1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне ұлттық фестиваль сценраийі.

№162 орта мектептің Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ж Опашова 2012 ж

Жүргізуші:  Молдахметов  Қуаныш
Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!  Оқушылар !
1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достығымыз  жарасқан !» атты ұлттық  фестивальді   бастауға рұқсат етіңіздер!
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
    1 сыныптың  «Қазақ елі»  композициясы.
   Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау –Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

Ашылу  сөз :  мектеп  басшысы : Дүйсебаев  Серік  Жаманқұлұлына беріледі.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.
Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

   Ортаға   5 сынып  қазақ ұлтының өнерін көрсету.

«Ынтымақ бар жерде бақыт бар» деген мақал сөз бар.
Ынтымақ деген таулық,достық,бірлік
Жер бетіндегі халық бір-бірімен дос,туыс,бауыр
Біздің елімізде 1- мамыр ынтымақ, достық,бірілік мерекесі болып тойланады.

 6 сынып оқушылары  украйн халқының  өнерін көрсетеді.

Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің – Қазақстан Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Тек достықпен, өзгеде ел – халықпен

7 сынып оқушылар орыс ұлтының өнерін көрсетеді.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату – тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді
8 сынып оқушылары  цыган  халқының  өнерін көрсетеді.

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді Қазақ мақалында. Бұл сөздің қаншалықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр.
Мынадай бір аңыз бар:
Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп – оңай сынады.
Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке – жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайысыңды біртіндеп құртады» – дейді.
Әрине, мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болады.

9 сынып оқушылары үнді  халқының  өнерін көрсетеді.

Біздің еліміз нәсілшілдік, ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермейді. Қазақстан Республикасындағы сан жағынан аз халықтарға қамқорлық жасау үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылған. Түрлі нәсілдерге жататын барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтығы Конституциямен қорғалады.
Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көрсетіп келеді.

10 сынып  оқушылары  өзбек  ұлтының  өнерін  көрсетеді.

Біздің еліміз нәсілшілдік, ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермейді. Қазақстан Республикасындағы сан жағынан аз халықтарға қамқорлық жасау үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылған. Түрлі нәсілдерге жататын барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтығы Конституциямен қорғалады.
Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп келеді.

«Қазақ елі  осындай»  орындайтын  11 сынып оқушысы : Әбдірашитова Ақтөре

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,
Қазағымның елін, жерін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан – байтақ еліміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз – дей келе бүгінгі  «Достығымыз жарасқан» атты  фестивалімізді   аяқтаймыз.

Өнерлеріңіз өркендей  берсін!

Презентациясы:

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.