2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы

Әдістемелік нұсқау хат

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама).

2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 117 б.

Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң 1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген. Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.

                                                                      © Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық  білім академиясы, 2013

Кіріспе

 Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Осы бағытта 2011 жылдан бастап оқу процесіне автоматтандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу үшін жағдай жасалуда, орта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі пайдаланыла бастады.

2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы

23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

«Өзін-өзі тану» пәнін «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

«Өзін-өзі тану» пәнін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.Оқушылардың жетістіктері білім мазмұнының базалық деңгейі шеңберінде шығармашылық тапсырмалар жүйесімен жарты жыл сайын «сынақ/сынақ емес» жүйесімен бағаланады.

Инклюзивті білім беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 3 шілдедегі №283 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылад

2013-2014 оқу жылынан бастап 1-сыныпқа«Шетел тілі» пәні енгізіледі.
2-4 сыныптарға «Шетел тілі» пәні енгізілгенге дейін «Дүниетану» пәнін апталық 2 сағаттық оқу жүктемесімен жүргізу жалғасады.

«Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда ана тілі, музыка, бейнелеу өнері, технология пәндерінің аясында іске асырылады, сабақтан тыс мерзімде, сынып сағаттары есебінен іске асырылады.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу пәнімен кіріктіріліп (1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі
6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан), бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігі негіздері курсын оқыту міндетті болып табылады.

«Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» курсы 4-сыныпта «Дүниетану» оқу пәнімен, 5-11-сыныптарда «Технология» оқу пәнімен кіріктіру арқылы оқытылады.

Мұғалімдерге көмек ретінде оқу пәндері бойынша тақырыптық жоспарлау үлгілері әзірленіп (Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, www.nao.kz) тақырыптар мен сағаттардың бөлінісі ұсынылады. Мұғалім ұсынылған жоспар үлгісін өзгеріссіз қолдана алады. Сонымен қатар, пәнді оқуға бөлінген оқу тақырыптары мен сағаттарының аясында оқушылардың тұлғалық ерекшелігін ескере отырып жоспарлық өзгерістер енгізуге болады.

Орта білім беру ұйымдарында тілді меңгерудің жалпыеуропалық үлгісіне сәйкес шет тілін және оқу қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде деңгейлеп меңгертуді жүзеге асыру жалғасады. Бұл жүйенің ерекшелігі – оқыту тілінің тапсырылған деңгейі болып табылады.

Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында 2013-2014 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен анықталған.

Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін жалпы орта білім беретін мектептерде аударма оқулықтар немесе оқушылар мен ата-аналардың қалауымен қазақ тіліндегі оқулықтар қолданылады.

Қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының бірі бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған жалпы орта білім деңгейіндегі бейінді оқыту болып табылады. Бейінді оқыту жалпы орта білім деңгейінде оқытуды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес жоғары сыныптар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша оқытылады. Мектеп екі бағыттың бірін немесе екеуін де оқушылар мен олардың ата-аналарының сұранысын ескере отырып таңдай алады.

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

1) оқыту қазақ тілді емес 1-11 сыныптардағы қазақ тілі;

2) оқыту қазақ тілді емес 5-11 сыныптардағы қазақ әдебиеті;

3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүретін
3-11 сыныптардағы орыс тілі;

4) 1-11 сыныптардағы шетел тілі;

5) 5-11 сыныптардағы информатика;

6) бейінді пәндер (жергілікті атқарушы органның құзыреттілігіне кіреді);

7) 5-11 сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары);

8) 5-11 сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.

Сыныпта мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда сыныпты топтарға бөлу осындай әр балаға барлық оқушының санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.

Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында, гимназияда, мектеп-гимназиялар мен лицейлерде, мектеп-лицейлерде және үш тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде пәндерді тереңдетіп оқыту үшін факультативтер және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру үшін әр сыныпқа 4 сағат, әр сыныпқа үйірмелер, студиялар, ғылыми жобалар ұйымдастыру үшін мұғалімдерге 0,25 ставка, сонымен қатар шарт негізіндегі жоғары білікті мамандарға жеке курстар мен лекциялар төлеу үшін мектеп бойынша жылына 1500 сағат есебінен қаражаттар бөлінеді.

Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында көптілділікті оқытудың жұмыс оқу жоспарлары үлгісі ұсынылады (Астана:
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, www.nao.kz).

1-11 сыныптар үшін міндетті түрде «Дене шынықтыру» пәні 3 сағат апталық оқу жүктемесімен жүргізіледі және пәнді оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.

Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге болмайды. 5-9 сынып оқушылары үшін қосарланған сабақтар тек зертханалық, бақылау жұмыстары, еңбек сабақтары, мақсатты (шаңғы тебу, жүзу) дене шынықтыру сабақтарында рұқсат етіледі. 10-12 сыныптарға қосарланған сабақтарды негізгі және бейінді пәндер бойынша өткізуге рұқсат етіледі.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2014 жылдан бастап оқу жетістігін сырттай бағалау рәсімі шеңберінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығы тексеріледі. Бағаланатын функционалдық сауаттылықтың түрлері: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі), математикалық сауаттылық және жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нəтижелерін (оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама – PISA), 4 жəне 8-сынып оқушыларының математика жəне жаратылыстану саласындағы сауаттылығын бағалау (TIMSS), («Оқу жəне мəтінді түсіну сапасын зерделеу») (PIRLS) көтеру және жаратылыстану-математика пəндері бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесін арттыру мақсаты қойылды.

Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топта 10 адамнан асса ғана жүргізіледі.

Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Дінтану негіздері» курсына 1 сағат апталық жүктеме беріледі. «Дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мамандары жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Өлкетану» (7-сынып), «Алаштану» (9-сынып),  «Абайтану» (9-11 сыныптар) таңдау курстарының бағдарламалары мектептердің таңдау еріктіліктеріне ұсынылады.

Мектеп және оқушы компоненті пәндері бойынша оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан, ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.

Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан,
2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан,
5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан,
8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.

1-сыныптағы оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда
34 оқу аптасын құрайды.

Оқу жылында 1-11 сыныптардағы каникул күндері кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. 1-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 1 апта қосымша демалыс беріледі. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасы білім саласының уәкілетті органы белгілейді.

Кешкі мектептерге күндізгі және сырттай оқыту бойынша оқу жүктемесінің үлесі: негізгі орта білім беру кезеңі бойынша: 7(8) сыныпқа – 26 сағат, 8 (9) сыныпқа – 29 сағат, 9 (10) – 31 сағат; жалпы орта білім беру кезеңі бойынша: 10 (11) сыныптарға – 27 сағат, 11 (12) сыныптарға – 29 сағат, 12 (13) – сыныптарға – 29 сағат белгіленсін. Әр сыныпқа сыныпқа сынақтан өткізу үшін аптасына 4 сағат болып қарастырылсын. Сынақ сағаттары мектеп әкімшілігінің шешімімен бөлінеді, бірақ 8 пәннен көп емес. Кешкі мектептерге күндізгі және сырттай оқыту бойынша жұмыс оқу жоспарларының үлгісі ұсынылады (Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, www.nao.kz).

Жалпы білім беру мектептерінің басшыларына оқыту үдерісін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін келесі нормативтер ұсынылады:

Бақылау нысанасы

Нормасы

1 Сабақтарға және сыныптан тыс шараларға қатысу және оларды талдау

Аптасына 5-6 сағат, жылына 170-200 сағат; 0,5 жүктемесіне – 80-100 сағат

2 Сынып журналдарын тексеру

Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

3 Оқушылардың күнделіктерін тексеру

Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

4 Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын тексеру

Тоқсанына 1 рет,
жылына 4 рет

5 Оқушылардың жеке іс құжаттарын тексеру

Жылына 2 рет

6 Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру

Жылына 1-2 рет

Информатика

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес информатиканы оқыту 5-сыныптан басталады. 5-9 сыныптар үшін информатика пәнінен жаңа оқу бағдарламасы әзірленді. Оқу бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі біріншіден, мазмұнды толығымен қайта қарастырумен байланысты, себебі  информатика пәні 5-сыныптан бастап оқытылады (бұрын оқытылу 7-сыныптан басталды). Екіншіден,  заман талабына сай ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың тез дамуына байланысты информатика курсында алгоритмдеу және программалау саласына көп көңіл бөлу қажеттілігі туындайдыген дұрыс. Сонымен қатар, жеке тұлғаның қалыптасуында алгоритмдік және операциялық ойлау ерекше рөлі алатыны  ескерілді.

5-9 сыныптардағы информатика пәнінің ерекшелігі, мектепте оқытылатын басқа пәндерден түбегейлі айырмашылығы – бұл оны оқыту пәнінің жедел екпінмен өзгеріп отыруында. Бүгінгі күні бар технологиялар мен программалық қамтамасыз етулер орнына жаңаларының келуі өзгеруде, сонымен қоса бір жарым жыл ішінде аппараттық құралдардың техникалық параметрлері екі еселенеді және бес-жеті жылда стандарттар, интерфейстер мен хаттамалар қорлары өзгереді. Осы жағдайда жаңа технологияларды меңгеруге дайын,  адамның кәсіби мобилдігін қамтамасыз ететін іргелі білімнің рөлі жоғары болып отыр. Сол себептен мектептің негізгі курсының мазмұнына информатиканың іргелі негіздерін, алгоритмдер дағдыларын ерте оқытуына назар аудару қажет.

Әр сыныпта информатиканың бірінші сабағы, есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техниканың ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыруына қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес ақпараттармен бірге этикалық және құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлінеді.

Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым программаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.

Оқыту міндеттері:

1)  ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;

2)  есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

3)  ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

4)  программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

5)  ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

6)  жобалық іс-әрекетте, күнделік өмірде, оқыту іс-әрекетінде, нарықта қажетті мамандық игеру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

7)  алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

8)  қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдысын дамыту;

9)  оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Сабақтастық қағидасын сақтау үшін 6-9 сыныптарға үшін ауыспалы оқу бағдарламасы әзірленді. Аталған оқу бағдарлама әр сыныптың кіріктірілген материалын қамтиды, ол аталған сыныптың және одан дейінгі сыныпта оқитын материалдардан тұрады, яғни 6-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы
5-6 сыныптың базалық мазмұның, 7-сынып – 5-6-7 сынып оқу материалдарын және 8-сынып – 6-7-8 сыныптарының оқу материалдарын, 9-сынып –
2011-2013 оқу жылдарында өткен 7-8 сыныптардың оқу материалдарын қамтиды.

6-9 сыныптарға арналған информатика пәні бойынша ауыспалы оқу бағдарламасы 2013-2014 оқу жылына ғана арналған.

«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

6 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;

7 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;

8 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;

9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

«Информатика» пәнін ауыспалы оқу бағдарламасы бойынша оқытуда
6-8 сыныптарға вариативті компоненттен 0,5 сағат беріледі, себебі оқушылар алдынғы өткен сыныптар бойынша оқу материалдарын (кіріктірілген курс) меңгеру тиіс. Бірінші жартыжылдықта информатиканыоқытуға 2 сағат, екінші жартыжылдықта 1 сағат бөлінеді.

Информатика пәніне деген қызығушылықты арттыру мақсатында жобалық іс-әрекеттер ұсынылады.  Әр сыныптар бойынша жобалық іс-әрекетті оқытуға жеке сағаттар бөлінген. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жасайды және жоба даярланып жатқан мектеп пәнін оқыту тиімділігін жоғарылатады. Мұғалімнің өз қалауы бойынша жобалық іс-әрекеттерге өткен тараулар бойынша тақырыптар алуға болады.

Нұсқаудың барлық пәндер үшін нұсқасын көшіру

скачать: Инструктивно-методическое письмо

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

2 комментария

  1. информатика пәні бойынша 5-6 сынып оқулықтарын қайдан аламыз

  2. информатика пәні бойынша 5-6 сынып оқулықтарын қайдан аламыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.