«Информатика пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік бетті құрастыру.

Сералина А.Е. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Петропавл.

Аға оқытушысы К.Е. Икласова

The developed technique completely covers the basic topics of the subject and meets all requirements for organizations developing textbooks, manuals, teaching-methodical complexes. The technique is intended for teachers of Informatics and the training tools can be used as a study aid for students.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны [1].
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады [2].
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп [3].
Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу–тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру мектеп ұстаздарының, басшылықтарының, педогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептеймін.
Ақпараттық технология – өзінің мәнділігі жөнінен өте әділ де шындыққа негізделген үрдіс. Демек, ХХІ ғасыр әрбір адамның өз мүмкіндігінше білімін пайдалануға кең өріс ашқан технология құралдармен жұмыс істеуге мол мүмкіндік туғызған ғасыр болып отыр.
Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының жадына, эмоциясына, ынтасына, әсер ете отырып, оның интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге көмектесіп, оқушының танымдық және жұмысының өнімділік әрекеттерін қайта құру шарттарын қалыптастырады. Қазіргі кездегі мұғалімнің ақпараттық іс-әрекеті де ақпараттық қоғам құрудағы негіздемелердің бірі болып табылады. Мұғалімнің өз жұмысында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалана білу оның кәсіби біліктілігінің маңызды бөлігіне айналып, педагогтың ақпараттық мәдениетін анықтайтын факторға айналды [4].
Қазіргі кезде ақпараттық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Соңғы жылдары ақпараттық технологиялар саласында ауқымды ілгерлеу байқалып отыр. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар, мультимедиялық призентация жасалынуда, интернет және интерактивті тақта қолданылуда. Енді осы мүмкіндіктерді тиімді қолданып әдіс тәсілдерін мұқият меңгерген дұрыс.
Осындай мүмкіндіктерді тиімді қолдана отырып: информатика пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік бет құрастырылды.
Әдістемелік бетті құрмастан бұрын оған сәйкес келетін талаптарды бөліп алған дұрыс: пайдаланушыларды бөлу; деректер базасы кестелерін бағдарлама әкімшілерінің өңдеу мүмкіндігі; ыңғайлы пайдаланушы интерфейсінің болуы. Әдістемелік бет құрылымын өңдеу қажет.
Әдістемелік бет құрылымы:
 негізгі бет – әдістемелік бет туралы жалпы ақпарат;
 оқу бағдарламасы – Информатикадан 7-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы;
 тақырыптық күнтізбелік жоспар – мемлекеттік стандартқа сәйкес 7-11 сыныптарда информатиканы оқытуға арналған тақырыптық күнтізбелік жоспарлар;
 сабақ жоспарлары – тақырыптық күнтізбелік жоспарға сәйкес аптасына 1 сабақтан, барлығы әр сабаққа 34 сабақтық жоспары ;
 тесттер – 7-11 сыныптарға бағдарламасы сәйкес 6 тақырып бойынша қорытынды, қайталау тест тапсырмалары;
 сыныптан тыс жұмыстар – «Алтын қақпа», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Жұлдызды сағат», тақырыптарындағы сыныптан тыс жұмыстардың жоспарлары;
 сөздік – Ақпараттану мен есептеу техникасы терминдерінің орысша-қазақша-ағылшынша сөздігі;
 байланысу – әдістемелік бетті өңдеуші туралы жалпы мәлімет.
Әдістемелік беттің дизайнын өңдеу өте қиын және көп еңбекті қажет етеді. Әдістемелік бетті безендіруде, қаріп өлшемдері мен түстерді таңдағанда әлеуметтік және педагогикалық аспектілерге сүйену қажет. Әдетте әдістемелік беттің жоғарғы бөлігіне әдістемелік бет атымен үйлесетін логотип орналастырылады. Мәтіндік ақпарат ортада, навигация сол жағында, пошталық адрес төменгі бөлігінде орналасуы тиіс. Әдістемелік беттің php-кодын бағдарламалау үшін Adobe Dreamweaver CS3 web-беттер редакторы қолданылды. Визуалдық бағдарламалау мүмкіндіктерінің арқасында тіпті бір жол кодты енгізгеннен кейін де әдістемелік беттің бейнесін көре беруге болады. Нәтижесінде дизайн келесідей болып шықты:
1) жобалау кезінде бейтарап, ашық түстер таңдалды;
2) жоғарғы бөлікте әдістемелік беттің тақырыбы орналасқан;
3) навигация әдістемелік беттің сол жақ бөлігінде;
4) экранның ортасында беттің негізгі мәні орналасқан;
5) төменгі бөлігінде өңдеушінің пошталық адресі көрсетілген.
Әдістемелік беттің сызбасы оның жалпы сыртқы бейнесін ұсынуға көмектеседі. Ол беттер арасындағы байланысты көрнекі етіп көрсетеді. Егер әдістемелік беттің құрылымы дұрыс болса, онда онымен жұмыс істеу жеңіл болады. Сызбада әдістемелік беттің навигациясын, оның ішіне қандай бөлімдер кіретінін көрсету керек. Өңделген әдістемелік бет екі негізгі бөліктен тұрады: пайдаланушы және әкімшілік. Пайдаланушы немесе «көрнетін» бөлік жалпы пайдалану үшін арналған, әдістемелік беттің жеке жұмысын қамтамасыз ететін файлдар жүйесінен тұрады. Әкімшілік немесе «көрінбейтін» бөлікке өз кезегінде тек сайтты өңдеушінің ғана рұқсаты бар.
Жұмыста пайдаланушы (көрінетін) бөлікті жобалау, әдістемелік беттің құрылымдық сызбасы және оның барлық жұмыс істеу принциптері қарастырылып, сипатталатын болады. Төменде пайдаланушы (көрінетін) бөліктің құрылымдық сызбасы 1 суретке сәйкес көрсетілген.
Сурет 1. Пайдаланушылар бөлімнің құрылымдық сызбасы

Сызбада көрініп тұрғандай әдістемелік бет негізгі беттен, оқу бағдарламасынан, тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сабақ жоспарларынан, тесттерден, сыныптан тыс жұмыстардан және байланысу сілтемелерінен тұрады. Әдістемелік бетке жалпы тақырыптық күнтізбелік жоспарға сәйкес құрастырылып, өңделген 34 сабақтың жоспары, олимпиадалық тест жұмыстары және де 3 тақырып бойынша сыныптан тыс жұмыстар енгізілген..
Әдістемелік беттің жұмыс істеу принципі сызбадан көрініп тұр, тышқанды қандай да бір сілтемеге шерте отыра, сол бетке өтеміз. Негізгі бетте сайт туралы қысқаша кіріспе сөз айтылған, сайт информатика пәнінің мұғаліміне арналған. Негізгі бет (index.php атты файл), жүктеуші бет болып табылады. Әдістемелік бет негізгі беттен басқа тақырыптық күнтізбелік жоспардан (takirip.php), сабақ жоспарларынан (sabak.php), тест тапсырмаларынан (test.php), сыныптан тыс жұмыс жоспарларынан (synyptan_tys.php),сөздіктен (sozdik.php) тұрады. Навигация сайтты пайдаланушыларға логикалық блоктарды толық көруге мүмкіндік береді. Олар көп экрандық орынды алмауы үшін қысқа болуы тиіс. Бұның бәрі берілген әдістемелік беттің әр бір бетінде бар. Айырмашылық тек беттің ортасында орналасқан мәтінде ғана болады. Негізгі бет төменде 2 суретке сәйкес көрсетілген.

Сурет 2. «Негізгі бет» көрінісі
Қорыта келе әдістемелік беттен информатика пәнінің мұғалімдері өздеріне қажетті сабақ жоспарларын, тест жұмыстарын және де тағы басқа көптеген ақпараттарды ала алады. Осы сияқты әдістемелік бетті болашақта тек пән мұғалімдері ғана емес, сонымен қатар студенттер, яғни болашақ информатика мұғалімдері пайдаланады деп ойлаймын.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ғалымжанова М. «Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру». Информатика негіздері. №3. – А: «Мектеп», 2006. – Б.2-4.
2. Әлмұхамбетова Б.А., Ғалымжанова М.А. «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданылуы». Информатика негіздері. №5. – А: «Мектеп», 2008. – Б.17-20.
3. Ғалымжанова М.А. «Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары». Информатика негіздері. – А: «Мектеп», 2007. – Б.48-54.
4. Сұрауымбетова Р «Білім беру деңгейін көтеруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі». Информатика негіздері. №2. – А: «Мектеп», 2008. – Б.2-3.Шевчук Е.В., Кольева Н.С. Информатика. 8 сыныпқа арналған информатика оқулығы: «Мектеп» баспасы, 2008ж.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.