Әлмерек абыз әулетіндегі ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі

Ғасырға жуық өмір сүріп, оның басым бөлігін ел қор­ғау­­ға арнаған айбынды батыр, әділ шешім айта білген би – Әлмерек абыз өмірі Әз-Тәуке хан дәуірінен басталып, жал­­ғасы Абылай хан билік айтқан уақытпен қабысатыны бел­­гілі /шамамен 1658-1754 ж/. Заманның сол бір кезінде қазақ халқының басына түскен ауыр­т­пашылық аз емес-тін. Жоңғар басқыншыларының зо­ба­­лаңы тұсында елі үшін суырылып алға шыққан Әлмерек Жан­­шықұлының өмір жолы бүгінгі ұрпаққа да тәлімдік тұр­­ғыдан үлгі болары анық.

Сайлаубай АҒЫБАЕВ, өлкетанушы.

Бүгінде баба өміріне үш жүз жыл­дан кейін оралып, зерделеп көз жүгіртсек: ел қорғаны бо­ла білген батыр ретінде ер­лік­тің небір тамаша үлгілерін көр­сеткендігін білеміз. Алауыз қа­зақ сұлтандарының бәтуасыз тір­шілігінен қазақ халқы жоң­ғар басқыншыларына есе жі­бе­ріп, жеңілген кездері де же­тер­лік. Ал Әлмерек би халық кө­семі ретінде озық ойлап, ел бір­лігін ту еткендігін мына бір ой-тұжырымынан байқаймыз. «Қа­зақ­тың үш баласы ошақтың үш ті­рек бұтындай, бір шеңберге тұ­тасып тұрса еш жау алмас» – дей­ді ол. Бұл қазақ халқының бір­тұтас ел болып, біріге бас­та­ған кезінде, өз уақытында ай­тыл­ған сөз.


Көргені көп, түйгені мол Әл­мерек би «абыз» атанып, иісі қа­зақтың баласын бауырына тар­тып, жақсылығын жайқап, бо­лашағын байқайды. Ертеңнің бас­талуы бүгіннен болатынын ай­тып, жақсы іске жаршы болып, қа­зақтың жас батырларына ақ ба­тасын беріп отырады.

Сол заманнан бүгінге же­тіп отырған ел аузындағы де­рек­­терге сүйенсек, Әлмерек-абыз жиырмадан астам қазақ ба­­­тырларына бата беріпті. Со­­лардың ішінде: Суанның Арал­байы, Қыстықтың Малай ба­тыры, Өтеген және жасы әлі жиырмаға тола қоймаған Қан­гел­ді немересі Райымбек болған еді. «Батаменен ел көгерер, жаң­бырменен жер көгерер» де­гендей, абыздың ақ батасы жоң­ғар басқыншыларына қарсы кү­рескен қазақ халқының әділ ісі­нің ақ жолындай болды.

Ал, бір отбасының иесі ре­тін­де Әлмерек бабаның айтқан сө­зі мен атқарған ісі Әлмерек-абыз, Әлмерек би, Әлмерек ба­тыр істерінен ешқашан ал­шақ­тамаған. Оның отбасында ұр­пағына берген тәрбиесі, әке ретінде балаларын жақсы кө­руі және оларды тәрбиелеуі, бо­лашағына бей-жай қарамауы Әл­меректің әке ретінде де сал­ғырттыққа салынбағанын көр­се­теді.

Ел арасында сақталып отыр­ған аңыз-әңгімелер, әр жылдары бас­па беттерінде жарық көрген мә­ліметтерге сүйенсек, оның от­басында жүйелі бала тәрбиесі бол­ғанын көреміз. Мәселен: Әл­меректің балалары туралы көр­ген түстері, балаларын сынауы, ба­лаларына берген батасы және сол дәстүрдің ұрпақтарында жал­ғасын табуы қазақ да­ла­сында болған шындықты ай­қын­дайды. Көшпенді қазақ хал­қы үшін бұл ғайыптан кел­ген құбылыс емес екендігін, жал­ға­сын тауып келе жатқан дәстүр еке­нін көруге болады./мәселен, Абы­лай ханның түсі және Абы­лай ханның ұлы Сыдықты сы­науы, Қангелді батырдың ба­ла­ла­ры туралы түсі және оларды сы­­науы./

Сол кезде балаларды соғыс өне­ріне жаппай дайындау қа­зақ даласында бұрын-соңды бол­маған дәрежеге көтерілді. Көш­пенділікте өмір кешіп, қа­таң табиғатпен алысып өскен қа­зақ халқы эволюциялық да­му­дың сұрыптауынан талай мәр­те өткен болатын. Ұрпақтан ұр­паққа жалғасып отырған на­мыс пен қажырлылыққа қай­рат беретін жаттығу ісімен ай­налысу әр отбасының, әр ауыл­дың елдік дәстүрі болып қа­лыптасты. Ел іші де үлгі алар ер­лер мен батырлардан кенде емес болатын.

Ел ағалары Әлмерек, Қан­гел­ді, Биеке, Қосқұлақ, Төлес, Ол­жайлар бас болып, ертеңгі бо­латын соғысқа баратын ел қор­ғандарын дайындауды мық­тап қолға ала бастаған. Ауыл аза­мат­тары да қолдары қалт етсе, ба­лаларға ләшкерлік өнердің қыр-сырларын үйретіп жатты.

Шымырлық пен төзімділікті же­тілдіретін, көкпар, ауда­рыс­­пақ, сақпан ату, садақ ату сияқ­ты жаттығулар белең алды. Жат­тығулардың келесі кезеңі ре­тінде «доғал найза», «ай қо­ра­ланды», «пұшпақ бөрік», «ту­лақ тарту» сияқты соғыста пай­даланатын әдістерді жер жағ­дайына үйлестіріп, келешек жа­уынгерлерге үйретті.

Заманы ерте есейткен ел ұл­да­ры бәсіре мініп бәйгеге емес, най­за ұстап жауға шабуға тура кел­ді.

«Бақ, дәулет, бірлікте, ат­қа­­рыл­ған тірлікте» деген жі­гіт ағасы Әлмерек өзінің бес ба­ла­сы­мен бірде үлкен асқа барады. Ас мәзірінің кестесі бойынша бап пен бақтың сыналар ша­ғы келеді. Албан руының на­мы­сын қорғаған Әлмеректің ұл­дары қарсыластарына төтеп бе­рер өнерлерін көрсетеді. Ал­ғыр ұл Жәнібек жіпше со­зы­лып, тарамысша тартылып, са­­дақ ату мен аударыспақтан ал­дына ешкімді жібермесе, па­луандықта өнер көрсеткен Құр­ман түйе палуанды жеңіп, өгіз кө­тереді. Малдың бабын білген Ба­баның қос аты бәйгенің алдын ала­ды.

Шапқан аттың үстінде ерін айыр­бастап, ат үстінде небір өнер көрсеткен Қаракісі асқа жи­налған елдің тамсанып айтар әң­гімесінің арқауы болады. Өмір­дегі кәсібі мен бағыттарын анық­таған бес ұл әке мерейін ас­қақтатып жіберген екен. Әр ба­ласын «жалғызым» деп сүйіп, жү­регінен кең орын берген Әл­ме­рек ұлдарына «жауына сес, елі­ңе қорған, тірлікке тірек бо­лу­ға үндеп отырады екен.

Ауық-ауық әр «жал­ғыз­­­дары» жөнінде үнемі түс кө­ріп, оны жақсылыққа жорып оты­рады. Түсінің кейбірін Ал­бан­ның Сары биіне жорытса, кей­де Қангелді мен Биекеге де жорытқан кездері болған. Түс­ті түлкінің боғы емес, Алланың жі­бер­ген аяны ретінде қабылдап, тыл­сым дүниенің хабарын дұрыс қа­былдаудың мәнін айтады, со­нымен қоса сол хабардың жал­ғасы болатындығы түс кө­ру­ші­нің өзіне байланысты екенін ес­кертеді.

Бабаның түсіне қашанда бі­рінші болып кіретін – «бесігіне ай түскен Құрман» «қара қой­дың ішінде қара арғымаққа мі­ніп жүреді екен». Кейде қыран бо­лып қалқып, қанатын кең жая­тын кездері де болған екен. Ақ­боз арғымақтан түспейтін Жә­нібек найзасын тасқа қадап, алыс­қа көз тастайтын көрінеді. Зең­гі бабаның сіргелігіне жіп бай­лап Баба жүретін көрінеді. То­қан түсіне енгенде анық емес қы­рынан елес сияқты енетін кө­рінеді. Сонда, «Көз жетпес дү­ние­нің көрінісі не болып тұр?» деп қоя салыпты. Қаракісі түсіне ен­генде, жер ошағына бозторғай ұя салғанын көріпті. Жақсының ісі де — жақсы, түсі де — жақсы де­гендей, жақсының жақсы ісі өмір­де де жалғасып, өмір желісі ғи­бадатқа айналған көрінеді.

Барына қанағат еткен баба үне­мі бақанға май жағып, итке жа­латады екен. Бақанға жаққан май­ды итке нендей ырыммен жа­лататынды сұрағанда – «ит же­ті қазынаның бірі ғой – қуа­ны­шыңды еліңмен бөліссең оза­сың, итіңмен бөліссең баянды бо­лады», – деген екен.

Өмірде азамат болып қалып­та­­сып, аяқтарын нық баса бас­та­ған Әлмеректің балалары әкенің тү­сінде емес, тіршілік аясында да әке сынынан өтуге тура ке­ле­ді. Бірде тосыннан әкелері қо­нақ­қа келеді.

Тоқшылықтың тамағындай та­қылетпен күтіп алған Құр­ман­ның үйіне береке, босағасына бақ қоныпты.

Батырлық, байлық дариды,
Кіндіктірек Құрманым.
Керегінде албанға,
Билік айтар ұрпағың – деген Құрманның өзі де, ұрпақтары да жа­ман болмаған екен.

Құрманның ел тарихында ор­ны бар батыр ұрпақтары: Қара, Ма­лыбай, Орынтай, Түменбай, Ал­пар, Тұлпар, Алпысбай, Сау­рық, Шалтабай, Ұзақ, т.б. /Ұзақ Қар­қара көтерілісінің басшысы/ бол­ған. Құрманның ел басқарған би-шешендері: Құлет, Қаба би, Бөбетай, Өскенбай, Байпақ би, Молдахмет Байпақов, Д.Қо­жа­бе­ков. /Д.Қожабеков кезінде Баш­құртстанның Министрлер ка­бинетін басқарған/. Бүгінгі ел­­ге танымал классик жазушы Бер­дібек Соқпақбаев, академик Карл Байпақов, ережесіз жекпе-жек­тен әлемнің үш дүркін чем­пио­ны, палуан Ардақ Назаров пен оның інісі Бейбіт Назаров Құр­ман ата ұрпақтары екені бел­гілі.

Қой сойып, қол қусырып әке­сін күткен Бабаға мал мен береке жұ­ғысты болған екен. Қойдай мо­мын, қоңырдай жұғысты Ба­ба деген содан қалса керек. Қо­нақтың келерін кәперінен шы­ға­рып алған Қаракісіге «қалың өнер­лі, көңілің көтеріңкі, ұр­па­ғың серілік пен шеберлікке жа­қын болатын сияқты ғой» десе ке­рек.

Қасиетті қара ордада ер жет­кен, еншілес Еділ, Жайық, Жұ­мық та өнегелі тәрбие көргенін бі­леміз. «Үзілмеген үмітім, жар­қы­раған күмісім» – деген абыз ата­ның көрген түсі мен берген ба­тасы болғаны анық еді.

Адуынды Жәнібек ат сойып, ай­ды аспанға шығарыпты. «На­мы­сының басы өзінде жалғасы ұр­пағына дариды екен. Ердің на­мысы — елдің қамы, қан кеш­кен ердің қазасы да қасында бо­лар деуші еді», — деп ар жа­ғын айтпаған екен. Ұқсап ту­ған ұлдың ұрпақтарына же­ті атаға дейін батырлық дәс­түр жалғасыпты. Байсейіт, Қой­лы­бай, Пұсырман, Тазабек, Жа­қып­бер­ді, Әубәкір, Әуесхан, Бәукей бо­лып, ерлік дәстүрі жалғасқан кө­рінеді.

Бүгінге ғасырларды артқа тас­­тап жеткен бидің мына мі­нез­демесін қайталасақ артық бо­ла қоймас.

Қыдыр қонған арқалы,
Құрманым көп болады.
Баба жомарт, кең пейіл,
Үзілмеген қонағы.
Жер жәннаты — Қарқара
Нарынқолды мекендеп,
Тоқан елге тоқтау болады.
Құтты болып қадамы
Алғыр ұлым Жәнібек
Билік айтар саналы.
Қаракісіге бата дарып,
Басына бақ қонады
Еділ, Жайық Жұмықпен
Еншілерін бөліспей,
Қолым тиген киелі ошақ
Төртеуінде қалады.
Ай түскен ұлым Құрманым,
Еліме ұйытқы болады.
Жауымды жеңіп Жәнібек,
Көңіліңді шаһар қылады.

(Журналист Марат Тоқаш­баев­тың жиғанынан алынды)

Ата дәстүрінің жалғасын та­­буы қазақ халқының өмір шын­ды­ғы екені рас және оны құнды мә­дениетіміз ретінде қарауға бо­лады. Ғасырлар диірменінде ұмыт бола жаздап, бодандықтың бұ­ғауынан әлсіреп бізге әрең жет­кені хақ. Десек те Әлмерек ба­ба ұрпақтарының ішінде біз­ге мәлім дәстүр жалғастығын кө­ру­ге болады.

Осыдан 100 жыл бұрын Кө­дек ақын Байшығанұлы 1922 жы­лы сол дәстүрдің жал­ғас­ты­ғын былай деп жырға қо­сып­ты:

Қара атамыз сынапты,
Баласының бәрін-ай.
Айтқан сыны өмірде,
Расталғаны анық-ай.
Алматы қаласы

Дерекккөз: http://pr-hal.kz/?p=3305


Темекіні қойғыңыз келсе. _____ Если хотите бросать курить
Тегін емдеу орталығы

 


Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.