Механикалық энергия және сақталу заңы.

Машырықова  Дариға  Оңайбайқызы Маңғыстау облысы  Бейнеу ауданы  Абай орта мектебінің  физика пәні мұғалімі

Мақсаты:
1.оқушыларға механикалық энергияны және  формуласын, қолданылу саласын, тұйық  жүйе туралы түсінік беру.
2.оқушылардыңпәнгедегенқызығушылығын,   ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
3.оқушыларды мақсатына жете білуе, физика тілінде таза сөйлеуге, сұрақтарға толық жауап беруге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, интерактивті физика бағдарламасы, арбаша, науа және механикалық қозғалысты демонстрациялауға арналған қондырғы, сығылған ауа қондырғысы,флипчарттар,слайдтар т.б
Сабақтың түрі: түсіндіру, демонстрациялық
Пән аралық байланыс: математика,  табиғат тану, биология, химия

Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі.                  Жаңа материал

Егер зат жасыл әрі қозғалатын болса  —  ол биология.
Егер сасық иіс шықса — ол химия.
Егер ол жұмыс  жасамаса— ол физика.

РЕБУС:  МЕХАНИКАЛЫҚ  ЭНЕРГИЯ

Механикалық энергияның  сақталу заңы: тұйық  жүйені құрайтын денелер арасында ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса,тұйық жүйені құрайтын механикалық энергиясы өзгеріссіз сақталады.

Энергияның  сақталу заңы: табиғаттағы энергия  жоғалмайды және  жоқтан пайда  болмайды, ол тек бір түрден  екінші түрге айналады.

Тұйық  жүйе  деп  сыртқы  күштер әрекет етпеген  жағдайда  жүйеге енетін  денелер бір-бірімен  ішкі күштер  арқылы  ғана  әрекеттесетін жүйені  айтады.

АЭС-тегі электр қуаты ядролық энергиядан өндіріледі. Сонымен энергияның үш түрінің өзара бір-біріне айналуы жүзеге асады, яғни ядролық энергия жылу энергиясына, жылу – механикалық, ал механикалық энергия электр энергиясына айналады. Станса тиісті технологиялық қондырғылар орнатылған ғимараттар кешені болып саналады. АЭС жұмысының қақ ортасында ядролық реактор тұр. Ауыр элементтер ядроларының (уран немесе плутоний изотоптары) энергия бөле отырып бөлшектенетін бақылаудағы тізбекті реакциясы осы реакторда жүргізіледі. Бөлінген энергия суды жылытумен қатар оны буға айналдырады, өз кезегінде бу алып турбиналарды қозғалысқа келтіреді де ол электр өндіре бастайды. АЭС ешнәрсе жақпайтындықтан кислород шығындамайды, жанғанда пайда болатын лас өнімдерді ауа қабатына шығармайды, ең бастысы органикалық отындар – тас көмір, газ, мұнай және басқа да пайдалы қазбалар қорын үнемдейді. АЭС жұмыс істеуі үшін аз ғана ядролық отын жеткілікті. Соған қарамастан стансаның қуаты мықты, ал өндірілетін өнім барынша арзан.

Қазақстан Республикасындағы қуат балансы мен аймақтарды дамыту болашағына қолданыстан шығарылатын энергетикалық қуаттардың орнын алмастыруды ескере отырып жүргізілген талдау нәтижесінде Маңғыстау облысында жаңа энергия көзін салу қажет деп табылды. Бүгінде Маңғыстау өңірін энергиямен қамтып отырған бірден-бір қуат көзі құрамында газбен жұмыс істейтін үш жылу-электр орталығы (ЖЭО) бар МАЭК-Қазатомөнеркәсіп саналады. 2015-2016 жылдарға қарай ЖЭО-1 және ЖЭО-2 техникалық ресурстарының толық түгесілуіне байланысты қолданыстан шығарылуы керек. Сонда аймақты энергиямен қамту үшін тек ЖЭО-3 қалады, ал оның қуаты жетпейді. ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің энергия балансына сәйкес, Маңғыстау облысында энергия тұтынудың болжанған сұранысын қамтамасыз ету үшін 2030 жылға дейін қуаты 900 МВт төңірегіндегі жаңадан ірі базалық қуат көзін салу, 2015 жылдар деңгейінде оның бірінші энергоблогын тиісті электр желілік құрылыстарымен қоса іске қосу қажет. Қолданыстан шығатын қуаттарды алмастыруды, сондай-ақ оларды арттыруды қамтамасыз ету бойынша орындалмаған жағдайда 2016 жылға қарай электр өндіруші қуаттардың жеткіліксіздігі сезіле бастайды, мұның өзі Ақтау өңірі ғана емес, бүкіл Маңғышлақ түбегі тұрмыс-тіршілігінің барлық аспектілеріне теріс әсер ететін болады. Ендеше, өңірге кеміп бара жатқан қуаттардың орнын толтыратын және электр энергиясына деген өскелең сұранысты қанағаттандыратын жаңа қуат көзі керек. Аймақта электр энергиясы тапшылығын болдырмау үшін бұл жобаны ертек қолға алған абзал.

Қада қағатын массасы 500 кг дәу балға 10м биіктіктен түсіріледі. Оның 4м биіктіктегі потенциалдық энергиясы неге тең болады? Оның істеген жұмысы неге тең?Бер:               шешуі:              есептелуі:
H= 10м         En= mgh = 500 кг*10Н/кг*4м = 20000 Дж
m=500 кг       А= mgH – mgh = mg (H-h)
h=4м
g=10Н/кгА= 500 кг*10Н/кг*(10м-4м)  =30000Дж

Т/к:  Еп;А-?

Есепті шығар.Жер бетінен  10м биіктіктегі  балконнан 0,5 кг  доп көкжиекке параллель 10 м/с жылдамдықпен лақтырған жерге түсер кездегі доптың механикалық энергиясы

Бер;                    Шешуі;               Есептелуі;
һ=10 м         Wр= mgһ          Wр=0,5 кг·10 н/кг·10 м=50 Дж
m=0,5 кг      Wк=Wк = = 25 Дж
10м/с     W= Wр+ Wк                    W=50 дж+28 дж=75 Дж
Т/к:   W-?

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Автордың тағ ы бір сабағы: Тарнсформатор.

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.