Физика. Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы.

Машырықова  Дариға  Оңайбайқызы Маңғыстау облысы  Бейнеу ауданы  Абай орта мектебінің  физика пәні мұғалімі

а) Білімділік  мақсаты:оқушыларға механикалық  жұмыс  және нақты жұмыстар  жөнінде  кеңінен мағлұматтар  беру.
ә) Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды танымдық және практикалық іс-                                    әрекетте  дұрыс  әдіс-тәсіл  жасауға үйрету. Еңбекке  ынталылыққа  және қиындықтарды  жеңуде ұқыптылыққа  , табандылыққа, үйрету.
б) Дамытушылық мақсаты: Физикалық   теориялардың, олардың элементтерінің,  ұғымдардың модельдерін, заңдарын қолдану,   шекаралары туралы білімді қалыптастыру.  Эксперименттер жүргізуге икемдерін дамыту
Сабақтың әдісі:  Деңгейлеп  оқыту
Сабақта қолданылатын техникалық құралдар: Интерактивті тақта, интерактивті физика бағдарламасы, электронды оқулық, ноутбуктер, ребус, слайдтар, флипчарт т.б
ПАБ:  табиғат-астрономия, биология, бүгінгі  өмірмен

Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру
Үй тапсырмасы. Қайталау сұрақтары. Электрондық  оқулықтағы  25  сұраққа  жауап беру  керек.
Жаңа материал: ЖҰМЫС
Тұрмыста  және техникада жұмыс деген  ұғым жиі қолданылады. Мысалы, аққан су мен  соққан желдің де,құмырсқа мен бал арасынын да жұмысы туралы айтуға болады. Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда  атқарылған жұмыс механикалық жұмыс деп аталады. Денені қозғалту үшін оған басқа дене белгілі бір күшпен әрекет етуі керек. Түсірілген күштің бағыты дененің  қозғалу  бағытына  сәйкес келсе, онда оның орнын ауыстыруы жүрілген жолға  тең болады. .Сондай-ақ дененің орын ауыстыруы өскен сайын атқарылатын жұмыс та өсе береді. Мұндай пайымдау күнделікті өмірлік тәжірибеден  туындайды.

Сөйтіп, дененің  қозғалу бағытында әрекет ететін  күштің механикалық  жұмысы күшке де,жүрілген жолға да тура пропорционал өседі.

Жұмыс = күш* жол
Жұмыстың өлшем бірлігіне  1 Н күштің 1 метрге жылжытқандағы  жұмысы алынады.
1 килодж=10 3 Дж1 милли Дж= 10-3Дж
1 микроДж =10-6 Дж1 МегаДж= 10 6 Дж

A=F*s     F=A/s     s=A/F

Деңгейлік  тапсырмалар:

Сұрақ

Жауап  “ Ия, жоқ ”

1

Күш – векторлық шама

2

м/с – жолдың өлшем бірлігі

3

Деформация –жайылу, таралу.

4

Дене пішінің емесе өлшемдерінің  өзгеруін деформация деп аталады.

5

Күш  ньютон (Н) деп аталатын бірлікте өлшенеді

6

Деформация түрлері:  серпімділік, ауырлық,үйкеліс

7

Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

8

И.Ньютон  грек  ғалымы

9

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық  деп аталады .

10

Күш  Ғ әрпімен белгіленеді.

Күштің түрлері Анықтамасы Формуласы
1 Ауырлық күші Денелердің жерге тартылу күшінайтамыз. F = mg
2 Серпімділік күші Дененің пішіні мен көлеміөзгергенкездепайдаболатынкүштіайтады. F = k I
3 Үйкеліс күші Денелер тікелей жанасқандапайдаболатынкүштіайтады. F = μN
4 Теңәрекеттікүш Денеге бір мезгілде әрекетететінбірнешекүштіңәркетіндейәрекетжасайтынкүшті айтамыз. F= F1+F2

F=F2-F1

Аударма сөз Термин сөз орналасуы
1 Жайылу, таралу Диффузия Бірінші әріп Д
2 Күн Гелий Екінші әріп Е
3 Табиғат Физика Бірінші әріп Ф
4 Жұлдыз Астрономия Бесінші әріп О
5 Қоңырқай Сатурн Төртінші әріп Р
6 Аңырақай Марс Бірінші әріп М
7 Қыдырма,кезбе Планета Үшінші әріп А
8 Жер Геоцентр Төртінші әріп Ц
9 Есекқырған Юпитер Үшінші әріп И
10 Әрекетсіздік, қозғалыссыздық Инерция Жетінші әріп Я

2-деңгей

1. Денеге  әсер етуші  күш 24 Н және орын ауыстыру 2 м болса, бұл жағдайда  жұмыстың шамасы қандай?

2. Атқарылған  жұмыс  20  кДж, көтергіш кран салмағы 1000 Н жүкті бірқалыпты қандай  биіктікке   көтереді?

3-деңгей

28-жаттығу.

Машина  72 км/сағ жылдамдықпен  бірқалыпты  қозғалып келеді. Моторының  тарту  күші  2000 Н  болса, онда ол  10 с-та қанша  жұмыс  атқарады?

2.Массасы 4 кг денені горизонталь жазықтықта осы жазықтыққа  параллель әсер ететін  күшпен 12м қашықтыққа орын ауыстырғанда  үйкеліс  күшінің  жұмысы неге тең? Үйкеліс  коэффициенті  0,5.

Бекіту.
Қорытындылау
Үй тапсырмасы
Бағалау.

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.