Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңі

Ақтөбе қаласының №40 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Карагулова Фариза Жақсыбайқызы.

Сабақтың тақырыбы:      
Сабақтың мақсаты:
а)    Ә.Тәжібаевтың өмірі мен қысқаша шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет бере отырп, «Сырдария» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу арқылы оқушылардың білімдерін одан әрі кеңейту;
ә)  оқушылардың ауызша және жазбаша  тіл мәдениетін қалыптастыру арқылы, поэзияны бағалай отырып, табиғатты аялай білуге, адам өміріне жарап жатқан  өзеннің  пайдасын түсінуге , оны қорғауға баулу, туған жердің қадыр – қасиетін құрметтеуге тәрбиелеу;
б)  оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізуге білуге, одан әрі дағдыландыру, ізденушілік қабілетін дамыту ;
Сабақтың түрі:     аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ой қозғау, салыстыра баяндау, бейнелеу,  т.б;
Сабақтың көрнекілігі:  сызбалар (хрон.таблица), түрлі плакаттар, Қазақстанның физикалық картасы, дидактикалық материалдар  т.б;
Пәнаралық байланыс:          тарих, қазақ тілі, география, музыка

Сабақтың барысы:

                а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

               б) Жаңа сабақты түсіндіру:

ХХ ғасырдағы орысқа бодан қазақ қоғамының қатайған тұсында өмір аренасына шығып ақын болып сайраған, қайраткер болып қаламын қайраған, ұранды өлеңдер, ұрма мақалалар жазған, азаматтық өреде сөйлеген, сөйлей алған, ғасыр трагедиясын айтқан, тасты басып кетілген, сазды басып жетілген Арғымақ ақынымыз Әбділда Тәжібайұлы еді.

Сөзіне орай жауапкершілігін биік өнерлік өреде атқарып кеткен ақынымыз – Ә. Тәжібайұлы. Ең бастысы – Әбділда Тәжібайұлы ХХ ғасырдың ұлы тұлғасы! Олай болса  бүгінгі тақырыбымызға өзек болған Ә.Тәжібаев  ағамыздың өміріне ,  «Сырдария»  атты өлеңіне тоқталамыз.

1.Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың жоспары интерактивті тақтадан көрсетіледі.

2. Электронды оқулықпен жұмыс.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

aliyasem000

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.