Педагогика. Ата- аналарға кеңес.

№162 орта мектептің Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ж Опашова 2012 ж

1. Бала тәрбиесінің негізі ата- анада жатқанын естен шығармау.
2. Мектеппен тығыз байланыста болу, баланы сабақтан қалдырмау.
3. Балалардың өмірі үшін , оқуы үшін олардың рухани және қауіпсіз дамуын , адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.
4. Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз ету.
5. Мектепте сынып жетекшілерімен , мұғалімдерімен байланыс жасап, оқушының оқулықтарымен қамтамасыз етілуін ескеру.
6. Оқушы мектепке кешігіп қалмау үшін таңертең уақытылы балаларын үйден шығарып салу.
7. Жыл мезгілдерінің ауа- райына байланысты киімдерін қадағалау.
8.Үйде баланың үй тапсырмасын орындауын қадағалау.
9. Көше ережелерін сақтауға еске салып тұру.

“Отбасы- адамзат бесігін тербеткен ұя” болса баланың бас ұстазы- ата- анасы. Бала- әкеден ақыл, анадан- мейір алды. Ата- анаға баладан жақын ешкім жоқ.

Егер мектепке дейін баламен айналысуға құлқыңыз және мүмкіндігіңіз болса, онда ол мектепке оқып келгені дұрыс. 4-5 жаста оқып үйренген 7-8 жаста үйренгеннен жеңілдірек.
Баланың оқу шапшаңдығы нашар болса, төзімділікпен көмектесіңіз.

Баланың қызығушылығымен сәйкес оқуға үйретіңіз. Зорлап оқуды үйреткен бала бәрібір оны қаламай тұрады.
Балаларға ертегі айтыңыз. Үлкен балалардың өзі ұйықтар алдында ертегі, өлең айтқанды ұнатады. Бұл оларды тыныштандырып, шаршағанын басады.

Отбасы болып оқуды жиі ұйымдастырыңыз.

Балалар ата- аналарының керілдескенінен, келіспеушіліктерін көрмеуі керек. Бірақ оқыған кітаптары туралы керілдесулерін міндетті түрде көргені дұрыс.

7 мен 16 жас адам кітап оқуға қажеттілікті қалыптастыратын уақыт.

Бірге кітап сатып алыңыз , жөндетіңіз , оқығандарды талқылаңыз. Осылай баланың талғамын қалыптастырыңыз.

Құрметті ата- аналар мен әкелер , баламыздың денсаулығы мықты болғанын , ол күн шуағына бөленіп қуанғанын , өз- өзіне өз күніне жететін күнге сүрінбей , құламай жеткенін қалаймыз. Балаларымыздың тағдыр соққысына шыдап, қиындықтарға жеңгенін қалаймыз.

Егер сіз, балаңызды жақсы көрсеңіз…..

І. Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын , бала өзін елден ерек екенмін деген сезімде болмауы , басқаларды құрметтеуді ұғынуы жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген кейбір жағдайда да оны баланың өзіне сезіндіруге болмайды. Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз. Бала “бір үйлі жан өзімнің соңымнан шырқ үйріледі” – дейтін сезімде болмауы керек. Көзінше дәріптеп , мақтауға болмайды.

ІІ. Бала не талап қойса соған елпілдеп , айтқанын алып бере беруге болмайды. Өте керекті зат , ақша секілді нәрселерге келгенде қайсысының қажет емес екендігін айтып, түсіндіріп қою қажет. Өйтпеген жағдайда бала ысырапшылық әдетке дағдыланып қалады да, басқалардың еңбегін қадірлеуді білмейтін болады. Баланы өз бетіне қоя бермеңіз. Асырауды ғана біліп , тәрбиелеуді білмеу- ата- ананың үлкен кінәсі , баланың ішіп- жеу , жатып- тұру , үйрену , ойнау , бәріне тәртіп, талғам, үлгі- өнеге болуы керек”

ІІІ. Балаға жалынып жалпаймаңыз. Тамақтануы , ұйықтауы , тағы басқа бала атқаруға тиісті істерді ешуақытта жалынып істетпеңіз , еркімен атқарудың жолын, әдісін табыңыз. Балаға ара түсіп, қорғамаңыз. Сыртта жүріп өткізген кейбір істеріне ара түсіп , сөзін сөйлеуге болмайды. Әбден саралап көз жеткізгеннен кейін ғана дұрысын- дұрыс , бұрысын- бұрыс деген жөн. Ата- ананың біреуі балаға ескерту жасаған кезде, екіншісі қорғауға болмайды.

ІҮ. Баланың дербестігін тартып алмаңыз. Оның ана ісіне де, мына ісіне де алаңдап, қолынан келетін , істеуге болатын істерінің бәрін өзіңіз баурап алуға болмайды. Ондай бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ болып қалады.

Ү. Бала айбар шеккенде ықтап, көне кетпеңіз. Бала орындауға болмайтын белгілі бір орынсыз мақсатты талап етіп, жыласа немесе үзілді – кесілді шарт қойса , ырқына көне кетуге болмайды.
Баланы жақсы көру бәсекесіне түспеңіз. Баланың ата- анасы , басқа да туыс- туғандары өздерін жақсы көрсету үшін өзгелерге қайрап салу секілді әдеттерден аулақ болыңыз. Бұлай болғанда бала өзімшіл , іші тар, қызғаншақ , кекшіл болып өседі.

ҮІ. Баланы шектен тыс үйіріп кетпеңіз. Кейбір ата- ана баласын бірнеше сағат немесе бірер күн көрмесе болады, баласын көргенде бәйек болып, құрақ ұшады. Уақыт өте келе бұндай әдет керісінше нәтиже береді. Сол себепті бала бір жаққа барып, қайтып келгенде өзінің жақсы көретіндігіңді сездірмегенің жөн. Сонда жақсы көрген көңілің баланың әрекетіне айналып, үмітің зая кетпейді.

Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді

Баланы әркез келемеждеп, кекетсе ,ол оқудан жиреніп кетеді.
Бала қорқынышта жүрсе, ол қатал болуды үйренеді.
Баланы мазақ етіп күлсе, ол тұйық болып өседі.
Баланы көп тиып отырса, ол өзін әркез кінәлі сезінеді.

Баланы шыдамдыққа үйретсе, ол басқаларды тыңдай біледі.
Баланы мадақтап отырса, ол мейірімді болады.
Бала әркез қамқорлықта болса, ол айналасындағы адамдарға сене біледі.
Баланы қолпаштап , қолдап отырса, ол өзін бағалауды үйренеді.
Бала түсіністікпен , адамгершілікпен өмір сүрсе, ол қоршаған ортадан сүйіспеншілік табады.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.