Информатика. КІРІКТІРІЛГЕН КУРС 6,7,8 сыныптар

Үлгілік күнтізбелік жоспар дайындағандар
Түркістан қаласының білім бөлімінің әдіскері Талғат Шегенбаев
№1 А. Байтұрсынов мектебінің информатика пәнм мұғалімі Данмырзаев Сейілбек
№13 Ә. Науа мектебінің информатика пән мұғалімі Марайым Хабибулла

(І жарты жылдықта аптасы 1 сағаттан, жалпы 17 сағат)

1.  Түсінік хат

1. Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы       23  тамыздағы  № 1080 қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің (бастауыш, негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру)  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына сəйкес əзірленген.
2. Оқытудың  мақсаты  информатика  жəне  қазіргі  заманғы  ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу  арқылы ақпараттық  құзіреттілікті  қалыптастыру,  əр  түрлі ақпараттарды  өңдеудің қарапайым  бағдарламаларымен  жұмыс  істеу  дағдылары,  алгоритмдік  жəне операциялық  ойлау  қабілеттерін  дамыту, программалау  тілдерінің  бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.

3. Оқыту міндеттері:
1) ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру
2) есептеу  техниканың  жəне  телекоммуникацияны  негізгі  құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
3) ақпараттық  модельдеу,  модельдеу  əдістерін  қолданатын  негізгі  салалар туралы мағлұмат беру;
4) программалау  тілінде  негізгі  базалық  алгоритмдік  құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;
5) ақпараттарды  өңдеу  бойынша  ақпараттық  технологиялармен  жұмыс істеуге дағдыландыру;
6) жобалық іс-əрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тəжірибесін алу;
7) алгоритмдік  жəне  операциялық  ойлау  қабілеттерін,  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  құралдары  арқылы  оқушылардың  логикалық, математикалық, зияткерлік жəне шығармашылық қабілеттерін дамыту;
8) қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика жəне құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;
9) оқушыларды  ақпараттық  мəдениетке  жəне  техникаға  ұқыпты  болуға тəрбиелеу.

4. Математика пəнімен пəнаралық байланыс:
1)  сандық,  мəтіндік  жəне  графикалық  ақпараттарды  кодтау  жасағанда сандық деректер типі туралы мағлұматты пайдалану;
2) калькулятор арқылы есептеулер жүргізу;
3)  графикалық  редактор  жəне  электрондық  кесте  арқылы  функциялардың графиктерін салу.

5.  Алгебра пəнімен пəнаралық байланыс:
1) үдерістерді  автоматтандыру  үшін  функция,  формулалар,  салыстыру операцияларын пайдалану;
2) электрондық  кесте  арқылы  есептеулер  орындағанда  математикалық білімдерін пайдалану;
3) стандартты  функциялармен  амалдар  орындағанда  əртүрлі  септеулер ережелерін пайдалану;
4) кестелік  процессорда  графиктерді  салғанда  координаталық  жүйені пайдалану;
5) есептер  шығарғанда  қолданылатын  амалдарды  іске  асыру  мақсатында негізгі кезеңдерді анықтау үшін математикалық логика элементтерін пайдалану;
6) математикалық  объектілерді  зерттегенде  ақпараттық  көзқарасты пайдалану;
7) программалау  тілінде  суреттерді  салу  үшін  координаталық жүйені пайдалана отырып алгоритмдерді өндеу.

6. Геометрия пəнімен пəнаралық байланыс:
1) векторлық  графика  объектілерін  құруда  геометриялық  фигуралармен жұмыс істеу тəсілдерін қолдану;
2) əртүрлі  құрылымдағы  алгоритмдерді  программалауда  планиметрия формулаларын қолдану;
3) геометриялық  объектілерді  модельдеу,  геометриялық  композицияларды құру.

7. Физика пəнімен пəнаралық байланыс:
1) компьютердің  архитектурасын,  ақпаратты  кодтау,  санау  жүйелерін, логика элементтерін қарастырғанда электр тоқ саласынан білімге тірек жасау;
2) дыбыстың, бейненің жəне графиктің физикалық мəніне бағдар жасау;
3) физикалық үдерістерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды жəне программалау тілдерін пайдалану;
4) алгоритмдерді өндеуде физикалық есептерді қарастыру;
5) дербес  компьютердің  құрылымының  жұмыс  істеуінің  физикалық принципі.

8.  Қазақ, орыс жəне шетел тілдерімен пəнаралық байланыс:
1) информатика терминдерімен сөздік қорды байыту;
2) мəтіндік  материалдарды  рəсімдегенде  орфография  жəне  пунктуация ережелерін пайдалану;
3) мəтіндік процессормен жұмыс істегенде ұлттық халық ауыз əдебиетімен байланысты мəтіндерді пайдалану;
4) жоба  қорғау  барысында,  жарыс  сөздер  жəне  ауызша  жауаптарда  сөйлеу мəдениетін дамыту;
5)  операциялық жүйелерді жəне программалау тілін меңгеру барысында ағылшын тілін пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
6) программалау тілінің синтаксисін түсіну, компьютерлік технологияларды меңгеру, кең таралған əдебиеттерге еркін қол жетімдік;
7) телекоммуникациялық ресурстар ағылшын тілін меңгеру құралы ретінде қарастыру.

9.  Биология пəнімен пəнаралық байланыс:
биологиялық үдерістерді кестелік процессор жəне программалау тілі арқылы модельдеу.

10. Химия пəнімен пəнаралық байланыс:

химиялық  үдерістерді  кестелік  процессор  жəне  программалау  тілі  арқылы модельдеу.

11.  Тарих пəнімен пəнаралық байланыс:
дербес компьютердің құралдарының дамуы мен шығуы жəне ақпараттарды өндеу əдістері.

12.  Бейнелеу өнері пəнімен пəнаралық байланыс:
1) жалпы  ақпараттық  мəдениет  элементі  ретінде  эстетикалық  көзқарасты қалыптастыру;
2) мəтіндік  жəне  графикалық  редакторларын  оқу  барысында  қазақ  жəне басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

13.  Сызу пəнімен пəнаралық байланыс:
мəтіндік  жəне  графикалық  редакторларын  оқығанда  ұлттық  жəне  басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

14. Технология пəнімен пəнаралық байланыс:
1) есептеулерде жəне шамаларды өлшегенде алгоритмдерді пайдалану;
2) ақпараттық іс-əрекет технологиясын меңгеру.

ИНФОРМАТИКА 6-сынып (кіріктірілген курс)
(барлығы 17 сағ, аптасына 1 сағ)
(Вариативті компоненттер)

Қазақ сыныптарынан бөлек өзге ұлт сыныптарында вариативті компоннентінен 6 сыныпқа сағат қаралмағандықтан ерікті ақысыз үйірме ұйымдастыруға болады

Тақырыптар атауы Сағат саны

Кіріспе.

 

1 Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

1

Ақпарат және ақпараттық үдерістер

2 Ақпараттарды компьютерде өңдеу. Бағдарламалық жабдықтар.

1

Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы

3 Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.

1

4 Дербес компьютер. Жүйелік блок. Монитор.
5 Пернетақта.(клавиатура).  Тышқан (мышь).

1

6 Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы.

1

7 Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Файлдар, бумалар және белгішелер.

1

8 Объектілерді іздеу. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Практикалық жұмыс.

1

9 Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Практикалық жұмыс.

1

10 Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

1

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

11 Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу құралдары.

1

12 Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс. Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау. Баспадан шығару.

1

13 Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу.

1

14 Мәтінді редакциялау және пішімдеу. Қаріп. Абзац.

1

15 Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Аралас құжаттарды құру.

1

16 Калькулятор. Блокнот.

1

17 Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу

1

 6-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1) қауіпсіздік техникасының ережесін;
2) информатика пəні нені оқытатының;
3) ақпарат түсінігін;
4) ақпарат түрлерін;
5) ақпаратты өңдеу тəсілдерін;
6) компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін;
7) компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеттері мен түрлерін;
8) операциялық жүйе ұғымын;
9) операциялық жүйеде жұмыс істеу тəсілдерін;
10) операциялық жүйені басқару тəсілдері мен негізгі объектілерін;
11) ақпараттарды тасымалдаушылар міндетін;
12) графиктік редакторда жұмыс істеу тəсілдерін;
13) мəтіндік редакторда жұмыс істеу тəсілдерін;
14) мəтінде теру ережесін;
15) мəтінді редакциялау жəне пішімдеу тəсілдерін;
16) калькуляторда жұмыс істеу тəсілдерін;
17) Блокнотпен жұмыс істеу тəсілдерін;
18) сандық,  дыбыстық  ақпараттарды  өңдеу  бойынша  бағдарламаларда жұмыс істеу тəсілдерін;
19) мəтіндік құжатты рəсімдеу тəсілдерін.

6-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
1) қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
2) ақпараттың түрін анықтауды;
3) компьютердің стандартты графиктік интерфейсін қолдануды;
4) файлдармен, бумалармен, белгішелермен операциялар орындауды;
5) қарапайым  графиктік  редактор  құралдарымен  графиктік  объектілерді салуды;
6) мəтіндік  редактор  құралдарымен  мəтінді  теруді,  редакциялауды, пішімдеуді;
7) аралас құжаттарды құруды;
8) калькулятор арқылы есептеу нəтижелерін табуды;
9) дыбыстық ақпаратты жазуды.

ИНФОРМАТИКА 7-сынып (кіріктірілген курс)
(барлығы 17 сағ, аптасына  1 сағ)

Тақырыптар атауы

Сағат саны

Кіріспе (1 сағат)

1 Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Ақпарат және ақпараттық үрдістер (1 сағат)

2 Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Ақпарат қасиеті. Әлемнің ақпараттық бейнесі.

1

Компьютер (7 сағат)

3 Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері.

1

4 Компьютерлік техниканың даму үрдісі

1

5 Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.

1

6 Пернетақта.

1

7 Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Файлдар, бумалар және белгішелер

1

8 Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.

1

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (9 сағат)

9 Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу.

1

10 Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Аралас құжаттарды құру.

1

11 Microsoft Word Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау

1

12 Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

1

13 Microsoft Power Point офистік бағдарламасы. Программа интерфейсімен танысу.

1

14 Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары

1

15 Мәтінді құру. Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету

1

Телекоммуникация (2 сағат).

16 Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер. Жергілікті желі. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.

1

17 Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік

1

7-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1) қауіпсіздік техникасының ережесін;
2) информатика пəні нені оқытатының;
3) ақпарат түсінігін;
4) ақпарат түрлерін;
5) ақпаратты өңдеу тəсілдерін;
6) ақпараттың өлшеу бірлігін;
5) есептеуіш техниканың даму тарихын;
6) электронды-есепеуіш машиналардың кезеңдерін;
7) дербес компьютердің даму архитектурасының үрдісін;
8) операциялық жүйе ұғымын;
9) операциялық жүйеде жұмыс істеу тəсілдерін;
10) операциялық жүйені басқару тəсілдері мен негізгі объектілерін;
12) мəтіндік редактордың мəтіндік процессордан айырмашылығын;
13) мəтіндік процессор интерфейсін;
14) құжатты құру жəне сақтау тəсілдерін;
15) мəтінді  пішімдеудің  негізгі  тəсілдерін (қаріп,  абзац,  шегініс,  аралық, тізім);
16) презентация ұғымын, слайдтармен жұмыс істеу тəсілдерін;
17) презентацияларды безендіру шаблондарының міндетін;
18) анимация ұғымын, анимация əсерлерін баптауын;
19) презентацияда  мəтінмен,  кестелермен,  графикалық  объектілермен, бейнемен жəне дыбыспен жұмыс істеу тəсілдерін;
20) презентацияларды көрсетудің баптау тəсілдерін;
28) компьютерлік байланыстардың түрлерін;
29) Интернетте ақпаратты іздеу əдістерін;
30) Интернетте ақпаратты қорғау тәсілдерін

7-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
1) қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
2) Информатика пәні ұғымын;
3) ақпараттың түрін анықтауды;
4) есептеуіш техникасының даму кезеңдері;
5) ақпараттық объектілері мен процесстердің сандық параметрлерін бағалау, олар: ақпаратты сақтау үшін қажетті жады көлемін;
6) файлдармен, бумалармен, белгішелермен операциялар орындауды;
7) мəтінді теруді, редакциялауды жəне пішімдеуді;
8) тізімдер (нөмірленген  жəне  маркерлеген  тізім)  бар  мəтіндік  құжаттарды құруды;
9) мəтіндік құжаттарға кесте салуды;
10) мəтінге бағана орналастыруды;
11) бет параметрлерін баптауды;
12) мəтіндік құжаттарға графикалық объектілерді жəне жазуларды кірістіруді;
13) қарапайым мультимедиялық презентациялар құруды;
14) слайдқа  мəтін,  кесте,  графикалық  объектілері,  бейне  жəне  дыбыс кірістіруді;
15) слайдтардың əсерлерін жəне көрсетулерін баптауды;
16) Интернет желісінде ақпаратты іздеуді іске асыруды;

ИНФОРМАТИКА 8-сынып (кіріктірілген курс)
(барлығы 17 сағ, аптасына 0,5 сағ)

Тақырыптар атауы Сағат саны

Кіріспе.

1 Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

1

 

Алгоритмдеу және программалау

2 Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар.

1

3 Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит.

1

4 Программалау тілінің синтаксисі. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі

1

5 Программа құрылымы. Айнымалылар типтері.

1

6 Енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.

1

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

7 Растрлық графика. Растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі. Растрлық бейнелердің параметрлері. Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері. Түстер. Салу құралдары.

1

8 Microsoft Word Мәтіндік процессорында мәтіндік құжаттарды форматтау.

1

9 Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару.

1

10 Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.

1

11 Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

1

12 Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу

1

13 Математикалық мәтінді енгізу

1

Өзіндік жұмысы

1

14 Power Point бағдарламасында презентация құру. Безендіру шаблондары. Слайд жасау.

1

15 Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

1

16 Презентацияларды баспадан шығару.

1

17 Практикалық жұмыс

1

8-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
1) қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
2) əртүрлі алгоритм түрлерін ауызша жəне графиктік формада құрастыруды;
3) компьютерлік графика түрлерін;
4) программалау тілінде файлдармен жұмыс істеу амалдарын;
5)айнымалылар типтерін анықтауды;
6) сызықты құрылымның программаларын құруды;
7) енгізу, шығару және меншіктеу операторларын;
8) графикалық файлдардың пішімін;
9) векторлық объектілермен орындалатын қарапайым амалдарын;
10) растрлық бейнелердің параметрлерін;
11) растрлық графиканың сурет салу құралдарын.
12) растрлық графиканың объектілерімен жұмыс істеуді;
13) растрлық графикада ерекшелінген аймақтармен, қабаттармен жұмыс істеуді.
14) мəтінді теруді, редакциялауды жəне пішімдеуді;
15) тізімдер (нөмірленген  жəне  маркерлеген  тізім)  бар  мəтіндік  құжаттарды құруды;
16) мəтіндік құжаттарға кесте салуды;
17) мəтінге бағана орналастыруды;
18) бет параметрлерін баптауды;
19) мəтіндік құжаттарға графикалық объектілерді жəне жазуларды кірістіруді;
20) мәтіндік құжаттарға математикалық мәтінді енгізуді;
21) қарапайым мультимедиялық презентациялар құруды;
22) слайдқа  мəтін,  кесте,  графикалық  объектілері,  бейне  жəне  дыбыс кірістіруді;
23) слайдтардың əсерлерін жəне көрсетулерін баптауды;

8-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1) қауіпсіздік техникасының ережесін;
2) алгоритм жəне атқарушы ұғымын;
3) алгоритмдерді жазу пішімін;
4) алгоритмді блок-схема арқылы жазуын;
5) алгоритмдер типін;
6) бағдарламалау тілдерінде қарапайым есептер шығаруды;
7) айнымалылар типтерін анықтауды;
8) растрлық графиканың объектілерімен жұмыс істеуді;
9) растрлық графикада ерекшелінген аймақтармен, қабаттармен жұмыс істеуді.
10) мəтіндік редактордың мəтіндік процессордан айырмашылығын;
11) мəтіндік процессор интерфейсін;
12) құжатты құру жəне сақтау тəсілдерін;
13) мəтінді  пішімдеудің  негізгі  тəсілдерін (қаріп,  абзац,  шегініс,  аралық, тізім);
14) мəтіндік процессорда кестелерді құру жəне редакциялау тəсілдерін;
15) бағанға мəтінді орналастыру тəсілдерін;
16) беттердің параметрлерін баптауын;
17) құжатты баспаға дайындауын;
18) мəтінге графикалық объектілерді жəне жазуларды кірістіру командаларын;
19) презентация ұғымын, слайдтармен жұмыс істеу тəсілдерін;
20) презентацияларды безендіру шаблондарының міндетін;
21) анимация ұғымын, анимация əсерлерін баптауын;
22) презентацияда  мəтінмен,  кестелермен,  графикалық  объектілермен, бейнемен жəне дыбыспен жұмыс істеу тəсілдерін;
23) презентацияларды көрсетудің баптау тəсілдерін;
28) компьютерлік байланыстардың түрлерін;

Жеке тұлғалық нəтижелер:

1) өз меншік жеке жəне топтық іс-əрекетін жоспарлау қабілеттіліктері;
2)  оқу жəне практикалық іс-əрекетте коммуникативтік құзыреттілік пен ақпараттық мəдениеті;
3)  қабылданған ақпаратқа талдау жəне сын көзбен бағалау дағдылары;
4)  өз іс-əрекетінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары мен ақпараттық көздерді пайдалануды;
5)  салауатты  өмiр  салтының  құндылықтарын  жəне  негiзгi  гигиеналық, эргономиялық  жəне  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  құрал-жабдықтарды қауiпсiз пайдалану техникалық шарттарын қабылдай білуді;
6) жеке меншік өмір туралы ақпаратқа дұрыс көзқараспен қарауды;
7)  оргтехникаға ұқыпты қарауды.

Жүйелі-əрекеттік нəтижелер:

1) оқыту, тестілеу-программалары жəне тренажер-программаларымен жұмыс істеуді;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен қоса сандық тұрмыстық техниканы басқару, оны баптау;
3) қарапайым құрылымды құжаттарды, суреттерді дайындау;
4) ақпараттық  объектілерді  құруды,  оның  ішінде  оқу  жұмыстарының нəтижесін рəсімдеу;
5) жеке ақпараттық кеңістікті ұйымдастыруда, жеке ақпараттық объектілері коллекциясын құру;
6) мəтіндік жəне мультимедиалық объектілерді құру;
7) оқу іс-əрекетінде электрондық кестелер мүмкіндіктерін пайдалану;
8) кестелік процессор арқылы есептерді шығару жəне есептеулерді автоматтандыру;
9) деректер қорында ақпараттарды сақтау;
10) күнделік өмірде кездесетін объектілері мен жағдайларды модельдеу;
11) векторлық  жəне  растрлық  графикалық  объектілерді,  видеобъетілерді құруды;
12) күрделі емес математикалық жəне физикалық есептерді шешу үшін əртүрлі алгоритмдік құрылымдарды құру;
13) дүниежүзілік ауқымды желіден ақпарат алуды,

8.Ауыспалы оқу бағдарламасының базалық мазмұны.

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.