Иіндіктің табиғатта, техникада, тұрмыста қолданылуы.

Жағыпарова Нұргүл Сартайқызы  ШҚО. Тарбағатай ауданы, Ойшілік ауылы, «Тоғас батыр» орта мектебінің  физика пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Иіндіктің табиғатта, техникада, тұрмыста қолданылуы.
Сабақтың мақсаты: Механикалық жұмыс істеу үшін пайдаланатын әр түрлі тетіктерді әңгімелей отырып, күштерді түрлендіру үшін қолданылатын тетіктерге тоқталу.Оқушы ойын қалыптастыру.
Дамытушылық міндеті: Күнделікті тұрмыс тіршіліктегі әр түрлі тетіктер мен механизмдерді пайдалану мақсатын айта отырып, оқушы ойын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Ақыл-ой шеберлігіне тәрбиелеу. Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, тиянақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: Баяндама, түсіндіру, қорғау, диалог, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер,презентациялар.
Пән аралық байланысы:  информатика, физика, биология.
Сабақтың жоспары:
І кезең. Ұйымдастыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі.  (5 минут)
        ІІ кезең. Үй тапсырмасы:
1. Сұрақ менен, жауап сізден.
2. «Физика кереметтері»
3. «Өнертапқыштар»
4. «Ой толғау»

     ІІІ кезең. Қорытындылау.
ІY.Бағалау
Y.Үйге тапсырма.
Сабақтың  барысы:
I кезең. Ұйымдастыру
II-кезең: Үй тапсырмасы.

Кіріспе : Мұғалім.  Бүгінгі сабағымызды  Тұрмағамбет ақынның

Ақыл – тон, алдағанға тозбайтұғын.

Ғылым кен күнде өніп қоздайтұғын

Иелік екеуіне еткендердің

Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын.- деген сөзімен бастағым келіп тұр.

Сендер міне 7 сыныптың физика курсын аяқтадыңдар.  Ендеше балалар өткен тарау бойынша оқығанымызды ой елегінен өткізейік.

1. «Сұрақ менен, жауап сенен» бөлімінде сұрақтар қойылады.

2. «Физика кереметтері» оқушылар «Адамның, жануарлардың, насекомдардың денелеріндегі және табиғаттағы , тұрмыстағы иіндіктің кездесуі» туралы өздері ізденіп, таңғажайып  кереметтерді әңгімелейді.

Мұғалім: Сонымен иіндік ережесін кім ашқан?

Жауабы: Архимед ашқан.

Мұғалім : Ендеше Архимед туралы не білеміз ?

Мағжан:  Архимед- математик, механик, физик, астроном және әскери инженер болған. Архимед саны, Архимед есебі, Архимед ережесі, Архимед заңы … Архимед есімімен байланысты  ұғымдар ғылымның сан алуан саласынан кездеседі. Архимед еңбектерін әр заман өзінше сырлаған, өзінше жырлаған.

           Архимед Сицилия аралының оңтүстік жағалауына орналасқан Сиракуз қаласында туған. Сондықтанда кейде оны сиракуздық Архимед деп те атайды. Тарихи- математикалық зерттеулер бойынша бізге мәлім шығармаларын Архимед 45-55 жастар арасында жазған. Ғалым басқа уақыттарда Сиракуз бекіністерін салуды басқарған, соғыс қаруларын жетілдіру ісімен шұғылданған. Архимедәскери инженер болған, соғыс машиналары мен кемелерді жасауға басшылық еткен.

 Айша:  Иіндік ережесін Архимед тағайындаған. Бұл ереже бойынша күштен орасан ұтуға болатынын білген, яғни тиянақты тірек нүктесі

(О-нүкте) бар және әр түрлі екі иіннен (d1 ,d2 ) тұратын рычагтағы күш моменттері өзара тең болады.

Осы заңды ашқан сәтте Архимед былайша шаттанып лебізденіпті: Аспаннан аяғыма тірек нүкте бер, мен Жерді көтерем.

Ұлы тапқышкердің осы ұранды сөзіне орай иіндік ережесін «Алып Архимед заңы» деп атайды.

Архимед иіндік  заңын ашысымен, тас ататын зеңбірек ойлап тапса керек.

Соны пайдаланып Отаншыл Архимед Сиракуз қаласын басқыншылардан қорғап қалған.

Адамның дене мүшелерінде кездесетін иіндіктер туралы

Жансая: Адамның дене мүшелерінің түрліше жерлерінде де иіндіктер кездеседі. Мысалы, аяқ пен қол, жақ

Жәндіктерде кездесетін иіндіктер туралы  

Гүлжан: Жәндіктердің денелеріндегі тепе-теңдік иіндіктері тіршілік ортасына байланысты болады. Мысалы, өрмекшінің жүру аяқтары тең болады. Өзен шаяндарында /мұршалары/ актенолары тұщы суларда тепе-теңдік және сүңгу қызметін атқарады. Шыбындарда ұшу қанаттары, шегірткеде серпімді екі аяғы және ұшу қанаттары  тепе-теңдік қызметін атқарады.

Жануарларда кездесетін иіндіктер туралы

Гүласыл: Жануарлардың  денелерінде иіндіктер кездеседі.  

Өсімдіктер құрлысында кездесетін иіндіктер

Жаннұр: Өсімдіктер құрлысында кездесетін иіндіктерді қарастыратын болсақ.Дихотомиялы ойып бұтақталу кезінде өсу конусы 2 еселенеді. 2 өркен дереді тепе-теңдік сақталады.

Техникада кездесетін иіндіктер

Еркежан: Көптеген машиналарда иіндіктің әр түрлері кездеседі. Тігін машинасының тұтқасы, велосипедтің басқыштары немесе қол тежегіші автомобильдің және трактордың басқыштары қағаз басатын машинка  мен пионинаның пернелері, осылардың атаған машиналар мен аспаптарда пайдаланатын интірекке мысал болады.

Нұрбек: Сол сияқты ат арбада тепе-теңдік иіндіктің қызметін тәжбау атқарады егер де екі тәжбау тең болмаған жағдайда атқа тең түспей ат бұзылады.

        Машиналарда , тракторларда тепе-теңдік қызметін рулевой иіндік атқарады. Рулевой иіндік резбомен реттеледі Рулевой иіндік тең болмаған жағдайда басқару аппараты бұзылып авариялық жағдайлар болуы мүмкін.

        Іс машиналарындағы тепе-теңдік иіндігі үстіңгі ине жіппен астыңғы шөрік жіптің тепе теңдігі сақталады. Тепе-теңдік сақталған жағдайда іс-машиналар іс-машинасы жақсы жұмыс жасайды.  Жұмыс істеу механизмі ине маркасы 40-110 инеге дейін байланысты. Тепе-теңдік сақталмаған жағдайда не жіпті үзеді. Кей жағдайда тіпті шатыстырып шумақтайды.

Тұрмыста кездесетін иіндіктер

Мәди:  Қайшы -иіндік,бұл иіндіктің айналу осі қайшының екі жақтауын қосып тұрған бұрама арқылы өтеді. Адам қолының қайшыны қысатын бұлшық етінің күші әсер етуші Ғ1 күші болып табылады. Қайшымен кесілетін материалдың кедергісі қарсы әсер етуші Ғ2 күш болады. Қолданылған орнына қарай қайшы түрліше етіліп жасалады. Қағаз қиюға арналған кеңсе қайшысының жүзі ұзын болып келеді оның сабының ұзындығы да сондай дерлік болады, өйткені қағаз қию үшін көп күш керек емес жүзі ұзын қайшы түзу сызық бойымен қиюға арналған қайшының сабы жүзінен едәуір ұзын болады. өйткені металдың кедергісіөте зор оны теңгеру үшін әсер етуші күштің иінін едуір үлкейтуге тура келеді.әсіресе сым қиюға қолайлы Табақ металды қиюға арналған қайшының сабы жүзінен едәуір ұзын болады, өйткені металдың кедергісі өте зор оны теңгеру үшін әсер етуші күштің иінін едәуір үлкейтуге тура келеді. Әсіресе сым қиюға арналған тістеуіктің кескіш бөлігіен айналу осіне дейінгі аралығы мен сабының ұзындығының айырмашылығы одан да үлкен.

2. «Өнертапқыштар» бөлімінде оқушылар шығармашылығы қарастырылады.  Жай механизмдердің күнделікті тұрмыста қолданылуына мысалдар келтіріп , олардың үлгілерін жасап , суретін салып, сызбасын сызып келу тапсырылған.

Нұрсұлтан: Бүгінгі сабаққа таразы жасап әкелдім. Иінді таразылардың жұмыс істеу принципі айналатын дененің тепе-теңдік шартына негізделген. Таразының бір табақшасына массасы өлшенетін денені, ал, екінші табақшасына гір тастарын салып теңестірейік. Таразы тепе-теңдікте тұрғандықтан, бұл күштердің күш моменттері тең болады. Яғни: М12 немесе Ғ1d12d2 . Бұдан мынандай қортынды жасай аламыз: егер гір тастарының массасы  өлшенетін дененің массасына тең болса, онда тең иінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

        Таразыны өте қарапайым құралдарды пайдалана отырып жасадым. Оған мықты жіпті және қаңылтыр табақшалар, ұзын түзу ағаш пайдаландым.

Асылжан: Мен бүгінгі сабағыма көтергіш кран жасап келдім. Бұл кранның жәрдемімен қандай да бір жүкті оңай көтеріп, қалаған жерімізге қоюымызға, тік көтеруімізге болады. Бұл кранды қарапайым құралдардан жасадым.  Жылжымайтын блок пайдаландым.Ол күштен ұтыс бермейді, бірақ күштің әсер ету бағытын өзгертеді, мықты жіпті  пайдаландым және ағаштан кранның сұлбасын жасадым

Мұратжан: Құрлыс салуда, жер өңдеу жұмыстарында, ауыр нәрселерді көтеруде, сондай-ақ күнделікті тұрмыста көптеген құралдар қолданылады. Солардың бірін жасап келдім. Осы құралды пайдаланып аз күш жұмсап, бір жұмысты тындырып істей алады. Алайда, аз күш жұмсап, жұмысты орындағанмен жұмыстан ұтыс болмайды.

        Мысалы ,осы құралдың көмегімен  жерде тұрып , жүкті жоғары көтеруге болады.Бұл құралды жасау үшін қарапайым құралдар яғни, мықты жіп, Жылжымалы блок пен жылжымайтын блокты және қатты қағаз бен ағашты пайдаландым.

Мейрамбек: Салмағы әр түрлі жүктерді иіндікке іле отырып, оны тепе теңдік күйге келтіруге болады. Сызғыштың бетіндегі шкалалар арқылы ауырлық күштерінің иіндерін оңай таба аламыз. Түсірілген күштер мен олардың иіндерін біле отырып, сызғыштың оң жағындағы және сол жағындағы күштердің күш моменттерін анықтайық.Сонда тепе-теңдікте тұрған иіндіктің оң жағындағы күштер мен сол жағындағы күштердің моменттерінің бірі-біріне тең екенін көреміз.

Оқушылыр кезек-кезек шығып үй тапсырмасы бойынша  жұмыстарын қорғайды. Болған соң басқа оқушылар, мұғалім (1-2 минут) сұрақ қойып, білімдерін тексере алады.

 ІII-кезең: Қорытындылау. «Ой толғау» оқушылар өз ойларын айтады. Сабақты өздері қортындылайды.

Мұғалім: Сонымен оқушылар физика қандай ғылым?

–         Физика эксперименттік ғылым.

 М: Сендер міне 7 сыныптың физика курсын аяқтаңдар. Осы пәнді оқу арқылы нені үйрендік.

–         Табиғатты зерттеудің физикалық әдістерін оқып білдік.

–         Физикаға деген қызығушылығымыз артты.

М. Бүгінгі сабаққа қандай қортынды жасайсыңдар.

– Бүгінгі сабақ ерекше болды деп ойлаймын.

– Сабақта зерттеу жұмыстарын жүргіздік.

– Оны іс жүзінде қолдана білдік

– Шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы сабақты тиянақты меңгердік.

М. Сендердің осы ойларыңмен менде келісе отырып , бүгінгі сабақты Ж. Баласағұнның « Біле бер қанша білсең-тағы тіле, Жатерсің мақсатыңа біле, біле.» деген сөзімен аяқтайын.

 ІY.   Бағалау.

  1. Y.       Үйге тапсырма.

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.