Әлмерек ұрпақтары: Зядан қажы Қожалымов.

1944 жылы шілденің 1-жұлдызында дүниеге келген. Алматы облысы, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы». Білімі жоғары. Мамандығы – инженер-электрик. Философ-психолог. Мәдениеттанушы-ғалым, Өтейбойдақтанушы. Дінтанушы. Ақын-сазгер. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатын алған (2005). Діни медреседе оқыған. Философия, психология мамандықтары бойынша білім алған. ҚазССР Ғылым Академиясы жанындағы қоғамдық «Халық Университетін» қазақ әдебиеті тарихы бойынша тыңдаушы ретінде бітірген (1966-1968). 1998 жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның психология және философия кафедраларында халық шипагерлігін зерттеуші ғалым. 2003 жылы қажылық парызын өтеген.

Қазақстан Журналистер және Психологтар Одағының мүшесі (1996). Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құру жөніндегі алғашқы ұйымдастыру комитетінің төрағасы (30.09.1991). Қазақстан халық емшілері қауымдастығының тұңғыш президенті (22.12.1991). ҚР Халық медицинасы және космоэнергетика академиясының президенті-академигі (2006), Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының президенті (2004), қоғамдық Қазақстан халық емшілері қорының президенті (2004). Халықаралық “Экология” академиясының академигі (2004). Халықаралық М. Нострадамус атындағы проскопиялық ғылымдар академиясының академигі (2003, Париж). Әлемдік рухани және халық емшілері академиясының академигі (2004, Мәскеу). «ЖАС-АЙ» Шығыс-Тибет медицинасы журналының редколлегия мүшесі. III мыңжылдықтың үздік емшісі, ҚР Құрметті кәсіби халық емшісі, Әлемдік емші. Халықаралық дәрежедегі парапсихолог. «Шипагерлік баян» газетінің Ақылдастар алқасының төрағасы-Бас редакторы (2002), Қауымдастықтың «Шалкөде» баспасының директоры (2004). Академик М.Әлиевтің,  м.ғ.к., академик Т.Бекеннің 2 кітабына, п.ғ.к., профессор С.Құрбанқожаның 2 кітабына, дін мен тылсым құпияны зерттеуші К.Тулешовтың 2 кітабына, ақын С. Жұмановтың «Өмір сыйы» жыр жинағына, т.б. авторлардың әр түрлі салалы еңбектеріне пікір жазған. Ғылыми дәрежелік атақ алушылар қорғайтын диссертацияларына ғалымның еңбектерін пайдалануда. «Жетісу» энциклопедиясына (2004), «Қазақ жерінің зиялы азаматтары – Почитаемые люди земли Казахской» жинағына (2005), «Қазақстан қажылары» том 2 (2004), «Батыр баба Әлмерек» (2002), «Албан шежіресі» (2003, 2011) т.б. еңбектерге енген. Рухани тәрбиелік, ғылыми танымдық мақалалары 40-тан аса газет пен 10-дай журналдарда жарияланған. 22 кітаптың авторы оның ішінде 7 монографиялық еңбек. Албан шежіресі (2003, 2011), Батыр баба Әлмерек (2002) кітаптарының авторлары құрамында. 400-дей мақаланың және 30-ға жуық әннің сөзі мен сазының авторы. Ән толғаулары Қазақ радиосының «Алтын» қорында (№441, 1997, 2009).

Дереккөз: http://www.anck.kz/index.htm

Автордың мақаласы: Көз тию


Темекіні қойғыңыз келсе. _____ Если хотите бросать курить
Тегін емдеу орталығы

 


Check Also

Әлмерек абыз әулетіндегі ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі

Ғасырға жуық өмір сүріп, оның басым бөлігін ел қор­ғау­­ға арнаған айбынды батыр, әділ шешім айта …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.