одағы тұсында Луговое атанып, қазір қайтадан тарихи атына көшті). Шамамен осыдан 1000 жыл бұрын ауыл шаруашылығы кең өркендеген, Құлан оазисі 50 шаршы шақырым жерді алып жатқан. Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған.  Тараздың жүрегі – цитаделі, мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар, құсханалар орналасқан. Тараздың бір ғажабы, оның керуен сарайына өз ] ]>

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.