Delphi программалау ортасы бойынша бейнежаттығулар

Құрметті әріптестер!! Құрметті Delphi-қолданушылар!!

Қазіргі кезде заман талабына сай қандай да бір орта бойынша программа мүмкіндіктерін кеңейту немесе программа жұмысын қолданушыға ыңғайлы етіп баптау қызметтері үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұл қызметтерді іске асыру үшін қолданушыдан программалау саласы бойынша нақты бір білімнің болуын талап етеді. Оған қарапайым ғана мысал Microsoft Office пакеті программаларына макростар жазуды айтуға болады. Қазіргі таңда шығарылып жатқан программалардың көпшілігі мүмкіндіктері жағынан мейлінше кеңейтілген, жұмыс істеуге ыңғайлы, амалдарды орындау жылдамдығы мен сапасы ескерілген болып жасалынады. Осыған қарамастан кейбір қолданушылар программаның нақты бір қызметтерін ғана пайдаланатын болғандықтан немесе кейбір қызметтер мүлдем керек болмағандықтан сол программа қызметтерін баптауға тура келеді. Сол сияқты соңғы уақытта кеңінен қолдау тауып келе жатқан Web-программалау, яғни Интернет құжаттарына арналған программалау жүйесі қарқындап дамып келе жатыр. Программисттер өнімдері сапасы, қызмет көрсету саласы жағынан нашар, қанағаттанарлықсыз деп айтуға болмайды. Бұл дегеніміз әр сала бойынша программа мүмкіндіктерінің жекеленген қызметтерін ғана пайдалану қажеттілігінен туындайтын қызмет саласы деп түсіну қажет.

Назарларыңызға Windows ортасында дайындалған Delphi программалау ортасын үйренуге негізделген зертханалық жұмыстар жүйесін ұсынамын. Жаттығулар Delphi программалау ортасын жаңадан бастап үйреніп жүрген қолданушылардан бастап программалауды орта деңгейде меңгерген қолданушыларға да арналады. Зертханалық жұмыстар  қазақ тілінде жұмыс істейтін қолданушыларға көмекші құрал ретінде септігін тигізері сөзсіз. Қазақ тіліндегі ақпарат қорының мөлшері Ғаламторда өте аз екендігін ескеру керек.

Зертханалық жұмыстар  неліктен Delphi ортасын зерттеуге негізделді? Неліктен Delphi? Оның себебі информатика курсынан 9-сыныпта оқушылар TurboPascal программалау тілін үйренеді. Паскаль тілі компьютер үшін де, қолданушы үшін де үйренуге ыңғайлы тіл болып келеді. Қарапайым программалармен қатар, күрделі ғылыми-өндірістік мәселелерді де шеше алатын құрылымдық тіл болып саналады. Программалауды жаңадан үйренетін қолданушыларға программа құру реттілігін алгоритмдік тәртіппен қарастыратын, қолданушыларды ұқыптылыққа, іс-әрекеттердің қатаң реттілігіне тәрбиелейтін тіл болып табылады. Құрылымы жағынан алгоритмдік тілге өте ұқсас болып келеді. Және бір жағынан қазіргі кезде әлемдегі көптеген мемлекеттердің оқу орындары программалау курсын меңгеруді осы тілді зерттеуден бастап отыр. Ал, Delphi тілі құрылымы жағынан TurboPascal программалау тіліне өте ұқсас болып келеді.

Зертханалық жұмыстармен жұмысты қарастырайық…

Толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.