Жарасқан Әбдірашев. Алматы-бас қалам, Жас қала-Астанам.

Тайкенова Толғанай  Өтепқызы.  Ақтөбе облысы, Темір ауданы, 3 Шұбарқұдық орта мектебінің  бастауыш мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:   Жазушы өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру, оқушылардың Алматы, Астана қалалары туралы білімділік деңгейлерін анықтай отырып, өлең мазмұнымен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік, тілдік қорларын молайту.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар жазушы Жарасқан Әбдірашевтің өмірі, шығармашылығымен танысады, өлең мазмұнымен танысады, білімдерін толықтырады.

           Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Қызығушылықты ояту

Ана тілі- жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін , қысқасы жанның барлық толқындардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын қазына…………………..
Жүсіпбек Аймауытов

Қазақ тілі-өз тілім анам тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені.
Болашағым, Бақытым, Дана тілім,-

дей отыра бүгінгі ана тілі сабағымызды бастаймыз.

II.Үй тапсырмасын  тексеру
-Суретті жұмбақ шешу  , жұмбақтың шешуі( Көкшетау)

Үйге берілген тапсырма : І. Жансүгіров «Көкшетау» өлеңді оқушылар мәнерлеп оқиды.
Үй тапсырмасын қорытындылау
–          Сызбамен жұмыс

III . Мағынаны тану Жаңа сабақ

Ой қозғау сұрақтары
1. Қазақстан Республикасы неше облысқа бөлінеді?
2. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
3.Біз қай облыста тұрамыз?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Мұғалім: Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ж. Әбдірашев
Алматы –бас қалам,
Жас қала –Астанам
Мақсатымыз Алматы, Астана қалалары туралы білу, өлең мазмұнымен танысу.
Алматы туралы не білеміз?
Астана туралы не білеміз?                 (оқушылардан сұралады)

Картамен жұмыс Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларының орналасу ретін картадан көрсету.
Жазушы туралы мәлімет:

Жарасқан Әбдірашев 1948 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы Аманөткел ауылсоветінде  дүниеге келген. Белгілі ақын. «Тұңғыш кітап» деген алғашқы жыр жинағы 1969 жылы

жарық көрген. Өлеңдері неміс, өзбек,  тәжік тілдеріне аударылған. «тамаша» ойын-сауық отауында редактор  болған.. 20-дан астам кітап басып шығарған. «Найзағайлы жаз», «Ақ қайран», «Саяхат», « Көңіл көкпары»,  « Әзілің жарасса»   деген жинақтары жарық көрген.

Алматы, Астана қалалары туралы мәліметтер:

Алматы қаласы Еуразиялық континентініңТянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының  бауырайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан.

Қаланың климаты ауыспалы , темпереатурасы жыл мезгіліне қарамай күн сайын өзгереді. Медеу мұз  айдыны бар. Қаланың солтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында , тасты аймақта мұздықтардың суық  лебі сезіледі. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне өте бай.

Алматы таулы жер. Тау бауырайларында жүзім, астық өнімдері, алма ағаштары, жеміс-жидек ағаштары кездеседі.

Есіңе сақта.

Тянь-Шань  жоталарының  етегінде орналасқан әсем қаланы « бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында оңтүстік алқаптарындағы  бау-бақшаларда алма, өрік, шие, гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы –алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі. Кейбір деректерге сүйенсек  , ескі заманда осы жерде, яғни керуен жолы – Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан.  Кейін Шыңғысхан ордасы  қаланы тас –талқан еткен. 1854 жылы қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болған.    Кеңес

одағы жылдары қала атауы Алматы болып өзгерген.1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімімен  ел астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.  1998 жылы 1 шілдеде  Алматы қаласының   мәртебесі туралы   жаңа  заң қабылданды.   Алматы  ғылыми, мәдени, тарихи қала болды.

1998 жылы Ақмола қаласына Астана атағы  берілді.  Астанаға «Бейбітшілік» қаласы деген атау берілді.  Қалада аз уақыт ішінде әсем ғимараттар бой көтерді.

Арқаның қақ төрінен
Қоныс тепкен құт мекен
Жас қалам, әсем бас қалам,
Елордам  менің-Астанам.

Астана парсы тілінен аударғанда – табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы , салтанатты  орда есігі деген  ұғымдарды білдіреді.

Оқулықпен жұмыс
Өлең мазмұнымен танысу
Өлеңді мәнерлеп оқу
«Венн диаграммасы» Алматы, Астана екі қаланы  салыстыра сипаттау.
Еркін жазу  эссе жазу

Сабақты қорытындылау. Сөзжұмбақ шешу.  Жауабы (Астана)
Туым асқақ   қашанда тау басындай ,
Елтаңбам бар қазақтың айнасындай,
Астанада Бәйтерек , жарқырайды
Бабамыздың  үкілі , найзасындай.-
дей отыра  бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Үйге тапсырма : Өлеңді мәнерлеп  оқу
Қосымша тапсырма:  Алматы, Астана қалалары туралы мәліметтер жинау.
Бағалау.

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.