Ақыл, ғылым, бақыт тәрбие сағаты

Тақырыбы:  «АҚЫЛ,  ҒЫЛЫМ, БАҚЫТ»

Мақсаты:

Оқушыларды  өмірдің  негізгі  құндылығымен  таныстыра  отырып,  олардың  өзіндік  көзқарасын  қалыптастыруға  көмектесу.

Міндеттері:

а)  Оқушылардың  өзінің  талғамын  анықтау  үшін  жағымды,  жағымсыз  қасиеттерін  зерттеуге  ұмтылады;

ә)  Өз  кемшіліктерін  өзі  реттеп, өзін-өзі  тәрбиелеуге  талпынады.

б) Парасатты, сауатты  да  қарым-қатынас  мәдениетін  үйренген  азамат  қоғамның  құнды  тұлғасы  екендігіне  көз  жеткізеді.

Әдісі: Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  элементтері, «Түс тану», «Галереяда  ой  шарлау»

Көрнекілігі: плакатта    жазылған оқушылардың  жұмысы, нақыл  сөздер, галереяда  ой  шарлау  парағы, түйінді  сөздер  жазуға  арналған  таратпа  қағаздар.

І  Ой  қозғау. «Түс  тану»

  1. Қай  түспен  жазар  едің?

(Оқушылар  әуелі  түс  таңдайды,  сосын ол түсті  неге  таңдағанын  түсіндіріп  береді)

Мысалы, жасыл – жастықтың  түсі, қызыл – ашық, сигналды  түс,  көк – Отанның  символдық  түсі,  сары – күннің  шуағы.

Оқушыларға  тапсырма:

Берілген  «АҚЫЛ,  ҒЫЛЫМ, БАҚЫТ»  сөздерін  таңдаған  түстеріңмен  жазыңдар№

  1. Оқушылар  өз  ойларын  ортаға  салғаннан  кейін,  оны  мұғалім  қорытындылап, топқа  бөледі.

ІІ  Мағынаны  тану «Галереяда  ой  шарлау»

  1. Сынып  үш  топқа  бөлінеді  де,  әр  топ  берілген  сөздердің  бірін  таңдап  алады. (ақыл, ғылым, бақыт)
  2. Плакаттың  ортасында  басты  мәселе – проблема  жазылады,  топтағы  оқушылар  өздеріне  бір  бұрышын  бөліп  алады  да,  сол  мәселенің  шешу  жолдарын  жазады – өз  ойын  білдіреді.
  1. Әр  топтың  спикері  топ  жұмысын  қорғайды.
  2. Мұғалім  оқушылардың  ойын  қорытындылайды.

Аңыз

Ақыл, ғылым, бақыт – үшеуі  бір-бірінен  артықшылығын  салыстырып  таласып  сарапқа  түсіпті. Сарапшылар  оларға  былай  депті.:

Бірінші – бақытқа: сен, тұрақсыз,  опасызсың, орныңды  таңдамай  қонасың,  қонғаныңды  ісінтесің, тасытасың, ақырында  бір  күні  лақтырып  тастап  кетесің.  Ақылмен  байланыс,  сонда  көп  жасайсың,-депті.

Екінші – ғылымға: дүниеде  сенен  күшті  нәрсе  жоқ, қара  тасты  қайнатасың, дүниежүзін  жайнатасың, сақауды  сайратасың, жоқты  бар, бардан  жоқ  жасайсйң,  бірақ  та  бар  ғаламды  өзіне бағындырғың  келеді, бағынбағанды  демде  әлек  қыласың.  Түзеу  де, бұзу  да  сенен  шығады.  Ақылмен  байланыс.  Сонда  абыроймен  ұзақ  жасайсың,-депті.

Үшінші – ақылға: дүниеде  адамзатқа сенен  артық  дос  жоқ. Бірақ та  ашу  үстіңе  кіріп  келгенде,  орныңды  беріп  шығасың  да, кетесің. Ашу  бүлдіріп – бүлдіріп  кеткен  соң, кіресің  де  ашудың  бүлдіргенін  оңдайсың. Әуелден  орныңнан  тұрмай  отырсаң,  ашу  сенің  үстіңе  кірмеген  болар  еді.

Барыңдар, ақыл, сен  адам  бол, ғылым, сен ат  бол, бақыт, сен қамшы  бол.  Үшеуің  біріксең, ешбір  мұқтаждарың  болмайды,-депті.

ІІІ  Ой   толғау   «Түйінді  сөздер»

Әр  оқушыға  берілген  түйінді  сөзді  бүгінгі  тақырыппен  байланыстырып  өз  ойын  айтуы  керек.

Түйінді  сөздер:

т.б.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.