Тақырыбы: «Менің анам – алтын».

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Мөңке би ауылы М. Тәжин атындағы орта мектебі Шағын орталық тәрбиешісі Ешмағанбетова Жеңісгүл Қорғанбекқызы.

Мақсаты:  Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер, түрлі-түсті шарлар.
Барысы:
Кіріспе:

Жүргізуші: Құрметті аналар, апайлар, балалар! 8 наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке жиналып отырмыз. Шағын орталық «Балдәурен» тобының балаларымен өткізілетін мерекмізге хош келіпсіздер!
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым.
Ана десем, әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар қасиетті аналар!

–    Ардақты аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз.
–    Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Шешуін таба аламыз ба?
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Бұл кім балалар?
Балалар: Ана, ана, ана.

Жүргізуші:
Әрине, бұл біздің аналарымыз. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Әділет:  Айналайын анашым
Әлемдегі жан асыл
Болса маған не керек
Бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым
Асқар таудай панасың
Күн көзіндей күлімдеп
Құшағыңа аласың.

Дәулет:
Ананың біз гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Айшат:
Қанаттанса балапан
Қалайынша ұшпайды
Әрбір қыз, әр балапан,
Анасына ұқсайды.
Ойлы қызы халқының
Отаным деп тұрады,
Бос жібермей әр күнін
Ана жолын қуады.

Ән: «Анашым». Орындайтындар: Әділет, Бекнұр, Жолдас.

Ақмерей:
Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсақ шаттанған,
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.

Арсен:
Айналайын анашым
Әлпештеген баласын
Еміп өскен бөбекпіз
Маматайдың мамасын.

Би: «Үнді биі».

Бекнұр:
мерекесі бүгін
Алтын анамның
Сыйлайыншы гүлін,
Жарқын даламның.
Күлімдеген көзі
Күннің нұрындай
Ұлым деген сөзі,
Ақын жырындай.

Наздана:
Мерекені қарсы алып
Мәз болады барша жұрт
Гүл ұсынып анаға
Бердім өзім ән салып.

Жолдас:
Сөздерді ең аяулы.
Жақсы көріп жаттадым,
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.

Ән: Хор. «Маматайым».

Анель:
Әр сөзіңді жаттаған.
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам!

Алмас:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Арнұр:
Ақ жүректе сақтаған
Жарқын жүзің бақ маған
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші, келші ақ мамам.

Би: «Чарлез биі».

Жоламан:
Нұрын төккен маған
Шуағымсың сен,
Айналайын мамам
Қуанышыңмен.

Нұрлыбек:
Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым, күнім дейтін.

Ән: «Ақ мамам».

Құрметті қонақтар, біздің «Менің анам – алтын » атты мерекелік ертеңгілігімізді  көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.