Өзгеріске бет бұрыс.

Суюншалиева Шынар Марсқызы, Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі, информатика пәні мұғалімі.

«Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі»

Я. А. Коменский

Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Елдің елдігін сақтап, көркейтетін, басқа елмен терезесін тең етіп өркендететін, сондай – ақ болашағын айқындап та беретін осы білім беру ісі. Сондықтан да жас ұрпаққа білім беру мәселесі отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін толық қамтиды және оның әрбір мүшесін, ұстаздарды бейжай қалдырмайды деп ойлаймын.

Қазақстан мұғалімдерінің педагогикалық білімін, шеберлігін жетілдіру мақсатында Кембридждік Білім алу мен білім берудегі жаңа әдіс – тәсілдерді енгізу жобасына аяқтап, біліктілігімді арттырдым.Осы бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім.

Бұл тәсіл оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған деп есептеймін.

Себебі оқушыларды сыни ойландыра отырып шығармашылық тапсырмаларды орындауға, ойларын еркін айтуға, дұрыс шешім қабылдай білуге және тұжырым жасай білуге үйренді.

Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтап, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренді

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі біз үшін жаңалық болмаса да, осы курс нәтижесінде бағалауға деген мүлдем жаңа көзқарас қалыптасты десем қателеспеймін

Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады. Қазақстанның білім беру маңызы сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам басып келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады. Қазақстанның білім беру маңызы сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам басып келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.

. Мектепті дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет. Сондықтан жаңаша көзқарас қажеттілігі өмір талабы. Жаңа технология әдістері азаматтарды жан-жақты білімді етіп шығару үшін өте қолайлы әдіс деп ойлаймын және тәжірибеде қолданамын. Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану мұғалімді де үнемі ізденіске, шығармашылықпен еңбек етуге жетелейді. Іздену арқылы басты мәселелерді жете біліп зерттеу, жинақтау, оны насихаттау, іске асыру, оқу және тәрбие жұмысын одан әрі жақсарта берудің сарқылмас көзі.Осы курсқа өз біліктілігімді арттыруға келу мен үшін үлкен өзгеріс болды. Бізді ақжарқын жүзімен қарсы алған тренеріміз Гүлжан Жаманбайқызы және жан-жақтан келген әріптестеріммен танысып, көптеген жұмыстар атқардық. Оқушыларды ынталандыруда тәуекелге барып, олардың жауаптарын жоққа шығармай,сол қателерін өздеріне түзету арқылы жұмыстану қажеттігін,бағалау критерийлеріарқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мен үшін де, оқушы үшін детиімділігін ұғынып, аз уақыт ішінде бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып, оң нәтижелерге қол жеткізе алдым.Қорыта айта, осы жеті модулді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін,талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында.

Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді дей келе болашақтағы мақсатым:

1. Оқушылардың оқу үдерісіне қызығушылығын ынталандыру дағдыларын дамыту;

2. Жоспарлау, оқу және бағалау үдерістерін тиімді ықпалдастыру;

3. Оқушылардың жұмысын талдай және бақылай білу,

4. Жеті модулді ықпалдастыра отырып, сабақтар топтамасын жоспарлау;

5. Өзгеріске байланысты жаңа көзқарастарды тудыру

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.