"Көктем аруы" қыздар арасында байқау.

Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі Бейсекеева Ж.М.

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз-елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Жүргізуші:Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар .
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және байқауға қатысушы арулар! 22 наурыз мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы – 2013» атты сайысқа хош келдіңіздер.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)

Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

1) ………………… қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.

2) ………………. қыз білімді
Меңгерген бар ілімді

3) …………………… қыз елгезек
Алады тез тіліңді.

4)Ақша бетті ……………………
Ұқсайды хор қызына

5) ……………………… үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп

6)…………………… қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.

7)Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
……………….. да қатарынан қалмаған.

8) Атыңнан айналайын ………………… деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор өсіп  саған деген.

9) Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
……………………… алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.

10) – сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып,би де билейтін.
……………… өнерлі қызымыз.

Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. __________________________________________________________
2. __________________________________________________________
3. __________________________________________________________
4. __________________________________________________________

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.

1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін-өзі таныстырады. (5 мин)
2-шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3-шарт. «Ас адамның арқауы» қыздарымыз ұлттық тағым дайындайды. Осы тағамды қалай пісірді және оған қандай заттар қосылды соны айтып қорғайды.
4-шарт. «Кім жылдам?» (5 мин)
(өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
5-шарт. «Сәндік өнер», яғни бір қыз баланың шашын сәндейді де атын айтады.
6-шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
7-шарт. «Сәндік өнер» арулар өздерінің кім үлгісін көрсетеді.

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер деймін!

Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, – дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын.
Ендеше І тур таныстыру.

2 тур: Өз өнерін көрсету
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Ортаға аруларымызды шақырымыз. (1,2,3,4,5,6,7,8)

3 тур. Ас адамның арқауы. қыздарымыз ұлттық тағам дайындайды. Осы тағамды қалай пісірді және оған қандай заттар қосылды соны айтып қорғайды.

4 тур: Сәндік өнер.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз шашқа сән жасау.
Аруларымыз ортыға шығып шаш үлгісін жасайды. Ал оған дейін біз көрермендермен ойын ойнаймыз.

5 тур: «Кім жылдам»
(Әр ару өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою) 2 мин
б) Түйме қадау 2 мин

6 тур: «Сұрақ-жауап»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік. Қағаз жетонды бірінші көтерген және дұрыс жауап берген адамға 1 ұпай қойылады.

1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4, жануар тектес, өсімдік тектес, геометрия лык, космогония лык).
5. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетика лык)
6. Мал сүйегінен шығарылатын дәмі, иісі жоқ мөлдір тағам желімі, ұнтақ немесе сары түстес кесек түйіршіктер (желатин)
7. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
8. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
9. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
10. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
11. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
12. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)
13. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
14. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
15. Шыт, атлас, жібек, бархыт, левисон (синтетика) т.б. (мата)
16. Қолдан тоқылған суретті-кілем (гобелен)
17. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
18. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
19. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
20. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)
21. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
22. Картоптан жасалған ботқа (пюре)
23. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
24. Бағалы металл (алтын)
25. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)
26. Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)
27. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
28. Су моншақты(бисер) ең көп шығаратын ел (Жапония)
29. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
30. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)

Жүргізуші: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.

1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)

2. Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)

3. Қимылдаса қос шебер, қыруар-қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)
7.Төңірегі тең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп,
Жас та сиған, кәрі сиған,
Астына оның бәрі сиған. /Аспан/.

8. Бір “әліп” мұнарадай көзім көрген,
Екі “мәт”, екі “сәкін” оған ерген.
Болғанда “иа”ден камал, нұрдан гауһар,
Болады кім данышпан мұны білген. /Адам, көз, жас, екі құлақ,cөз/.

9. Бір таудың алпыс сегіз саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша түрлі өсімдіктер,
Барлығын билеп тұрған анасы бар. /Алпыс сегіз тамыр, он екі мүше/.

10. Ойласам дүние жүзі дөп-дөңгелек ,
Бір нәрсе басбармақтай болса керек.
Жалғыз-ақбасқан жерде ізі қалар,
Оны да ойламай шеш, ақылы зерек.
/Мөр/

11. Дауыстап жаһанда ақырғанда,
Баласы қайта келмес шақырғанға.
/Мылтық/.

12. Ұзын-ұзын ұз келер,
Ұзын бойлы қыз келер.
/Жол/.

13. Дорбаға тығып, бас бағын,
Байлай салдым қос жағын.
(Тымақ)

14. Ортасы күмбез,
Жиегiн көмкерген.
Етегi желкендей,
Киiм едi ол нендей?
(Кимешек)

15. Аузы бiр –
Қос құбыр.
(Шалбар)

16. Сайрайды бiр талмайды,
Әншi құс бал таңдайды.
(Бұлбұл)

17. Көл бетiнде қалқиды,
Мақта сынды үйiлген.
Үнi әсем сан қилы,
Мойны да әйбат иiлген,
Мамығын ол тарайды,
Маңғаздана қарайды.
(Аққу)

18. Қиянға қиын небiр,
Салатын ұяны.
Өткiр көзi шегiр,
Бүргенiн құртар тұяғы.
(Бүркiт)

Жүргізуші Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.

Қыздарда марапаттау.

Жүргізуші: Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс-шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.