Баяндама: Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың өзекті мәселелері.

Төрехан Алма Әмитжанқызы музыка пәні мұғалімі Шалқар ауданы Мөңкеби ауылы М.Тәжин атындағы орта мектеп.

Жаһандану жағдайындағы бәсекеге қаблетті тұлғаны оқыту,тәрбиелеу және дамыту туралы сөз қозғамас бұрын «жаһандану»деген ұғымға тоқталып өткеніміз дұрыс болар. ХХІ ғасыр үшін маңызды осы бір терминнің біздің өмірімізденорын алғанына онша көп бола қойған жоқ.Әйтседе бұл ресей секілді алып империяның құрсауынан босаған азат ел Қазақстан үшін әлі де қыр-сыры мен құпиясы көп ұғым.Ағылшынның «dlobaliazation»сөзі әлем әдебиетінде 1980 жылдары көзге шалына бастады.Орыстар «глобализация»дейтін бұл сөз кейін қазақ тіліне «ғаламдастыру», «жиһандастыру»деп аударылған.Ал,глобализация терминінің сөздік мағынасымен қатар саяси,экономикалық,мәдени ықпалдарын қоса салыстырғанда қазақша ең бір нақты баламасының «әлемдік тұтастану»,немесе қысқаша айтқанда «тұтастану»екені аңғарылады.Глобализацияны яғни,жаһандануды экономистер,саясаткерлер,мәдениеттанушылар мен философтар әртүрлі түсіндіреді.Жақтаушылардың пікірінше әлеуметтік,мәдени,саяси және өзге де құндылықтар немесе сол құндылықтардың негізінде пайда болған жетістіктер бір мемлекеттің шекарасынан асып,күллі әлемге таралады.Таралып қана қоймай танылады,сіңіседі.Бір сөзбен айтқанда бір елдің жетістігін екінші бір ел мойындауға мәжбүр болады.Қазір ХХІ ғасыр.Интернеттің ғасыры.Оның үстіне біздің ғасыр экономика ғанаемес,білім саласынан да бәсекеге қабілеттілікті талап етіп отыр.Жаңа қоғамда жаһандық білім беру маңызыды рөл атқарады.

-Тұрақты даму үшін жаһандық білім беру –қазіргі кезеңде білім берудің басты бағыты.Өз жерінің,өңірінің,елінің қоғамдық өміріне саналы түрде қатысушыбола тұрып,дүние жүзінің жауапты азаматы болу қажет.ХХІ ғасыр проблемаларымен күресуге дайын қоғамның сындарлы мүшелерін тек осылай ғана тәрбиелей аламыз.

-Жаһандану тұжырымдамасы әлемнің компрессиясына да,сонымен қатарәлемді біртұтас дүние ретінде түйсінуді қарқындылауға да:нақты жаһандық тәуелділікке,сондай-ақ жиырмасыншы ғасырдағы жаһандық біртұтас дүниені түйсінуге де қатысты(Дж Макменом америкалық әлеуметтанушы )

-Жаһандану әлеуметтік және мәдени құрылысқа қойылатын географиялық шектеулер әлсірейтін және адамдар сол әлсіреуді барынша сезінетін әлеуметтік процесс(ағылшын М.Уотер)

-Жаһандық білім беру –бұл ерекше «метожүйе»,онда ұлттық және әлемдік білім беру саясатының мақсаттары қойылады және жүзеге асырылады,мемлекеттермен олардың білім беру жүйелері араларында тұлғаның даму мүмкіндіктерін барынша кеңейтуге бағытталған ерекше байланыстар мен қарым-қатынастар жұмыс жасайды.

-«Білім беру –бұл адамның дүниесі және ол оған лайықты болуға оған лайықты болуға ,оған енгенде адам әлемді де,оның ішіндегі өзін де жақсарта алатындай болуға тиіс»(А.М.Новиков,РБА академигі)

-Жаһантану-мәні макроәлеуметтік табиғи жүйелер болып табылатын ғылыми бағыт

-Жаһантанудың негізгі категориялары(жаһандануды пәнаралық зерттеу)

***

-Жаһантану негізінде мемлекеттердің экономикалық,саяси,экологиялық,мәдени сияқты әр түрлі бағыттардағы бірлескен жұмыс стратегиялары әзірленеді.(Рим клубының баяндамалаынан,1980-1990ж.ж )

-Өзінің өмір сүру жағдайларымен бас қатырған адамзат білім беру,оны дамыту мен жетілдіру проблемаларына баса назар аудара бастады,өйткені жаңа ғасыр қандай болатыны-ағартушы ма,әлде надандық ғасыры болама,адамсүйгіш пе,әлде қатыгездік ғасыры бола ма-тап қазір шешілуде.ХХІ ғасырда және жаңа мыңжылдықта білім беру проблемалары бүкіл дүние жүзінде басымды болмақ,өйткені солар жеке алғанда әрбір елдің және жалпы ғаламшардың келешегін айқындайды.Біздің алдымызда тек өзінің өмір сүруі мен шығармашылығын ғана емес,сонымен қатар басқа адамдардың да саналы өмір сүру қызметін қамтамасыз етуге қабілетті,білімді әрі жауапты тұлғаны тәрбиелеу жөніндегі стратегиялық міндет тұр(Данильченка В.М,доцент,Комсомольск-на-Амуре Педагогикалық университетінің ғ.д.і)

Жаһандық білім берудің мазмұны мынадай негізгі бағыттардан тұрады(кпіер;1989)

• Жүйелерді(экономикалық,саяси,экологиялық,технологиялық)зерделеу.

• Адамгершілік құндылықтарды(ортақ және әр түрлі)зерделеу

• Әмбебап проблемаларды(соғыс және бейбітшілік,адам құүқығы,қоршаған орта)зерделеу

• Жаһандық тарихы (жаһандық жүйенің адамгершілік құндылықтардың дамуы)зерделеу

Соңғы онжылдықтар ішінде оқыту сипатындағы өзгерістер жаһандық білім беру тенденциялары контексінде өтуде(м.Кларин)

• Білім берудің бұқаралық сипаты және жаңа сапа ретінде оның үздіксіздігі;

• Индивид үшін де сондай-ақ қоғамдық күтілімдер мен нормалар үшін де мәнділігі;

• Адамның танымдық қызмет тәсілдерін белсенді түрде меңгеруіне бағдарлануы;

• Білім беру процесінің тұлғаның сұраныстары мен қажеттіліктеріне бейімделуі.

 Толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.