Ұстаз – ұлағатты есім (ТС).

 Опашова  Жанагул   Жалеловна. №162 орта мектеп директорының  тәрбие жөніндегі орынбасары, Қожамберді ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы.

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, қадірменді оқушылар! Бүгінгі ұстаздарымыздың құрметіне арналған 7-сынып оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар!

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін ұстазымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.

1-жүргізуші:
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға- деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын! Біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БӘРІ БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз,
Бірге өсіп ен жайлаған ұл мен қыз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,

-дей келе аладрыңыздағы оқушылардың «Ұстаз туралы» әні сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!

1-оқушы:
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің – мұғалім,
Ұстаз да, ғалым дана да.

2-оқушы:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардақтайды барша жан.
Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.

3-оқушы:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.

4-оқушы:
Талпынған ем ұядағы,
Қырандай жетілдірдің қиядағы.
Ұстаздарға арналар лебіздерім,
Бір жырға қалай ғана сия алады.

5-оқушы:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестірдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей

6-оқушы:
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.

7-оқушы:

8-оқушы:

9-оқушы:

1-жүгізуші: «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны» … Ия, бұл мектеп мұғалімі – ұстазға арналған теңеулер. Мұндай
мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Ендеше мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!

2-жүргізуші:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы.
ХОРМЕН: Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.