Обьектілермен жұмыс істеу.

Суюншалиева Шынар Марсқызы, Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі, информатика пәні мұғалімі.

Сілтеме: Білім стандарты, пән бағдарламасы, информатика оқулығы 7-сынып,  интернет материалдары
Жалпы мақсаты:
– Обьектілермен жұмыс және  ерекшелігі
– Меню командалары, көшіру, жылжыту, өзгерту  қасиеттердін ұғындыру
Күтілетін нәтиже:
– Жаңа қапшық құру
– файлмен қапшықты салыстыра отырып,пікір айту.
Негізгі идеялар:
– оқушылардың шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі
– оқытуы мен бағалауын қалыптастыру,
– тапсырмаларды орындауда оқушылардың өмірдегі білімі мен  білетініне сүйену,
– өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру

Тапсырмалар /Wiki материалдары: Өшірілген қапшықтарды. Файлдар мен таңбашаларды қайта қалпына келтіру;

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Уақыты Мұғалім іс-әрекеті                                                                Оқушы іс-әрекеті
2  минут 1.  Ұйымдастыру,сыныпта психо логиялық ахуал туғызу. 1.  Сабаққа ынта аудару6эпиграфты тренинг арқылы табу
  2.  Ой шақыру  
5  минут 3.  Тақырып мазмұны,тақырыбы мен ой түйіні 2. Өз пікірлерін білдіреді
15 минут 4. Жетекші сұрақтар қояды 3. Талантты оқушы көшбасшылығымен тақырып  оқылып,мазмұнын ашады
5  минут 5. Оқушыларға ой тастайды 4. Тақырыптағы негізгі іс әрекеттер көрсетіледі
13  минут 6. Қорытындылау үшін тапсырма береді 5. Пікір айтылады
    6.  Ой толғау стратегиясы бойынша қорытындылайды
5 минут 7.Оқушыларды формативті бағалау арқылы ынталандырады 7.  Оқушылар өзін-өзі бағалау кестесі арқылы жұмыстарын бағалайды

Сабақтың жабдықтары:  Мультимедиялық проектор, Ақағаз, түсті маркерлер, қарындаш, сызғыш, стикерлер, өзін-өзі бағалау кестелері

Келесі тапсырмалар: Жеке портфолиоға  қапшық,  файл  туралы деректерді салу
Келесі оқу: Тақырыпты оқып, мағынасын түсіну,  практикалық жұмыстар жасау

Сабақты талдау:
1. Шағын топтар  берілген тапсырмаларды уақытында орындады.
2. Не білгені,не үйренгені  және не түйгені туралы жұптық жұмыс арқылы тұжырымдай білді.
3. Топ мүшелерінің тақырыпты түсінуге және талдауға,өз бетімен оқуға қатысуы нәтижелі болды.

Тәжірибелік сабақты бағалау:
1. Ұтқырлық:ең жақсы, нақты түсініктемені табуға ұмтылушылық болды.
2. Оқушылардың тарапынан балама  жорамал мен түсіну мүмкіндіктерін мойындадым, ынталандырып,атап өттім

Сабаққа өзгертулер енгізу: Өз ойын айту ,мазмұнды ашуда дарындылар  көшбасшылығын ұсындым, бірін-бірі оқыту         өз нәтижесін берді

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.