5-сынып. «Күз» өлеңі оқу, талдану (кіріктірілген сабақ).

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы № 2 Ақсуат орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі:         Болысова Гүлмира Мақсұтқанқызы.
қазақ тілі пәні мұғалімі:                   Әлімбаева Бағлан Байғалиқызы.

Қ.  Омарғалиқызы осы еңбегінде бүкіл саналы ғұмырының басым бөлігін Абайға арнаған данышпан Әуезов те оның мол мұрасын «тек шөмішпен ғана сүзіп алдым» деген.  Ал біздер, ұстаздар, тіпті қасықпен қалқып алып, ұлы дана мұрасын шәкірттерімізге бере алып жүрміз бе, ол, әрине, ойланатын мәселе дей келіп

Әдебиет сабағы-ой сабағы, ойлау сабағы, ойланту сабағы. Ойлау-шәкірт тарапынан болатын әрекет, яғни олардың қабылдау, түйсіну, көркем туындымен қауышуы;  ал ойланту-ұстаз тарапынан болатын іс-әрекет деп түйіп, бұл жұмыстың төменгі сыныптардан басталғаны тиімді.

Мысалы, 5-сыныпта  «Күз» өлеңі оқу, талдануға ұсынады.

Көмек нұсқау

1. Өлеңді асықпай,2-3 рет оқып шық.. Түсінбеген сөздеріңді белгілеп қой.

2. Өлең не жайындa? Ақын не айтпақ болған?

3. Қалай ойлайсың,өлең қандай көңіл-күймен жазылған?

(Соңғы шумаққа көңіл қой.)

4.  Күз көрінісін ерекше ашып тұрған бейнелі сөздерді тап. Сондай сөздерді іріктеп ал.

Күз суретімен қоса кімдер бейнеленген? Олардың іс-әректіне назар аудар.

Лирикалық шығармаларды өтуде көрнекілік, музыка, яғни оқушы сезіміне әсер етер оқу жабдығының маңызы зор. Әсіресе, қолайлы оқу жағдайын туғызу, шығармашылық сипаттағы әдіс-тәсілдерді үйлесімді түрде тиімді пайдаланудың маңызы зор. Сабақты түрлендіре, оның әр түрлі типтерін пайдалана оқыту да нәтижелі болмақ.

Сабақты түрлендіре оқыту, әр сабақтың өзіне лайық түрін іздеудің білімдік те, танымдық та, тәрбиелік те маңызы зор. Мұндай сабақтарға оқушылар аса қызығушылықпен қарайды, белсенділіктері артады, өз беттерімен іздену дағдылары дамиды,қорыта айтқанда, жаттанды,таптаурын болған, бір-біріне ұқсас сабақтардан жалыққандай жалықпай, ынталана қатысады, жан-жақты, тереңдетілген білім алады-деген екен, ендеше, қазіргі заман талабына, оқушы қызығушылығына қарай бір ізденіс түрін ұсынамыз.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.