Excel диаграммалары. Ашық сабақ жоспары

gulbadam00-132x150Булажанова Гульбадан Куанышбековна. Алматы облысы Талдықорған қаласы орта мектеп-гимназиясы

Сабақтың тақырыбы: Excel диаграммалары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Excel кестелік процессорындағы диаграммалар  жүйесімен  таныстыру және әртүрлі типтегі диаграммалар құруды үйрету
Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды Excel кестелік процессорындағы диаграммалар  жүйесімен таныстыру және әртүрлі типтегі диаграммалар құруды үйрету
  2. Дамытушылық: Диаграммаларды тұрғызу және оларды өңдеу мен безендірудің негізгі  әдістерін компьютерлік технология көмегімен меңгертіп, танымдық қызығушылықтары мен белсенділіктерін дамыту
  3. Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылық пен мәдениеттілікке, өз бетінше еңбек әркетіне тәрбиелеу

Сабақтың түрі: саралап-деңгейлеп оқыту

Сабақтың формасы: жекелей жұмыс

Сабақтың әдісі: эвристикалық, презентациялық

Сабақтың көрнекілігі: ДК, жаңа сабаққа байланысты оқыту программасы (PowerPoint

программасында жасалған слайдтардан тұратын презентация),

карточкалар.

Программалық қамсыздандыру: MS Excel, MS PowerPoint

Пәнаралық байланыс: биология және тарих пәні

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастырушылық кезеңі.

1. оқушылармен сәлемдесу;

2. оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

3. сабақтың мақсатымен таныстыру;

4. бағалау парағы таратылады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй жұмысы өткен тақырып бойынша жасалған тест жұмысы арқылы тексеріледі. Тестің кілті соңынан ілінеді.  Оқушылар қателерін  өздері тексереді де, бағалау парағына  бағаларын жазады.

1.      Excel-97 кестесіндегі бағаналар саны қанша болады?

А) 255;

Б) 256;

В) 65536.

2.       Excel-97 кестесіндегі қатарлар  саны қанша болады?

А) 255;

Б) 256;

В) 65536.

3.      Электрондық  кесте ұяшығына қандай мәліметтер енгізуге болады? (қате жауабын көрсетіңіз)

А) графикалық объект;

Б) формула;

В) мәтін.

4.      Электрондық  кестеге формулалар қандай белгішемен басталып  жазылуы керек?

А) бөлу  белгісінен кейін;

Б)  = теңдік белгісінен кейін  ;

В) бос орыннан кейін.

5.      А1 мен С3 аралығындағы мәндердің қосындысын есептеуге арналған функцияны көрсетіңіз:

А) СУММА ( А1, С3);

Б)  СУММА (А1:С3);

В)  СУММ (А1:С3).

6.      Электронды кестенің бағаналары әдетте қалай белгіленеді?

А) латын әріптерімен;

Б)  араб цифрларымен;

В) В1, А2, W314 түрінде.

7.      Электронды кестенің қатарлары әдетте қалай белгіленеді?

А) рим сандарымен;

Б) латын әріптерімен;

В) сандармен.

8. Мына мәліметтердің қайсысын кестелік процессор  мәтін ретінде қабылданады?

А)  =СУММ (А1:С3);

Б)  А2+В2;

В) =А2+В2.

9. Microsoft Excel  кестелік процессоры қалай іске қосылады?

А) Программаы – Microsoft Excel  ;

Б) Пуск – Стандартные – Microsoft Excel ;

В) Пуск – Программы  – Microsoft Excel.

10. Ең бірінші электрондық кестелер қай жылы пайда болды?

А)  1980;

Б)   1981;

В)   1989.

Жауабы

  1. 1.       

Б

  1. 2.       

В

  1. 3.       

А

  1. 4.       

Б

  1. 5.       

В

  1. 6.       

А

  1. 7.       

В

  1. 8.       

Б

  1. 9.       

В

  1. 10.   

А

ІІІ. Жаңа сабақ.

А) Теориялық бөлім. Бұл бөлімде жаңа тақырыпты демонстрациялаудан тұрады, мұғалім жаңа тақырыпты  PowerPoint  программасында жасалған слайдтар бойынша түсіндіреді. Оқушылар мұғаліммен бірге ілесіп көріп, оқып, қажетті жерлерін дәптерге жазып отырады.

Ә) Практикалық бөлім. Бұл бөлімде оқушылардың жаңа тақырыпты компьютерлік технология көмегімен қалай меңгергендерін тексеруге арналған тапсырма беріледі.

Тапсырма.

Организмдегі судың қалыпты мөлшерінің сақталуы тірі организмнің өмір сүруі үшін қажетті жағдай.

Адам массасының 65 %-і, жануарлар массасының 50%-і, үй жануарлары массасының 59%-і, үйректер массасының 70%-і, балықтар массасының 75%-і және медуза массасының 99%-і су. Аталған организмдердегі судың проценттік мөлшерін сынадай диаграмма типтерінде көрсетіңіз:

1) діңгектік (гистограмма);

2) пирамидалық.

Тірі организмдер

Массасы (%)

Адам

65%

Жануарлар

50%

Үй жануарлары

59%

Үйректер

70%

Балықтар

75%

Медуза

99%

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекітуге деңгейлік тапсырмалар беріледі. Әр оқушы сол тапсырмалрға байланысты диаграммалар тұрғызады.

 1-деңгей.

Абылай ханның өмірі туралы деректерді енгізіп келесі диаграммаларды тұрғызыңыз:

  1. Жалпыға бірдей діңгектік (гистограмма) диаграмма тұрғызыңыз.
  2. Жалпыға бірдей пирамидалық диаграмма тұрғызыңыз.

Туған жылы

Таққа отырган жылы

Қайтыс болған жылы

1711

1771

1781

 2-деңгей

1997-2000 жылдардағы экономикалық тұтыну секторындағы баға өзгерісі төмендегі кестеде сипатталады. Осы кестедегі мәліметтер бойынша диаграммалар құрыңыздар.

1. Жалпыға бірдей конустық диаграмма тұрғыз;

2. Азық-түлік тауарларына дөңгелек диаграмма тұрғызыңыз

3. Азық-түлік емес тауарларға пирамидалық диаграмма тұрғызыңыз 

  1997 1998 1999 2000
Азык-тулик тауарлары 102,4 98,7 123,3 112,3
Азык-тулик емес тауарлары 102,1 98,7 121,4 102,7

 3-деңгей

Кестеге мәліметтерді пайдалана отырып келесі диаграммаларды тұрғызыңыз:

  1. Тек қазақтар үшін дөңгелек диаграмма тұрғызыңыз.
  2. Тек орыстар, украиндар, белорустар үшін дөңгелек.
  3. Тек басқалары үшін дөңгелек секторды құрыңыз;
  4. Диаграммадағы мәліметтерді форматтаңыз
  1939 1959 1970 1979 1989 1997

Казактар

38 30 32,6 36 39,4 50,7
Орыстар, украиндар, белорустар 51,5 52,5 51,1 48,1 43,3 37,7
Баскалары 10,5 17,9 16,3 15,9 16,3 11,6

V. Сабақты қорыту.

Ақпараттық диктант алынады.

  1. Мәлiметтердi көрнекi түрде бейнелеудiң бiр тәсiлi (диаграмма).
  2. Диаграмма түрлері (стандартты, стандартты емес)
  3. Диаграмманы орналастыру қадамы (4 қадам)
  4. Диаграмма шеберін іске қосу командасы (Вставка – Диаграмма)
  5. Диаграмма аралығын тағайындау қадамы (2 қадам)
  6. Диаграмма типін және түрін таңдау қадамы (1 қадам)
  7. Диаграмма типтерінің саны (14)
  8. Диаграммаға қосымша түсініктемелер мен элементтер енгізу қадамы (3 қадам)
  9. Ақпаратты ұяшыққа енгізу батырмасы (Enter)
  10. Электрондық кестедегі қатар саны (65536)

9-10 дұрыс болса – «5»

7-8 дұрыс болса – «4»

6-дан төмен қарай болса – «3»

4-тен төмен қарай – «2»

VI. Оқушыларды бағалау.

Өздері қойған бағалау парағындағы бағалары бойынша қорытынды баға шығару

 VII. Үйге тапсырма

187-194 – бетке дейін конспектілеп, оқып келу және осы мектептегі тек 8 сыныптардың  ұлттық құрамын анықтайтын диаграмма жасауға арналған мәліметтер кестесін дайындап келу (дәптерге)

 

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.