Әлмерек Абыз ұрпақтары: Қожеке Назарұлы(1828 – 1881) – күйші-сазгер.

Жетісудың төрі болып есептелетін Қарқарада дүниеге келген. Қожекенің әкесі Назар сөзге шешен, төңірегіне ықпалды адам болған.

Қожекенің ел ісіне ерте араласуына әке тәрбиесі ықпал еткен. XIX ғасырдың екінші жартысынан Жетісуға тізе батыра бастаған Ресейдің отаршыл саясатына бас имеген Қожеке 1862 жылы төрт жүздей үйді бастап, үдере көшкен беті Текес өзенінің бойына келеді. Қожеке бастаған рулы елдің көшіп келуіне Қытай өкіметі де бейтарап қарамаған. Алғашқыда Қожекеге шен-шекпен беріп, өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асыруға қолданбақ болады. Қожеке сияқты біртуар тұлға халқының қамына қиянат іске бармайды. Ақыры тәкаппар күйшіні айтқанына көндіре алмаған Қытай өкіметі оны азаптап өлтіреді.[1]

Қожеке өзі куә болған, өзін толғандырған өмір құбылыстарының баршасын күй тілінде баяндап отырған. Бұл күнге дейін Қожекенің жүзге тарта күйлері жеткен. Оның күйлері күні бүгінге дейінЖетісу, Алтай, Ертіс, Тарбағатай, Бұратала, Іле өңірлерінде тартылады.

Шығармалары

Назарұлы Қожекенің күйлері: “Ағарсынның ақ толқыны”, “Аққу“, “Арман“, “Байекенің естіртуі“, “Балаларыма“, “Балам-ау“, “Бозжігіт“, “Бөлтірік“, “Біржан сал“, “Жиренше“, “Қарашаштың қазасын естірту“, “Жиреншенің Қарашашты жоқтауы“, “Кертолғау“, “Көрұғлы сұлтан“, “Күй бастар“, “Күй шақыртқы“, “Қамбархан“, “Қолға алынар алдында“, “Қос келіншек“, “Қинау“, “Құл пенде“, “Мұңдық“, “Өз қолым“, “Рабат төренің естіртуі“, “Раушан“, “Сайрам көл“, “Сарбарпы бұлбұл“, “Тарту“, “Тоқтарым“, “Түрмедегі қинау“, “Шалқайма” тағы басқалар.[2]

Дереккөз: Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

КҮЙ – ҚОЖЕКЕ

Домбыраңды алсаң ақ жауын,
Жасынсың алсаң мылтықты.
Атақтың қумай арзанын,
Санаңнан қудың құлдықты.

Кеудеңді сыйқыр саз керіп,
Құдірет-күйге байландың.
Үйрек бір ұшып, қаз қонып,
Көңілің көлге айналды.

Домбыраңды алып толғансаң,
Саз кернеп жатты аспанды.
Қара мылтықты қолға алсаң,
Жауыңның құты қашқан-ды.

Күй-пірің келіп қысқанда,
Саздарың саңлақ сабылды.
«Сарбарпы бұлбұл» ұшқанда,
Сарала қаздар аңырды.

«Құл-пенде» жатқа болман деп,
Оязды көздеп оқ аттың.
Саз-сандық кеудең толған кек,
Оқ пенен күйді бораттың.

Саурық пен Есет тобына,
Сан қолмен барып қосылдың.
Зеңбіректердің оғынан,
Қандарың судай жосылды.

«Арманды» сосын арқалап,
Шекара асып құтылдың.
Деген жоқ олар «мархабат!»
Байқадың бөтен «тықырды».

Сонда да жүрдің майданда,
Домбыра, мылтық қолыңда.
«Сайрам көл» бойын сайрандап,
Ұлғая берді тобың да.

Жаяу да, тонды, атты да…
Ағылды сені тыңдарға.
Сатқындар жала жапты да,
Басыңды тықты зынданға.
Кінәңнің бары-жоғына,
қарамай,Заңға «сыйдырды»…
Көмірдің қызыл шоғына,
Арқаңды қақтап, күйдірді.

Жоныңа басқан шоқтардан,
Домбыра-жүрек балқыды.
«Сарбарпы» болып топтанған,
Шыбының көкте қалқыды.

Күрсінді аспан түнеріп,
Тау, дала өксіп, аһ ұрды.
Ел қалды болып тірі өлік,
Үмітін үзіп ақырғы.

Күй болып келіп тірлікке,
Өртеніп кеттің Қожекем.
Бұл пәни ессіз дүрліккен –
«Кертолғау» күйдің өзі екен.

Дереккөз: Дүкен Мәсімханұлы


Темекіні қойғыңыз келсе. _____ Если хотите бросать курить
Тегін емдеу орталығы

 


Check Also

Әлмерек абыз әулетіндегі ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі

Ғасырға жуық өмір сүріп, оның басым бөлігін ел қор­ғау­­ға арнаған айбынды батыр, әділ шешім айта …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.