Баяндама: Бала және отбасы.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Мөңке би ауылы М. Тәжин атындағы орта мектебі Шағын орталық тәрбиешісі Ешмағанбетова Жеңісгүл Қорғанбекқызы.

Отбасы – адам баласының өсіп, өнер алатын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын тәрбие жұмыстарын атқаруға кіріседі.

Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні, отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей бала тәрбиесі, ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды міне-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады. Балалар үйде ата-анасының еңбектегі ісіне және сөйлеу мәнеріне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап, жағдайларын біліп отыруы қажет. Мысалы: Кейбір ата-аналар өздері жұмыстан шарашап келіп, балаларына көп көңіл бөлмейді. – Баршы, қазір қолым бос емес! – Қарашы тағы бүлдірдің? – Сенің бірдеңені үйренетін күнің бар ма? – деген сияқты ескерту, шектеу сөздерді айтуы, яғни баланың келешекте тұйық, жасық болып өсуіне әкеледі. Баланы кіналап, кемшілігін бетіне басу, басқалармен салыстыру арқылы тәрбиелеу дұрыс емес. Оның орнына балаңыздың әр ісі, қылығына түсіністікпен қарап, өз-өзінің бағалауға, өз қателіктерінен қорытынды шығаруға үйреткен жөн.

Баланы еркелетудің де жөні бар. Кейбір ата-ана балаларын шектен тыс еркелетіп жібереді. Шектен тыс еркелеп өскен бала ешкімнің айтқанына көнбейді, тек өз ойын ғана іске асырып, біртіндеп өзімшіл, өркөкірек болып өседі. Мұндай жақсы көрудің өзі баланың дұрыс тәрбиеленуіне зиянын келтіреді. Бұның нәтижесі кейін баланы да, тәрбиелеген ата-анасын да түрлі әбігерге салады. Сондықтан ата-аналар баланы әлі жас қой, есі кіргенде өзі жөнделіп кетеді деп, теріс қылықтарына мән бермейді. Негізгі баланы мектепке дейінгі шақта көңіл бөліп, әдепті бала болуына ықпал жасауымыз қажет. Туған баласын кім жек көреді. Баланы сүю керек, бірақ сүю мен ерткелетудің үлкен айырмасы бар. Сондықтан ата-аналар шектен тыс еркелетуден сақ болайық.

Балалар үйде көрген тәрбиесін мектепте алған білім тәрбиесімен толықтырады. Отбасында күнделікті болып жатқан үлкен кішілі оқиғалар ата-ананың өмірге, еңбекке көзқарасы, туыстары мен достарына ықыласы, қонақ күтуі, демалыс күнін ұйымдастыруы, баламен қарым-қатынасы барлығы балаға өз әсерін тигізбей қоймайды. Бала іс-әрекеті жағынан ата-анасына үлкенге қарап еліктеп өседеі. Ал үлкендердің үлгісі әрқашанда жағымды ыңғайда бола бермейтіні шындық. Үлкендер кей кездері орынсыз дөрекілік немесе жағымсыз мінез көрсетіп қалады. Әлі кішкентай сәби жақсы мен жаманды айыра білмейтін бала үшін ондай қылықтар балаға кері кері әсерін тигізеді. Сондықтанда баланың көзінше артық мінез көрсету, оларға орынсыз жағымсыз сөйлеуден сақ болғанжөн. Кішкентай кезінен бастап ақ бала бойында тәртіптілік пен ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу, ақиқатшылдық және адалдыққа бағыттау, өзінің мінез құлқына сын көзбен қарай білуге үйретуге тәрбиелеген дұрыс. Ата-аналардың өзара және баламен қарым-қатынасы жалпы отбасы ішіндегі жағдайдың, қарым-қатынастың маңызы зор. Сондықтан да сөз бен іс-әрекет қисындылығы зор тәрбие құралы екенін ұмытпауымыз қажет. Абайдың қара сөздерінде бала туралы «жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем, көрсем, үйренсем. Мұның бәрі жан құмары, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді». Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесінде негзгі көмекші бірдей бір ата-ана екендігі айдан анық. Бала болашағына негіз салушы ата-ана. Сондықтан ата-аналар жас ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікті жүрекпен сезінейік.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.