Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,  «Бәйтерек» мектепке дейінгі балалар мекемесі,  Пұсырманова Күлән Жүсіпбекқызы.

Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Тәрбиеші; Құрметті «Бәйтерек» балабақша ұжымдары, ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Абылай:
Тәуелсіздік таңын сүйем,
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
Диас:
Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.
Мансұр:
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Ербол:
Маған қымбат ұлы елімнің.
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры.
Шерхан:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Мақпал:
Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.
Инабат: Ән «Анашым»
Айару:
Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.
Олжас:
Тәуелсіздік – бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.
Кәусар:
Балабақша серпін нық,
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік –ынтымақ,
Тәуелсіздік еркіндік.
Аяна:
Қыста келген бақыт бұл,
Қыспай берген жақұт нұр.
Аппақ қардай пейілін
Әлемге елім шашып тұр.
Сагдиана:
Тәуелсіздік – ел болу.
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу.
Нұрта: Ән «Біз өмірдің гүліміз»
Әдемі:
Өз меншігің
Тау, дала
Көкке өрле, самға да!
Сену,
Келу тәубаға!…
Қайсар:
Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздар-ай
«Елім-ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай
Әдемі: Ән: «Қошақаным»
Инабат:
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын.
Теңескен төбем көкпенен.
Кәусар: Би «Хатуба»
Абылай:
Егеменді ел бақыты ертеңгі,
О, халайық Құтты болсын қуаныш!
Аяна: Би: «Шығыс биі»
Хор: « Менің Қазақстаным»
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа – ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар естиярлар тобының дайындаған «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.