Музыка мен әдебиеттің байланысы.

Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы Мөңке би ауылы М.Тәжин атындағы орта мектебі Ән-музыка пәнінің мұғалімі. Төрехан Алма Әмитжанқызы.

Сабақтың мақсаты:
а) Халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан музыка мен сөз өнерінің тығыз бірлігін түсіндіру.
ә) Оқушылардың өз халқына,ұлтына,туған жеріне,ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
б) Халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып,оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі (түрі): Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлттық аспаптар , суреттер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезең:
ІІ Өтілген материалды тексеру,қорыту.

-дауыс жаттығуын жасау.
-әнді топта айту.
-жұпта орындап шығу.
-жеңіс,ерлік,батырлық туралы өлең жолдары немесе әңгіме құрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Музыка мен әдебиеттің-бір-бірімен қанаттаса,қатар өрілетін егіз өнер.
-аспаптың музыка мен проза түріндегі әдебиет.
-ұлттық музыка адамгершілікке,мәдениеттілікке,ізгі қасиеттерге тәрбиелейтін басты құрал.

Тұрмыс-салт әдет-ғұрып: бесік жыры, жар-жар, беташар, сыңсу, жарапазан жоқтау, жұбату
-өлеңді әуен арқылы жаттайтын болсақ есте тез қалады.

Жанр үлгілері: ән, жыр ,терме, өлең, толғау, айтыс, күй, дастан ,желдірме , өсиет

Батырлар жыры: Қобыланды ,Алпамыс,Ер Тарғын, Қамбар

Лиро –эпостық жырлар: Сейфүлмәлік ,Жүсіп-Зылиха ,Мұңлық-Зарлық,

-Абай атамыз дүние есігін өлеңмен ашып,жер қойнына өлеңмен кірерсің деп адам өмірін музыка мен поэзияның ерекше орын алатындығын айтып кеткен.
Әнші-композиторлар :Біржан сал , Ақан сері, Мұхит, Сүйінбай ,Жаяу Мұса ,Кемпірбай, Естай т.б

Жыраулар: Асанқайғы, Қазтуған ,Бұқар, Базар ,Абыл ,Нұрым, Ақтан т.б

Қос тізгінді қатар ұстағандар: Махамбет, Абай, Жанақ , Нұртуған, Шернияз т.б
-бір сөзбен айтсақ музыка мен әдебиет ажырамас біртұтас өнер.

ІV сергіту сәті:
Жырдан үзінді айту.Бұқар жырау «Алыстан қызыл көрінсе»

Музыкалық сауаттылық
Аспаптық музыка дегеніміз не?
Түсінік бере отырып,аспапта ойнап көрсету.
Ал,балалар,Бұқар жырау ізімен өлең шығарып көрелік!

Ұстаздың берген дәрісі,
………………… немене.

Қиындықта қол берген,
……………….. … .. немене.

Ағаштан бүршік атқаны,
… …. …. ….. …….немене.

Сабақты қорытындылау:

Суреттер сыр шертеді
1. Ұлттық музыка неге тәрбиелейді?(мәдениетке,адамгершілікке,ізгі қасиеттерге)
2. Жанр түрлерін ата?(жыр,күй,терме,толғау,айтыс т.б)
3. Әнші-композиторларды ата?(Біржан,Мәди,Әсет,Жаяу Мұса,Кенен т.б)
4. Қандай жырды тыңдадық?(Алыстан қызыл көрінсе)
5. Аспаптық музыка дегеніміз не?(аспаптарға арналып жазылған музыкалық шығарма түрлері)

Бағалау:
Үйге тапсырма беру.
Музыка мен әдебиеттің байланысы.
Сау болыңдар.
Сабақ аяқталды.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.