Дұрыс көпбұрыштар

Дөңес  көпбұрыштар

Дөңес  және  дұрыс көпбұрыштың түрлері

Мақсаты:

Білімділік. Теориялық білімін практикада қолдана білу және білім – білік дағдыларын

қалыптастыру.

Дамытушылық. Оқушының танымын кеңейтіп, ойлау қабілетін арттыру
Тәрбиелік. Эстетикалық тәрбие беру және оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту  және

тапқырлыққа баулу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ақпараттық  технология бойынша, түсіндірмелі-көрнекілікті,

практика
Сабақтың түрі: Жұптық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчарт,компьютер,  слайдтар,

хабарламалар жіберу, наушник,  бағалау  парағы  (бағаны Excel-де  компьютер  есептейді)
Сабақтың жоспары:

  1. 1. Ұйымдастыру.
  2. 2. Өтілген  тақырыптар бойынша материалдарды еске түсіру.
  3. 3. Интерактивті  тақтаға  флипчарттың көмегімен сызбаларды  сала  отырып   мысалдар келтіру,  тапсырманы  орындау.
  4. 4. Слайдтар арқылы  берілген сызбалар бойынша  есептер шығару  жауаптарын  локальді желі  арқылы  хабарламамен  жіберу,  түсініксіз  болған  сұрақтарына   наушниктің  көмегімен  нұсқау  беру
  5. 5. Жаңа сабақты  түсіндіру.
  6. 6. Формулаларды  есеп  шығаруға  қолдану  қолдану  (оқушылардың жұмысы экранда көрсетіліп тұрады).
  7. 7. Хабарламалар  жіберу, наушниктің  көмегі  арқылы  жеке оқушымен  талдау жасау, нұсқау беру
  8. 8. Сұрақ – жауап  (интерактивті  тақтада слайд  арқылы)
  9. 9. Үйге тапсырма   (кесте  толтыру)
  10. Қорытындылау.
    Сабақтың барысы:
  11. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын, құрал – жабдықтарының болуын қадағалау және компьютерлерге отырғызу, идентификациялау.
  12. 2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушының жан – жақты білімін тексеру:
а) Флипчартта  оқушылар  төмендегі  тапсырмаларды  орындайды:
1) Көпбұрыш сыз, белгіле.
2) Көпбұрыштың қабырғаларын жаз.
3) Көпбұрыштың төбелерін жаз.
4) Көпбұрыштың диагональдарын жүргіз.   ( 1/2n(n-3) – барлық  диагональдар саны)
5) Көпбұрыштың қабырғалар санын анықта.
6) Көпбұрыштың бұрыштарының санын анықта.
7) Көпбұрыштың төбелерінің санын анықта.

8) Шеңбер  сыз  (құрал  саймандар  тақтасының  көмегімен  циркуль  таңдап  алып  шеңбер  сызады)

9) Оған  іштей  және  сырттай  төртбұрыштар   сыз (Кірістіру-математикалық құралдар  арқылы)

10) Төбелерін  белгіле

11) Бұрыштарын  белгіле.
ә) Слайдтардың  көмегімен  өтілген  материалдарды  еске  түсіру
1) Дөңес  көпбұрыштың  анықтамасы
2) Дөңес  көпбұрыштың  бұрыштарының  қосындысының формуласы
3) Қарама – қарсы  бұрыштарының  қосындысы туралы  қасиеті
4) Шеңберге  іштей  сызылған  төртбұрыштарға  есептер  шығару (бес  тапсырма  жауаптарын  компьютердің  көмегімен  хабарлама  арқылы жібереді)

  1. 3. Слайдтардың  көмегімен  жаңа  тақырыпты  түсіндіру (Жаңа сабақты оқушылар өздері жұмыс жасай отырып меңгереді.)
    1) Дұрыс  көпбұрыштардың  анықтамасы.
    2) Дұрыс  көпбұрыштардың  түрлері
    3) Дұрыс  көпбұрыштардың  бұрыштарының және  ішкі  бұрыштарының  қосындысының  формуласы

4) Дұрыс  көпбұрышқа  іштей  және  сырттай  сызылған  шеңберлердің радиустары мен  қабырғаларының  формулалары

9) Дұрыс  көпбұрышқа  есептер  шығару  (6-13  есептер)

10) Сұрақ – жауап (14,15  тапсырма)

  1. 4. Қорытындылау

Жаңа сабақты бекіту:
1) бұрыштарының қосындысын;
2) әрбір бұрышы;
3) Көпбұрышқа іштей, сырттай  сызылған  шеңберлердің радиустары;
4) Дұрыс  көпбұрыштарды салу;

  1. 5. Үйге  тапсырма §13  Кесте  толтыру
  2. 6. Бағалау: Бағалау  парағы  бойынша  Excel-де  компьютер  есептейді де бағасы экранға шығады

Қажетті  анықтамалар мен салдарлар.

Анықтама: Барлық қабырғалары және барлық бұрыштары тең дөңес көпбұрышты дұрыс көпбұрыш деп атайды.
Дұрыс n бұрыштың қабырғасын аn деп белгілесек, барлық қабырғалары тең болғандықтан, оның периметрі Pn = n• аn болады.
Дұрыс n бұрыштың бұрыштары тең, ал барлық бұрыштарының қосындысы 180˚(n – 2) болғандықтан, оның әрбір бұрышы                          болады.

Дұрыс n бұрыштың   қабырғалар  саны:

 

Салдар: Дөңес  көпбұрыштың  әрбір  төбесінде  бір-бірден  алынған сыртқы  бұрыштардың  қосындысы 3600

Дөңес  көпбұрыштың  сыртқы  бұрыштарының  қосындысы: 1800n-1800(n-2)=3600

1 – мысал. Дұрыс он бесбұрыштың бұрышын есептеп табу керек.
Шешуі. n = 15 деп алып, α = формуласын пайдаланамыз.
Сонда
Жауабы: 156˚

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.