«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы (сыныптан тыс шара 6-сынып)

Ақтөбе облысы,Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті №3 Шұбарқұдық орта мектебінің математика пәні мұғалімі  Жанғали Айгүл Тюлеубайқызы.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

 Көрнекілігі:  Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.  Топтың аты жазылған алдарына қоятын қағаздар. Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау

Түрі: топтық сайыс

 Жоспары:

1.Топ мүшелерімен таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, ұраны;
2. Логикалық сұрақтар;
3. Полиглот
4. Кім жылдам?
5.Сергіту сәті. «Ойлан тап».
6. «Артық сөзді тап»
7.»Математикалық терминдер»
8. «Кім тапқыр?» жанкүйерлер сайысы.
9. «Топ басшылар сайысы»

Қолданылған нақыл сөздер:

1. «Логика өнері – адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.» Әбу Насыр Әл-Фараби
2. «Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те» Р.Бэкон

Барысы:

     Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі  біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін «Көңілді тапқырлар» атты сайысқа жиналып отырмыз. Бұл сайыста екі топтың білімдерін сынағалы тұрмыз. Олай болса, сайысымызды бастайық.

Сайысты бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдында дайындалып қойылған. Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу, тәртібімен таныстырайық.

Сайыс 9 кезеңнен тұрады. 1.Топ мүшелерімен таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, ұраны;
2. Логикалық сұрақтар;
3. Полиглот
4. Кім жылдам?
5.Сергіту сәті. «Ойлан тап».
6. «Артық сөзді тап»
7. «Математикалық терминдер»
8. «Кім тапқыр?»
9. «Топ басшылар сайысы»

1.Топ мүшелерімен таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, ұраны;

  1. Логикалық сұрақтар. Тақтадан видио сюжет көрсетіледі.Қазір сендерге логикалық сұрақтар қойылады. Кім бірінші қол көтереді, сол жауап береді. Әр дұрыс жауабына – 1 ұпай.
  2. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық бірақ 5-тен кем сан шығады? (үтір)
  3. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?
  4. Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды? (3)

3.Полиглот.

Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. – деп

Жұмбақ қойылады ,шешімін табу керек .Егер жауабы дұрыс болып, аудармасы жоқ болса, 1 ұпай алынады. Ең көбі – 3 ұпай.

Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым.

               (шеңбер – окружность – circle)

Толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.