«Алтын күз» мерекелік кеш

Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі Бейсекеева Ж.М.

Гүлдана
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады
Айтшы Ақбота
Бұл қай кезде болады?

Ақбота
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс Гүлдана
Күзде ғана болады.

Гүлдана
Көк аспаным мөлдіреп
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін,
Сары көйлегім желбіреп.
Айтшы Ақбота
Бұл қай мезгілдің келгені

Ақбота
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
Гүлдана бұл Алтын күздің келгені.
Армысыздар Қымбатты ханымдар мен мырзалар!
Гүлдана
Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар , жалынды да , жігерлі жас достарым.
Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

Ақбота
Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналымыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.

Гүлдана
Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты: Жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.

Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
әділқазы алқалармен таныстырып,
кетейінші осы отырған баршаға,

-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ақбота
«Алтын күз» мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар:

  1. Топты таныстыру (Топтың аты, ұраны.музыкалық түрде таныстыру)
  2. Өз өнерін көрсету. (Күз мезгіліне байланысты болу керек. Мысалы, ән айтса – өзі немесе топ болып шығарған ән, би болса – сол биге ат қою, оның қойылымы болу керек. «Сары даладағы піскен бидай» биі дегендей)
  3. «Күз ханзадасы» жарысы ( таныстыру керек )
  4. Қас-қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)
  5. Сән үлгісі (Шаш үлгісі)
  6. «Күз» тақырыбында үздік плакат байқауы
  7. «Күз сыйы» – көрме. (Күзгі көкөністерден, жеміс-жидектерден дайындалған салат ,оның жасалу жолы туралы айту, атын ойлап табу)
  8. Күз ханзадасы мен ханшайымының биі.

Гүлдана
Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім

Олай болса бүгінгі «Алтын күз» атты байқауымызға қатысатын топтар өздерін таныстырып өтсін.
7 «А» сыныбына кезек берейік.
7 «Б» сыныбы
6 «А» сынып
6 «Б» сынып
5 «А» сынып
5 «Б» сынып

Ақбота
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Үміткерлер , аянбай-ақ жан салыпты.

Гүлдана
Баршаға өнер сүйер жар саламыз
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз
Құрметті көрермендер ендігі кезекте топтарымыздың  дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.

(Сыныптар кезекпен шығады)

Ақбота
Топтарымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.

Гүлдана
Сәлемдесу атадан қалған салтымыз
Осы салтты ұстанады халқымыз
Ал ханзада өнеріңді сал ендеше
Амандасып көріңіздер өзгеше!
(7 сыныптан бастап кезекпен таныстырады.)

Ақбота
Ал ханзадалар сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар.

Гүлдана
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен үміткерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

№1. Күзгі жиын терім біткенде тойланатын той қалай аталады?
(Сабан той)

№ 2. Күзде ғана жинап алатын емдік шөпті атаңыз?
(Адыраспан, дермене, қараша)

№3. Күз мезгілінде егілетін дақылдарды атаңыз?
(Бидай, арпа)

№4. Күзде келетін құстарды атаңыз?
(Ала қарға, үйрек, көкшымшық)

№5. Күзгі жемістерден кептіріліп дайындалатын астардың, яғни кептіріліп дайындалатын жемістерді атаңыз?
(кепкен өрік, мейіз, жиде)

№6. Күз айларын ата. (қыркүйек, қазан,қараша)

Ақбота
Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,
Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.
Иығына төгіліп қара шашы,
Жан біткенді өзіне еліктетіп.
Аруларымыз өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге, сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған.
Ендігі кезекте  сән үлгісін тамашалаңыздар.

Гүлдана
Бар сұлулық құйылған бір басына,
Жарасып – ақ тұр бәрі сұлбасына,
Бетін шымшып жауратып күз салқыны,
Еркелейді еріксіз сырласына –  дей келе бірінші топты қошеметпен ортаға шақырайық

(Әр топ сән көрсетеді)

Ақбота
«Күз» тақырыбында үздік плакат байқауы жарияланған болатын, енді соның нәтижесін көрейік. Әр топ өздерінің плакаттырын көрсетсін.

Гүлдана
Молшылық күз-береке күз
Береке күз-мерекеміз-дей келе күзгі жеміс-жидектерден,көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.
(Топтар өздерінің салаттырын таныстырады кезекпен).

Ақбота
Әділқазылар қорытындыны айтқанша күз ханзадасы мен ханшайымының биіне кезек береміз.
Марапаттау.

Гүлдана
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.

Ақбота
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар … дей отырып,

Жеңімпаз топты шын жүректен құттықтаймыз!

Гүлдана
Қымбатты көрермендер! Жеңіпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.

Ақбота
Тамашалағандарыңызға рахмет, сау- саламат болыңыздар.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

2 комментария

  1. керемет, сөзінде өзіңде әдемі қыз екенсің!!!!!!!!!!!!!!

  2. керемет, сөзінде өзіңде әдемі қыз екенсің!!!!!!!!!!!!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.