«Шаханов шыңы» атты Мұхтар Шахановқа арналған әдеби – сазды кеш сценарийі

Ақтөбе қаласының №40 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Карагулова Фариза Жақсыбайқызы.

І жүргізуші:
Байқаймысың,
Байқаймысың,
Мына ғажап тамашаны,
Бір адамға байланысты бір адамның болашағы

ІІ жүргізуші               
Байыппенен көз жіберсең, асау жылдар өрісіне,
Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де.
Бұл заманы қағиданың мүмкін бе екен көнермегі
Қозы көрпеш аман тұрса, Баян сұлу өлер ме еді?
Исатайды жеңбесе жау, Махамбетті жеңер ме еді?
Қайран ақын тағдырының соққысына көнер ме еді?

І жүргізуші:
Қайран ақын-сұңқар қиял, наркескен ой, батыл арман
Исатайдан айрылғанда жер бауырлап жатып алған.
Бұдан асқан қайғылы түн қонған емес басына оның.
Досы барда алшысынан тұрушы еді асығы оның.

ІІ жүргізуші:                                             
О, сұмдық –ай,
Жаулық сөзім парасатты паналатты,
Исатайдың өлімімен Исатайды жаралапты…
Қадірлім –ау,
Көз жіберші асау жылдар өрісіне,
Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де.

І жүргізуші:
Кейде мені мұқатпақ боп жаулар сені жамандайды,
Ал, егер сен жамандалсаң бұл, әрине, маған қайғы.
Басымызға шиыр-шиыр күн туғанда күстаналы,
Кейде мені жеңу үшінжаулар соған күш салады.

ІІ жүргізуші:
Тайғақ өмір жолдарында сүрінгенде тірек алар,
Сүйенішім сен екенін айтпастан ақ біледі олар.
Әлемнің бар ажарынан бізге достық сымбаттылау,
Мен жадырап жүрсін десең, сен мықты бол, қымбаттым-ау

І жүргізуші:
Поэзия – әсемдікті мүсіндеу.
Ал әсемдік- ізгіліктің қанаты,
Жыр қадірін түсінбеу,
Гүл қадірін түсінбеуден әлдеқайда сорақы

ІІ жүргізуші:
Поэзиясыздық әлемге түгел тастамауы үшін бұғалық,
Төгілген тер мен ағылған қанды куә ғып,
Аяулы досым, үш минут үнсіз тұралық.    (1минут үнсіздік)

І жүргізуші:

1942 жылы 2-шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылында шыншыл ақынымыз Мұхтар Шаханов дүниеге келген.  Мұхтар Шаханов Қазақстан жазушылар одағының хатшысы, Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, КСРО халық депутаты, Қырғыз Республикасының  Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған, әлем ойшылдарының басын біріктірген «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық Элита клубының президенті болған, Оның шығармалары  жиырмадан аса тілге аударылған.

ІІ жүргізуші: 1996 жылы Қазақстан Республикасының халық жазушысы, 1994 жылы Қырғыз Республикасының халық ақыны, БҰҰ қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының және Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият» түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», Юнесконың «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері, 2002 жылы Калифорния  Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында  «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілген.

І жүргізуші:
Тұс тұсымнан қаумалап кеп,
Көкейкесті мың сұрақ
Мені айт, мені айт деп
Тұрғандай намысымды шымшылап
деп, ақын ағамыз айтқандай  бүгінгі Мұхтар Шахановқа арналған «Шаханов шыңы» атты кешімізге қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:
«Төрт ана» оқитын Қаленова Камила
«Мұрын жайлы әзіл» оқитын Саматов Мадияр
Терме «Мені неге Мұхтар қойған?» орындайтын Миржан Темірлан

І жүргізуші:
Әр мұзбалақ өз әнін айта келер,
Айта білу ежелден байтақ өнер.
Тауға шығып ән салсаң,
О, керемет!
Жаңғырық боп дауысың қайта келер.
Ән «Гүлдәурен» орындайтын  Сағытжанова Айтолқын

ІІ жүргізуші:
Ақын болу дегеніміз – тек қана өлең құрастырушы емес, мүлде басқа міндет екен. Ақын болу дегеніміз – бірінші кезекте өзіңді туған халықтың парасат биігін меңгеру, оның жеңілісі мен жеңісін, ғасырдың жаңбыры шайып, күні қақтаған жалаулы дәстүрін, қалаулы әдеп-ибасын, алаулы достық-махаббатын өз жүрегіңнің елегінен өткізу.

І жүргізуші: Өз халқыңның қайғы-қуанышын тек өз қайғы –қуанышым деп таныған шақтан бастап қана ақындық өнерге бет бұрады екенсің. Өйткені, « Кім қаншама шексіз сүйсе отанын, оның тартар азабы да соншама», -дейді ақын.

Келесі сөзді ақын поэзиясына береміз.

ІІ жүргізуші:
1.  «Күрескерлік рухыңды өлтірме» оқитын Қуантаев Елнұр
2. «Айбергенов шыңы» оқитын Сисенбаева Гүлден
3. «Қалдаяқов өзені» оқитын Бүркіталина Аяжан

Ән: «Туған күн кешінде» орындайтын  Махаббат Қожабекова

І жүргізуші:
Не тілейсіз ұқпадым  мына менен,
Байқағам жоқ,
Сондықтан кінәлі емен.
Қажып біттім,
Көп болды жолда келем,
Текті қыран ойнамас қарғаменен.

«Абай, Шәкәрім» оқуларының «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімінің жүлдегері Көздібаева Арайлымның Шахановқа арнауы.

ІІ жүргізуші:
Әкем менің – Арман тұлға, Ай тұлға,
Перзенттерің саған деген сағынышын өзінің,
Махаббатын ең алғаш сезімін,
Тиісті емес жасық сөзбен, жалған сөзбен айтуға.
«Әке үкімі» оқитын Моллақанағат Әбубакір
Ән: «Әке туралы жыр» орындайтын Кайкиева Жазира

І жүргізуші:
Махаббат та шың сияқты
Күн жақындап қасына,
Бұлт қонатын тасына
Қыран тектес жандар ғана,
Шыға алатын басына .

ІІ жүргізуші:
Кірпияздау күйге орап жарқын шақты,
Кенет қылыш жарқ етті алтын сапты.
Осынау бір қанды кез ғаламатты
Ішке тоқып, күрсініп дала жатты.
Көрініс  «Шың басындағы оқиға»
«Жігерлендіру» оқитын Ержігіт Найзабек

І жүргізуші:
Бір үмітке бір үмітті жалғадым,
Көп –ақ екен бергенімнен алғаным.
Заңғар көкке самғағаным не керек,
Саған ұшып бармаған соң арманым.

ІІ жүргізуші:
Әнмен айтып балаңдығын, пәктігін,
Көктем де өтті зорға басып аптығын.
Күнде баққа қыдырғаным не керек,
Сен қасымда болмаған соң, шаттығым
Ән «Ақ бантик» орындайтын     «Нұр» триосы

І жүргізуші:

Анау төбе зымырап қашқан жауды,

Қуып жетіп тас талқан еткен жері.

Анау белес өзіне қарсы шыққан,

Туысқанын арбаға жеккен жері.

«Желтоқсан алаңы»  оқитын Ишниязова Айнұр

«Бақыт геометриясы» Әбдешова Ләйла

Қараманова Гүлмира

І жүргізуші:

Қандай азап,

Қандай азап ұғыспау.

Түсінбеген кінәлі емес десек те,

Қылмыспен тең түсінуге тырыспау.

Ән. «Кешікпей келем деп ең» орындайтын Мұқашев Жасұлан

ІІ жүргізуші:

Түсінбестік – секілді бір көк тұман,

Сол көк тұман тудырады көп күмән.

Бір жас дарын көтерілсе мінбеге,

Жұрт түсінбей қалмаса екен деп тұрам!

Махамбет оқуының жеңімпазы, мектебіміздің жас ақыны Көшкінбай Айболаттың Шахановқа арнауы.

І Жүргізуші:

Ән «Мен саған ғашық едім» орындайтын Нөкенова Н

ІІ Жүргізуші:

Қай кезде де шын достықтың парқы ұлы,

Тиісті оған әркім басын  июге

Бір адамды шексіз сүю арқылы

Болады екен бүкіл ұлтты сүюге

«Ғайша жеңгей» оқитын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қарағұлова Фариза

Ән «Айналайын» орындайтын  Әкімгерей Әсем

Ән «Арыс жағасында» орындайтын хор.

І жүргізуші:

Осымен «Шаханов Шыңы» атты Мұхтар Шахановқа арналған кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.