Windows терезелері.Терезелердің құрылымы мен элементтері. 7 сынып

zhannabaim00-150x150Баймуратова Жанна Батырбеккызы. Информатика пәні мұғалімі, Алматы облысы Талдықорған қаласы №14 орта мектеп-гимназиясының

Сабақтың тақырыбы: 
Сабақтың  мақсаты:         Оқушылар терезелердің құрылымы мен элементтерінің мүмкіндіктерін сабақта қолдана білу.
Сабақтың  міндеттері:    
1. Windows  терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару  тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру
2. Оқушылардың Windows терезесі ұғымын, меню қасиеттері мен анықтамасын, терезенің негізгі элементтерін, құрал-саймандар тақтасын қолдана білу қабілет-дағдыларын  дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі:                 Дәстүрлі
Сабақтың типі:                 Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері:                Практикалық жұмыс, ойын, крассворд, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекіліктер:                 ДК, ИТ, карточкалар
Пәнаралық байланыс:        ағылшын тілі

Сабақтың барысы:

  1. I.    Ұйымдастыру кезеңі
  1. Оқушыларды түгендеу
  2. Журнал толтыру
  3. Оқушылардың назарын сабаққа бұру

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Windows XP операциялық жүйесі дегеніміз не?
  2. Windows объектілері дегеніміз не?
  3. Маустың оң және сол жақ қызметтерін ата?

Оқулық 7 сынып, 56-64 бет.

III. Сабақтың жоспары:

  1. Білім – оқу анасы (жаңа тақырыпты түсіндіру).
  2. Кім жылдам (компьютермен жұмыс).
  3. Қызықты сұрақтар (тапсырма орындау).
  4. Білсең де тексер (сөзжұмбақ шешу).
  5. Оқыған жетер мұратқа (тест жұмысы).

Интерактивті тақтамен жұмыс

Білім – оқу анасы(жаңа тақырыпты түсіндіру).

ТЕРЕЗЕЛЕР.

Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі терезе болып табылады. Windows операциялық жүйесінің бұлай аталуы тегін емес, оның қазақша аудармасы «терезелер» дегенді білдіреді. Терезе – Windows ортасының негізгі ұғымы.

Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аймағы. Онда объектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.

Терезелерді көрсету нұсқалары

Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі бар:
–          толық экранды – терезе жайылған және тұтас экран бетін алады (жұмыс үстелі);
–          қалыпты – терезе экранның бір бөлігінде орналасады;
–          белгіше – терезе белгіше түрінде «жинаулы» болады;

Терезелердің көрсетілу нұсқасын өзгерту үшін, оның белгішелері бар тақырыптар
зонасының оң жағындағы батырмалар қолданылады:
–          терезені есептер тақтасындағы жазуға  жималау;
–          терезені толық экранның бетіне жаймалау;
–          терезені жабу (қолданбаның жұмысын аяқтау).

Терезедегі тақырыптар жолының сол жағында терезені тұтас басқаруға арналған жүйелік менюдің батырмасы бар. Бұл менюде тақырыптың батырмаларының функциясын қайталайтын командалар бар. Терезені көрсетудің қалыпты нұсқасында терезенің көлемін мауспен жылжытып немесе пернетақтаның көмегімен терезенің тік көлбеу мөлшерін немесе бұрышын өзгертуге болады. Қалыпты нұсқада белгішелер мен терезелерді экран бойынша жылжытуға болады.

Активті терезе

Қай уақытта болсын бір ғана тереземен жұмыс істеуге болады, ол активті деп аталады. Активті терезе әрқашан басқа терезелерден  жоғары орналасады және оның тақырыбы түспен ерекшеленген. Егер экранда активті емес терезенің ең болмаса бір бөлігі көрінсе, оны мауспен шерту арқылы активті қалыпқа келтіруге болады.

Меню
Меню-бұл одан қажетін таңдауға болатын қандай да бір объектілер тізімі.

Қолданбалармен жұмыс істеу.

Кез келген қолданба бөлек трезеде орындалады, ол экранның жартысын немесе экранды толығымен алуы мүмкін. Қолданбалы бағдарламаны іске қосу  – қолданба терезесін ашуды білдіреді. Қолданбаның терезесін жабу – бағдарламаның жұмысын аяқтауды білдіреді. Бір уақытта бірнеше қолданбаларды қатар орындауға болады (әрқайсысы өзінің терезесінде) және пайдаланушы маустың көмегімен бір терезеден екінші терезеге оп-оңай ауыса алады.

2.Кім жылдам (компьютермен жұмыс).

 Қызықты сұрақтар (тапсырма орындау).

Түрі Жою
Қиып алу Кірістіру
Бір деңгейге жоғары өту Орындатпау
Алға қарайөту Көшіру
Кері ауысу Іздеу

Білсең де тексер (сөзжұмбақ шешу).

 ТЕРЕЗЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

10

ш е к а р а л а р
қ а п ш ы қ қ а

9

а у ы с у
қ а л ы п  – к ү й

8

ж о л ы
а й н а л д ы р у

7

ж о л а ғ ы
б а с қ а р у

6

б а т ы р м а л а р ы
қ ұ р а л с а й м а н д а р

5

т а қ т а с ы
ж ұ м ы с

4

а л а ң ы
т а қ ы р ы п

3

ж о л ы
ж ү й е л і к м е н ю

2

б е л г і ш е с і
м е н ю

1

ж о л ы
  1. Оқыған жетер мұратқа (тест жұмысы).

ТЕСТ ЖҰМЫСЫ

1.     Информатика . . . зерттейтін  ғылым

А) Ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрылығыны
Б) Ақпараттық процестер
С) Ақпараттық қасиеттер
Д) Компьютер құрылғыларын

     2.  Ақпаратты алу, сақтау, түрлендіру және жіберу . . . деп аталады.
А) Ақпаратты өңдеу
Б) Есептеу
С) Ақпаратты  процесс
Д) Информатика

     3.  Ақпаратты шығару құрылғысы  . . .  болып табылады.
А) Сканер
Б) Монитор
С) Процесор
Д) Пернетақта

     4.  Сыртқы жатқа нелер жатады?.
А) Принтер, монитор, диск
Б) Флешка, монитор, дискета
С) Процесор, дискета, флешка
Д) Дискета, диск, флешка

 5.  Динамикалық меню маустың қай жақ батырмасын басқанда шығады.
А) Оң
Б) Сол

     7.  Жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ?.
А) Бума
Б) Тақта
С) Монитор
Д) Терезе

 8.  Терезе түрлері нешеу?.
А) 3
Б) 4
С) 5
Д) 6

     8.  Терезелерді жабудың неше тәсілі бар?.
А) 3
Б) 4
С) 2
Д) 1

     9.  Бір ашық терезеден екінші терезеге . . . өту керек
А) Тапсырмалар үстелінде керекті терезенің батырмасын басып
Б) Бастау батырмасын басып және керекті терезені таңдап
С) Файл мәзірін ашып  және керекті терезені таңдап
Д) Түр мәзірін және керекті терезені таңдап

     10.  Жұмыс үстелінде стандартты түрде қандай қосымшаларының белгішелері орналасады?
А) Менің компьютерім, себет құралдар үстелі
Б) MS Word, MS Excel, желілік орта
С) MS Word, MS Excel, шығару батырмасы
Д) Менің компьютерім, себет, тапсырмалар үстелі, желілік орта, Internet Explorer, бастау батырмасы

IV) Үйге тапсырма Оқулық 7 сынып, §3.2 (68-82 бет)
Windows  терезелері. Терезелердің құрылымы  мен элементтері.
V) Оқушыларды бағалау

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.