Бастауыш. Тіл дамыту. Тақырыбы: Отбасы.

Алматы облысы Ақсу ауданы Қуат Терібаев атындағы орта мектебінің, мектепке дейінгі шағын орталығының «Аққу шағын орталығының» тәрбиешісі Дәуренбекова Алмагул Құмарқызы.

Отбасы – шағын мемлекет.  Сондықтан одан берілетін тәрбие мен әдет – ғұрып, дәстүрдің сақталуы еркше мәнге ие. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат, азаматша тәрбиеленеді.

Бала ата – әженің, әке мен шешенің тәлімін көріп бой түзейді.жақсылықты да, жамандықты да отбасынан алады. Олар барлығын көзбен ұғады. Сондықтан ата – аналардың ісі мен сөзінде сәйкестік болуы шарт. Отбасы үйлесімдігі тағылымды тәрбиеде деп түсінемін.

Әрбір отбасы – шағын мемлекет сол отбасында өз баласын мейірімділікке , имндылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты балып шыға келеді. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата – ана әуелі баласына өздерін сыйлап құрметтеуді, өзгелерге , әсіресе үлкендерге , сыпайылық танытады , ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер – азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған .

Мақсаты :

– Отбасы мүшелерімен таныстыру .

Отбасы мүшелері: ата, әже, әке – шешесінің атын атап айтуға үйрету. Үлкенді құрметтеуге, отбасына деген сүйіспеншілікке баулу.

– Диалог түрінде сөйлесе отырып тілін дамыту, сөдік қорын молайту, сөздің дыбыстық жағын дұрыс айта білуге жаттықтыру .Үй ішіндегі адамдармен сөйлесе білу.

– Өздігінен шешіну дағдыларын, киіну, қимыл – қозғалыс әрекетін қалыптастыру.

Көрнекілік құралдар:

Отбасы мүшелерінің суретері.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар орнымыздан тұрып, үлкен жылулық шеңберін құрайықшы. Қане, балалар, біздің отбасымызда әке – шешеміз, ата – әжеміз қандай жылы сөздер айтып еркелетеді? Соны еске түсіріп, бір – бірімізге күміс күлкімізді сыйлап , жылы сөздер айтайықшы.

Негізгі бөлім:

Қане, балалар орнымызға отырайық. Балалар тақтадағы суреттен кімді көріп тұрсыңдар? Қалай атауға болады?

– Әке – шешеңнің аты қалай ?

– Ата – әжелерің бар ма?

– Сендерді бала бақшаға кім ертіп әкеледі?

– Ата – әжелерің сендерді не деп еркелетеді?

– Сендердің отбасыларңда қанша адамдар бар? Кәне балалар атап айтайық .

Балалар өте жақсы енді мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, сендер мұқият тыңдап жұмбақтың шешуін тауып көрейік.

«Өзі мейірімді , шашы ағарған,кешкісін ертегі айтып береді және шүлық тоқиды» бұл кім балалар! (Әже) екен балалар.

Қалай білдіңдер балалар?

– Өйткені менің әжем кешкісін ертегі айтып береді ,маған шүлық тоқиды.

Ал сендердің әжелерің не істей алады?

Келесі жұмбағымызды шешейік балалар.

«Үйдегі барлық ауыр жұмысты істейді,егістікте трактормен жер жыртады» Ол кім? (Әке)

Ал сендердің әкелерің қандай қызмет атқарады.

Сергіту жаттығуы.

Ойын «Кім жоқ ?»

Мақсаты : Балапанның есте сақтау қабілетін дамыту.

Шарты: Енді орындықтарыңа отырыңдар . Қане балалар мен тақтаға жанұя мүшелерінің суретін ілемін, сендер мұқият қарап отырыңдар. Мен бір суретті алып отырамын .Кімнің суреті жоқ екенін табыңдаршы?

– Балалар үйдегі ата – әжемізге арнап өлең жатап алайықшы. Мен мәнерлеп оқып беремін ,сендер мұқият қайталаймыз.

Әже Атаға

Әжемдей данадан, Аппақ күміс сақалы,

Ертекке қанамын. Жақсы көрем атамды.

Шақырса даладан, Шахматтан ол бүгін,

Жүгіріп барамын. Менен тағы мат алды.

Бекіту: Балалар біз бүгін кімдер жайында әңгімелестік.

Балалар : Отбасы жайында.

Тәрбиеші : Отбасы жайында не айтасыңдар ?

Балалар : Ол менің жақын, жақсы көретін адамдарым.

Қорытынды:

«Отбасы шағын – мемлекет» деген сөз бекер айтылмаған.Сол айтқандай, тәуелсіз Қазақстан болашағының іргетасы әрбір үйде қаланады, еліміздің экономикалық әулеті әрбір отбасының байқуатылығынан бастау алады.Дені сау, толыққанды байқуатты отбасы – қоғамымыз бен мемлекетіміздің берік тірегі болат деген сеніміміз бар.-дей келе «Аққу шағын орталығының»Отбасы атты сабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп – көп рахмет.

Балалар:  Сауболыңыздар.

 

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.