«Еркем-ай » сауықтыру лагерінің ашылуы салтанатты жиыны.

Жансултанова Арай. Аға тәлімгер, №40 орта мектеп, Ақтөбе қаласы.

I жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар, ата- аналар «Еркем-ай» сауықтыру легерінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

Қазақстан Тәуелсіз ел екенбіз.
Жоғалмасын ешқашан берекеміз
Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз
Құтты болсын, бүлдіршін мерекеңіз

Аға тәлімгер:

Жиын! Сап түзе! Тік тұр! «Еркем-ай» сауықтандыру легерінің ашылу салтанатына орай ҚР мемлекеттік Туы енгізілсін!

(Әнұран орындалады.)
Топ басшылары хабарлама беруге дайындалсын!

1 Балдәурен тобы
2. Арай тобы
( топтың аты, ұраны, әні таныстырылады.)

Рапорт

Аға тәлімгер, «Еркем-ай» сауықтандыру легерінің ашылу салтанатына № 40 мектебінің Балдәурен тобы дайын.Хабарлама беруші ——————————

Аға тәлімгер: Лагерь сап түзел! Тік тұр!
Лагерь әні: Әр қашан күн сөнбесін!
Аға тәлімгер: Хабарлама қабылданады.Еркін тұр!
Аға тәлімгер: Еркін тұрындар!

I жүргізуші: Арманы бір, үні бір,

Аға ардақты, іні бір
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл.
Бала бағы бар елдің.

Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.

II жүргізуші: «Еркем-ай» сауықтандыру лагерін ашу рәсімі мектеп директоры Сары Бауыржан Өтеумағамбетұлына беріледі.

I жүргізуші:
Бүгін қызық,бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Дөңгеленсін би-билеп
Жалғастырсын ойды-ой

Би: «Ағылшын биі».Арай тобы

II жүргізуші:
Мереке бүгін, береке бүгін
Қуанып, шалқып тасыған
От боп жүр жастар,
Шоқ боп жүр жастар
Көңіл жоқ шешек атпаған – дей келе

Томеристің орындауында «Балдәурен» әнімен қарсы алыңыздар!

I жүргізуші: Қымбатты «Еркем-ай» лагерінде демалушы бүлдіршіндер. Сендерді лагердің қызметкерлерімен таныстыруға рұқсат етіндер!

Өзі әсем, көрікті.
Қаталдықты, аямай-ақ беріпті
Әміржанқызы Жанаргүл деген басшы апай
«Еркем –айдың» ашылуына келіпті.
«Еркем –ай» легерінің басшы қызметінде Мукашова Жанаргүл

II жүргізуші:
«Еркем –айға» асығындар, келіңдер.
Тәлімгер апайларды көріңдер
«Еркем –ай» да әр түрлі қызықтар бар
Лала менен,Айымгүл тәлімгерлер келіңдер

I жүргізуші:
Сендердің тәрбиеші ұстаздардың:
Гүлзира мен Гүлзат
Тәлімгердің серігі.
Еркем-айдың көрігі
Арай менен Лалагүл
«Еркем –ай» мүшесі.

II жүргізуші:
Іш ауырса, тіс ауырса
Емдеп дәрі беретін
Ақ халатты Аралгүл
Медбике апай ол біздің.

I жүргізуші:
Спорт- көркі өмірдің,
Спорт- досың серігің
Жаттықсаң шымыр боласың
Шынығып өсіп толарсың
Үнемі бізге айтатын
Ғабит ағай ол біздің

II жүргізуші:
Би: «Жастар биі» Балдәурен тобы

I жүргізуші:
Ұстаз- ана ән айтып, би билеткен
Ұстаз ана, бар білімге үйреткен
Ұстаздарды екінші ана деп біліңдер
Әркез сені жақсылыққа сүйреген дегендей ұстаздарға қошемет көрсетіп қояйық.

Би : «Жастар биі» Арай тобы

II жүргізуші:
Ұлылардан ұлағат ап жаңаша
Байқауларға ой қосамыз таласа
Талабы зор балаларды танытып
Таныстырған «Еркем-ай» ол тамаша

I жүргізуші:
Біз бақытты баламыз
Оттай лаулап жанамыз
Еркем-айдын төрінде
Шырқап әнге саламыз- ән: «Бақытты балалық шақ»

II жүргізуші: Би: «Испан биі»

I жүргізуші:
Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт!

I жүргізуші: «Еркем-ай» лагерінің ашылу салтанатына келгендеріңізге көп- көп рахмет, көк аспанда байрағымыз желбіреп, амандықта кездескенше сау болыңыздар!

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.