10-сынып. Visual Basic программалау тілі бойынша практикалық жұмыстар (ЭО).

Надирова Фарида Кенжебекқызы

Н. Илялетдинов атындағы №169 орта мектебі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы информатика пән мұғалімі

Электрондық онлайн-сабаққа өту

Электрондық оқулықты көшіріп алу бетіне өту Сабақтар – 2011

Практикалық жұмыс №1

Тақырыбы: Visual Basic ортасымен танысу. Форма (Пішін) объектісімен танысу.
«Пішінді шерту» программасын құру
Мақсаты: Пішін объектісімен таныстыру, онымен жұмыс жасауды үйрету.

Пішін қасиеттерін баптау. Жұмыстың орындалу реті:
1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар.
2. Пішін қасиетін келесідей өзгертеміз:
Объект
Объект аты
Қасиеті
Орнату
Пішін
Form1
Caption

Менің бірінші қосымшам

3. Пішінді екі рет шертіп, программалық код терезесіне көшеміз. Мұнда Click процедурасын таңдап, келесі программалық жолдарды тереміз:

Form1.Print “Пішінді шерту”

4. Қосымшаны іске қосып (F5 басамыз), пішінді тышқанмен шерткенде пішінде «Пішінді шерту» деген хабарлама пайда болады.
Пішінді әрбір шерткен сайын осы хабарлама шығады.
5. Жобаны сақтап қойыңдар. Тапсырма №1.
Пішіннің Font (Қаріп) қасиетін өзгерту арқылы терезе бетіне шығатын хабарламаның шрифтін, көлемін өзгертіңдер.
Қосымшаны қайта іске қосыңдар. программаны қарап шығу

Электрондық оқулықты көшіріп алу бетіне өту Сабақтар – 2011

Электрондық онлайн-сабаққа өту

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

3 комментария

  1. Бұл мақалада айтылған сабақтың олайн-нұсқасы жақында салынады.
    ИИЕБ.

  2. Гульмира

    Сәлеметсің Фарида Кенжебекқызы. Биылғы оқу жылынан бастап Visual Basic программалау тілін оқытуды бастадым. Мен сіздің Visual Basic программалау тілі бойынша практикалық жұмыстарыңызды (ЭО) пайдаланып жүрмін.Сіздің ЭО жұмыс істеуіме көп көмек берді. Бірақ №16 практикалық жұмыстағы есепті шығара алмадық, мына жолы қате деп шыға береді
    Shape1(i).Visible = False
    Ренжімесеңіз Графикалық редактордың Программасын маған қайта жасып жіберсеңіз.

  3. Гульмира

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.