Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жүздерінің шығуы. Қазақ халқының этностық құрамы.

NursahanNazhethanov00Нұрсаған Нажетханов, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі. Жамбыл облысы, Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицейі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділіқ: Қазақ халқы этногенезі, глоттогенезі, этносаяси аумақтық тұтастығы, қазақ жүздерінің шығуы, қазақ халқының этникалық құрамы жонінде, бұлардың тарихи оқиғалармен байланыстылығы туралы оқушыларға толық түсінік беру.
Дамытушылық: Өз ойын еркін айтуға, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік:  Өз елін, дәстүрін құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:Қазақстан картасы, интерактив тақтадан слайттар көрсету.
Сабақтын турі: Аралас сабақ.
Сабақтын әдісі: Ауызша баяндап, слайттармен жұмыс жүрғізу.

Сабақ жоспары:
1. Халық болып қалыптасу үдерісі.

                                    2. Глоттогенез
                                    3. «Алаш» – «қазақ» атаулары.
                                    4. «Қазақ» атауы.
                                    5.Жүздік құрылым туралы.

І. Сабақтын бірінші мәселесін түсіндіру барысында бұдан 3-4 мың жыл бұрын өмір сүрген Андронов тайпаларының қазақ халқының тікелей ататегі екендігіне ерекше тоқталу керек. Халық болып қалыптасу үшін қандай шарттар қажет екендігін слайттан корсету.

1. Халықтың өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы;
2. Халық мекендеген аумағының қалыптасуы;
3. Өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
4. Халықтың тілінің қалыптасуы;
5. Халықтың ортақ атауының қалыптасуы;
6. Халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы;

Екінші мәселе бойынша глоттогенез – тілдің шығу тегі туралы ғылым саласы екендігін, тілдін маңыздылығын айта отырып, нақыл сөздер келтіру. Тіл Заны жөнінде айтып өту керек.

Үшінші мәселе бойынша қазақ тілінің түркі тілдердің ішінде қыпшақ тобына жататындығын, ол халықтың этникалық, аумақтық саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін- ен бастысы, онын дербес мемлекет болуы қажет екендігін түсіндіру керек. Қазақ тілі және этностык бірлестік туралы слайтты корсету.

Шумер тілі.

Түркі тілдері

1 Ада – әке Ата (Ада) – әке
2 Ана – шеше Ана, Апа – шеше
3 Ту – туу Туу – туу
4 Туд – туу Туды – туды
5 Тир – тіршілік Тірі – тіршілік
6 Шуба – бақташы Шопан – бақташы
7 Ру – соғу Ұру – соғу
8 Гаг – кіргізу Қак, қагу – кіргізу
9 Таг – тағу Тақ, тағу
10 Заг – жақ Жак

Қазақ этнонимінің алғашқы түрі «Алаш мыңы» деген сөз екенін айту және слайтты көрсету. «Алаш мыңы – алаш – қазақ» болып өзгергенін түсіндіру. Нақыл сөздер келтіру: «Алаш – алаш болғалы, Алаша хан болғалы», «Еліміз – Алаш, керегеміз – ағаш».

Қазақ этнонимінің шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар екенін айту. «Қазақ» этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Слайттарды көрсету. Қазақтың шығуы жөніндегі аңызды айту керек.

Қазақ жүздері жөнінде айтканда үш жүз жазылған слайтты  көрсету және ғалымдардың айтқан пікірлері жөніндегі слайтты көрсету. Оларға қосымша анықтама беріп өту. Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:

А) ішкі аумақтық тұтастық;
Ә) этностық туыстық;
Б) шаруашылық – мәдени бірлік;
В) саяси басқару ортақтастығы.

Әр жүздің құрамындағы тайпаларды түсіндіргенде әр жүзге бөлек жасалған слайттарды көрсете отырып тұсіндіру керек. Руға бөлінудің пайдалы және зиянды жақтарына тоқталып өту қажет.

ІІ. Қорытынды:

Қазақ жерінде мәсендеген барлық тайпалардың қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқаның, казактардың жүзге бөлінгенмен өзара  мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігі – алтын көпірі, үзілмес желі қызметін атқарғанын, ел басына күн туғанда қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла біріге білгенін мысалдар келтіре отырып қорытындылау.
ІІІ. Тапсырма  15-16. Қазақ шежресімен танысып келу.
IV.   Бағалау.

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.