Биология. Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

Алматы облысы, Ақсу ауданы Көкөзек ауылы Қуат Терібаев атындағы орта мектебі Биология пәнінің мұғалімі Жүнісбекова Ғалия Жүнісбекқызы.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: көп жасушалы жәндіктер менжануарлар дүние тармағымен  таныстыру, ішекқуыстылар типімен таныстыру.
Міндеттері:
 Білімділік: Көп жасушалы жәндіктер туралы түсінік қалыптастырып молайту, ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру.
Тәрбиелікі: білім алушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының  рөлін түсіндіру.
Дамытушылық: білім алушылардың  ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту.  Салыстыру және қорыту біліктілігін дамыту.
Құрал-жабдықтар:интерактивті тақта, электронды көрсетілімдер.
Сабақ түрі:  жаңа сабақ
Сабақ әдісі:

  1. Сұрақ-жауап.
  2. Әңгіме-дәріс
  3. Кестемен жұмыс.
  4. Топтастыру
  5. Тірек-сызбамен жұмыс
  6. Сөзжұмбақ

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру,журналға белгілеу;
ә) сынып бөлмесі  мен оқу жабдықтарынының сабаққа даярлығын   байқау.

ІІ.Кіріспе.
Көп жасушалы жәндіктер мен жануарлар туралы, дүние тармағы жайлы айтып өту.

ІІІ.Негізгі бөлім.
Жаңа сабақты меңгеру.

Белгілері

Гидра

Медуза

Актиния

Дене пішіні және оның құрлысы

Цилиндр, бөшке тәрізді. Денесі екі қабатты қапшықша ұқсас, аузы, ішек қуысты, табаны, қармалауыштары болады

Қолшатыр тәрізді жиегінде төмен қарай салбыраған қармалауыштары бар екі қабатты қапшық тәрізді, аузы, ішекқуысы бар

Цилиндр, бөшке тәрізді. Екі қабатты қапшық пішінді, аузы, ішек қуысы, табаны, қармалауыштары бар

Мекен ортасы

Тоқтау немесе баяу ағатын тұщы су

Мұхиттар мен теңіздердің тұзды суы

Мұхиттар мен теңіздердің тұзды суы

Қозғалуы

Төңкеріліп адымдап қозғалады

Реактивті түрде қозғалады

Табанымен жылжып қозғалады

Қорегі жіне оны ұстау тәсілдері

Жыртқыш

Жыртқыш

Жыртқыш

Ұсақ шаяндар, жәндіктердің дернәсілдері

Ұсақ теңіз жануарлары

Ұсақ теңіз жануарлары, балық шабақтары

Қармалауыштарының көмегімен ұстап, аузы арқылы ішек қуысына түсіреді

Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып сатылай комплексті талдау технлолгиясын пайланып түсіндіру. Ішекқуыстылардың қасиеттерімен, даму тармағымен таныстыру.

—  IIШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПI
—  шекқуыстыларға тән қасиеттер:
—         Iшекқуыстылар тек су жануарлары және көбiнесе теңiздерде тiршiлiк етедi. Олардың бiрi отырыңқы және субстратқа бекiнiп, басқалары еркiн жүзiп, кейбiреулерi паразиттi тiршiлiк етедi. Iшекқұуыстылар типiне 9000 жуық түр жатады.
—         Оларға радиальдi немесе сәулелi симметрия тән (2,4,6,8 және одан да көп сәулелi симметрия).
—         Екi қабатты көпклеткалы жануарлар: денелерi екi қабаттан тұрады – сыртқы (эктодерма) және iшкi (энтодерма). Екi қабаттың аралығында – мезоглея қуысы орналасқан.
—         Эктодерма мен энтодерманың ұрық жапырақшалары көптеген клетка типiне дифференциацияланған және бұлшықет-эпителиальдi, нерв, асқорыту және жамылғы-эпительдi клетка түзедi.
—         Тек Iшекқуыстыларда ғана арнайы атқыш клеткалары бар (қорғаныш және шабуыл функциялары).
—         Iшекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуысқа сәйкес.
—         Оральдi полюсiнде қоректi жұтып, қорытылмаған затты шығаратын ауызы болады.
Газ алмасу диффузия, арқылы яғни бүкiл денесiмен жұту арқылы жүредi.
—       Зәр шығару аппараты жоқ, метаболиз заттары сыртқы ортаға эктодерма арқылы шығады.
Жүйке жүйесi, жүйке клеткаларынан тұратын тiзбектi көрсетедi (құрылымы диффузды).
—       Бекiнiп тiршiлiк ететiн формалар жеке немесе колониялды болып келетiн полиптер келедi; еркiн жүзушi жеке iшекқуыстылар медузоидты форманы бейнелейдi.
—         Колониялды гидроидтарының функционалды дифференциациясымен байланысқан полиморфизмi көрiнедi.
—         Жыныссыз көбею сыртқы бүршiктену немесе стробиляция арқылы жүредi.
—         Жынысты көбеюде зиготадан еркiн жүзушi дернәсiл паренхимула немесе планула пайда болады, және ол субстратқа бекiнiп полиптiң дамуына бастама бередi.
—         Полипоидты ұрпақ жыныссыз, ал медузоидты – жынысты жолмен көбейедi.
—         Көптеген түрдiң өмiрлiк циклiнде полипоидты және медузоидты кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырады (метагенез). Iшекқуыстылардың әр түрлерiнде өмiрлiк циклiнде медузоидты немесе полипоидты ұрпақтың редукциясы жүредi.

—         Iшекқуыстылар типi үш класспен көрсетiлген: Гидрозоидты, Суифоидты медузалар, Маржанды полиптер.
Регенерация- зақымданған дененің қалпына келуі
Гермофродит- қосжынысты
Обелия- гидра тәріздес жәндік
Медуза- пішіні қолшатыр дарақ
Планула- (латынша) жалпақ, кірпікшемен қапталған дернәсіл
Сцифоид- “ Сцифос” табақша
Полип- отырықшы ішек қуыстылар
Риф- қаңқалар үйіндісі     Атолл- шеңберлі жар тас

IV.Жаңа сабақты бекіту.
Ішекқуыстылардың бір тобының аты

  1. Ішекқуыстылар денесінің сыртқы қабаты
  2. Ішекқуыстылар денесінің ортанғы қабаты
  3. Ішекқуыстылар дамуының бір орынға бекініп тіршілік ететін кезеңі
  4. Ішекқуыстылардың тұщы суда кездесетін түрі
  5. Ағзаның жүйке жасушалары арқылы сыртқы ортаның әсеріне қайтаратын жауап реакциясы
  6. Ішекқуыстылар денесінің ішкі қабаты
  7. Ішекқуыстылардың теңізде бір затқа бекініп тіршілік ететін түрі

V.Қорытындылау. (Жұмбақ)

VI.Бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру. Үйге Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері оқу,мазмұндау және 177-беттегі сурет салу

Check Also

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.