Ондық бөлшекті натурал санға көбейту тақырыбына есептер шығару.

Ақтөбе қаласының №40 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Оразова Гульмира Саиновна.

Білімділік мақсаты: Ондық бөлшекті натурал санға көбейте білу, ережені есептер шығаруда қолдана білу.

Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлауын, іскерлік қарым-қатынастарын жетілдіру. Әртүрлі ойындар арқылы оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру. Ой-өрісін кеңейтіп, ептілікке үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды жолдастық қарым-қатынасқа, бірін-бірі қолдауға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімін бекіту сабағы.

Оқыту және тәрбиелеу әдісі: практикалық.

Көрінекілігі:  «Бинго» билеті салынған плакат, компьютер макеті, кодоскоп.

 

Сабақтың элементтері:

                                             1. Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру

3. Есептер шығару

4. Қорытынды

5. Үйге тапсырма

6. Бағалау.

 

1. Ұйымдастыру.

– Саламатсыздар ма? Отырыңыздар.

– Балалар, көңіл күйлерің қалай?

– Сабаққа әзірміз бе?

Бүгінгі сабақтағы алдарыңа қойылған мақсат ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін қаншалықты біліп, есептер шығаруда қаншалықты қолдана алатындарыңды көрсету.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Теңдеуді шешіңдер: (кодоскоп арқылы)

  1. 1.      Есептер шығару.

Класс екі топқа бөлінеді.

І топ – «Тұран әлем» банкі

ІІ топ – «Халықтық» банкі

Компьютер макетіне екі топқа 15-тен 30 есеп жазылады.

Тақтаға «Бинго» лотореялық билеті салынған плакат ілінеді.

 

 

 

 

 

81,9 408,6
25,05
63,7 729
 

 

45 406,8
736,05
396,9 93,6
 

 

252
13 13,2
82,62 9105
 

 

 

 

 

18 18
461
229,6 831,6
 

 

461,31
33,24 65,52
63,6 452,96
 

 

50 64,98
48,42
1,8 7290

Әрбір дұрыс шешкен есептің жауабына байланысты «Бинго» лотореялық билетіндегі сандар жабылып отырады.  Билет 3 амалдан тұрады.

1-ші амал толық жабылса, жұбаныш сыйлығына ие болады.

2 амал толық жабылса, «Бингоге» ие болады.

3 амалды толық бірінші болып жапқан топ Джек-потқа ие болады. Ал, іске сәт!

І топ

1)   72,9∙10=729;

2)   2,6∙5=13;

3)   6,3∙13=81,9;

4)   2,08∙45=93,6;

5)   9,08∙45=408,6;

6)   91,05∙100=9105;

7)   18,9∙21=396,9;

8)   3,6∙70=252;

9)   8,35∙3=25,05;

10)  0,33∙40=13,2;

11)  0,045∙1000=45;

12)  49,07∙15=736,05;

13)  67,8∙6=406,8;

14)  9,18∙9=82,62;

15)  0,91∙70=63,7.

ІІ топ

1)   72,9∙100=7290;

2)   3,6∙5=18;

3)   5,3х12=63,6;

4)   75,6∙11=831,6;

5)   8,07∙6=48,42;

6)   46,131∙10=461,31;

7)   4,61∙100=461;

8)   2,5∙20=50;

9)   8,31∙4=33,24;

10)  0,06х30=1,8;

11)  0,018∙1000=18;

12)  28,31∙16=452,96;

13)  28,7∙8=229,6;

14)  8,19∙8=65,52;

15)  1,083∙60=64,98.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.