Математика. Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбына есептер шығару (АС).

Ақтөбе қаласының №40 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Оразова Гульмира Саиновна.

Білімділік мақсаты: Ондық бөлшектен ондық бөлшекті, натурал саннан ондық бөлшекті азайта білу. Ондық бөлшекке ондық бөлшекті, натурал санға ондық бөлшекті қоса білу..
Дамытушылық мақсаты: Есте сақтау дағдыларын жетілдіре отырып, өз бетінше ізденуге баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімін бекіту сабағы.
Оқыту және тәрбиелеу әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жұмбақ шешу, суретке қарап есеп құрастыру.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу, музыка, спорт.
Көрінекілігі: Кодоскоп, үлестірмелі карточкалар, суреттер (домбыра).

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру
а) оқушыларды тексеру
б) топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеруде кодоскопты пайдаланамын. Кодоскоптан дұрыс жауаптары көрсетіледі. Әр оқушы көршілерін тексеріп, баға қояды.

ІІІ.Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешу арқылы оқушылардың ынтасын сабақққа аудару.
Жай бөлшектің бөлімі,
10-ға, 100-ге… еселік.
Бұл қандай сан болады?

Бүгін соны шешелік.

(Ондық бөлшек)
Мысалы:  =5,3;  =3,15
Бөлімде қанша нөл болса,
Цифр бар сонша алдымда.
Алдына сонша нөл тіркеп,
Жеткізіп жазу қолыңда.

Мысалы:  = 6,029;   = 5,02.
Бүтін менен бөлшекті,
Үтірменен айырған.
Әп-әдемі жазылар,
Ондық бөлшек сондай сан.

Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты ондық бөлшектерді қосып, азайта білу.

ІV. Есептер шығару. Оқулықпен жұмыс
№1017    І топ (1;4)

ІІ топ  (2;3)

V. Суретке қарап есеп құрастыру.

І топ                                                                                           ІІ топ

VІ. «Орныңды тап» ойыны.

Кестедегі есептің жауаптарымен бір бағанға оның тұсындағы әріпті қойыңдар. Сонда Еуропа едеріне ондық бөлшекпен есептеуді насихаттаған

Ашық сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

mirashbostan000

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.