Технолоия. Машина тігістерін жасау.

Алматы облысы Ақсу ауданы Көкөзек ауылы Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы Технология пәнінің мұғалімі Ноғайбаев Ермек Ембергенұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларды машина тігістерін тіге білуге үйрету.
Тәрбиелік. Оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа, еңбекті сүюге баулу. Дамытушылық. Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге ықпал ету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: карточка, схема, дайын бұйым.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
• Оқушыларды түгендеу
• Сабаққа дайындығын тексеру

2. Өткен сабақты қайталау.

Оқушыларды екі топқа бөлу. Әр топқа ат қою

1. Тапсырма: Тест карточкаларымен жұмыс. Екі топқа да сұрақтан карточкалар таратылады, оқушылар осы тест сұрақтарына жауап жазады, дайын топ жауаптарын айтуға болады.
2. Тапсырма: жорға ойынын ойнаймыз, тақтадағы сандарды таңдап артындағы сұрақтарға жауап жазу.
3. Тапсырма: жұмбақ жасыру, екі топ бір біріне жұмбақтар айтып жасыру.

3. Жаңа сабақ

5 – сыныпта қол және машина тігістерін естеріңе түсіріңдер. Кез келген бұйымды дайындағанда , қол тігістері мен машина тігістерінің түрлерін қолданасыңдар. Бөлшектерді қосу қиықтарда өңдеу мен бұйымдарды сәндеу жұмыстары әр түрлі тігістер арқылы жүзеге асады. Тігістің түрін матаға және бұймның пайдалануына байланысты таңдайды. Сәнді тігістерден басқаның барлығын матаның түсіне сәйкес жіппн тігеді. Тігістің ені біркелкі болады. Тігіс кезінде матаны тартуға немесе итеруге, мыжғылауңға болмайды. Тігіс түзу болуы қажет, тігістерді айыра немесе жатқыза үтіктеу қажет.

Машина тігістерінің түрлері

Тігіс түрі

Операция

Қолданылуы

Сызбасы

Шартты белгісі

 

Қайып тігу

Қайып тігу

Екі бөлшекті бір біріне біріктіру

 

 

Жабық қиықты бастыра тігу

Басытра тігу

Бір бөлшекті екіншісіне бастыру жолмен біріктіру

 

 

Әдіптеу

Әдіптеп тігу

Бөлшектерді біріктіріп соңында қайыру

 

 

Ашық қиықты жөрмеп тігу

Жөндеу

Бөлшектің шетін өңдеу

 

 

Жабық қиықты жөрмеп тігу

Жөрмеу

Бөлшектің шетін өңдеу

 

 

Ашық қиықты жөрмеп тігу

Жапсыра тігіс

Сетінемейтін киімдерде қолданылады

 

 

Айырып тігу

Айырып тігу

Үтіктелмейтін бөлшектерді тігу

 

 

 

 

 

4.Сарамандық жұмыс

Оқушылар тігіс түрлерін тігіп жаттығады, екі топтан бір-бір оқушыдан шығып тігістің тігілуін тігіп көрсетеді.

5. Сабақты бекіту

Сұрақтар беру:

1.Тігіс түрлерін ата?

2.Қайып тігу қалай тігіледі?

3.Бастыра тігу қалай тігіледі?

4.Тігілген тігіс қандай болу керек?

5.Жапсырма тігіс қай кезде қолданылады?

6.Айырып тігу қай жерде қолданылады?

6. Бағалау. Екі топтың жауаптарына қарай бағаланады.

7. Үйге тапсырма: тігістерді тігу, құрал – жабдықтарды әкелу.

 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.