Мектеп сайтының құрылымы

Алматы қаласы, Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Саяхат Бақытгүл.

Шынайы компьютерлік сауаттылық компьютер мен компьютерлік идеяларды пайдалануды ғана емес, сондай-ақ оны қай кезде қолдану керектігі жөніндегі білімді де білдіреді..
Сеймур Пайперт

Web-сайт бұл әлемнің кішкетай құрылымы. Сайт (ағыл. сөзі, Site – орын; мәндес сөздері – веб торап, веб сайт, ресурс) – бұл өз адресі (URL), өз иесі бар және біртұтас бүтін секілді қабылданатын веб-беттерден тұратын Интернеттегі орын. Веб-бет (ағыл. сөзі – web-page) – бұл (URL) адреспен бірмәнді анықталатын Интернеттің логикалық бірлігі. Ол суреттерді, скриптерді, форматталған мәтінді, дыбысты, бейнені басқа веб-беттерге немнесе Интернет ресурстарына сілтемелерді енгізе алады.  Сонымен, веб-сайт – бұл дайындаудың ортақ мәнері бар болуы және өзара біртұтас тақырыппен байланыста болуы тиіс веб-беттер тобы.

Мектеп сайтының құрылымы ақпаратты жинау мен топтастыру шарасы бойынша қалыптастырылады

Мектеп сайты үшін ақпаратты жинау мен өңдеу кезінде сақталуға ұсынылатын негізгі қағидалар:

Мақсаттары әр түрлі топтардың мүддесін есепке алу. Сайттың бөлімдерін дайындау туралы шешім қабылдай отырып, бірінші кезекте ол кімдерге арналғанын және сол топтан оның қатысушылары осы бөлімнен не күтетінін ойластыру.

Ақпаратты ұсынуды типтендіру. Мектеп сайтын қарап шығатын адам бөлімдердің атауларын көре отырып, шамамен нені және қайдан атынын түсінеді. Бұл сайтты толтырудың даралығын өзгертпейді: типтік тек ең сыртқы құрылым ғана болып саналады, сіз өз сайтыңызды ары қарай толтыра отырып, өнертапқыштық таныта аласыз.

Мектеп туралы ресми ақпараттың бар болуы. Мектеп сайтының көрінетін жеріне мектеп туралы ұсынылуға міндетті ең аз мағлұмат бар болады.

Мәтіннің ыңғайлы оқылуы және орфографиялық қатенің болмауы.

Ақпаратты жаңарту. Сайтты жаңартудың қажетті жиілігі сіз оған ақпараттың қандай тегін орналастырасыз, соған байланысты болады. Келешек сайттың құрылымын ойластыра отырып, әрбір бөлім бойынша оны қаншалықты жиі жаңарту керек болатынын алдын ала бағалаңыздар да жаңартумен кім айналысатынын шешіңіздер.

Мектеп сайты құрылымының нұсқалары:

1. Білім беру мекемесі туралы ақпарат (Басты). Мектеп туралы жалпы ақпарат. Мектептің нормативтік-құқықтық базасы. Мектептің ашық есебі.
2. Жаңалықтар. Бөлімде мектептің тыныс-тіршілігі және тұтастай барлық облыстық білім беру жүйесі туралы қысқаша ақпарат бар болады.
3. Білім беру мекемесінің іс-әрекеті.
4. Үйымдастыру іс-әрекеті:
Біліктілікті арттыру;
АҚТ саласындағы біліктілікті арттыру;
Педагогикалық кадрларды аттестаттау.
5.Ұйымдастыру-әдістемелік іс-әрекет (конференциялар, семинарлар, мәжілістер, жарыстар, олимпиадалар, жобалар және т.б..).
6. Бұйрықтар.
7. Нұсқаулық-әдістемелік және ақпараттық хаттар.
8. Әдістемелік ұсыныстар.
9. Оқу-әдістемелік материалдар.
10. Элективтік курстар.
11. Цифрлық білім беру ресурстарының жинағы.
12. Білім беру жүйесін ақпараттандыру (төлқұжат, өзектілік, мақсат, міндеттер, нәтижелер).
13. Біліктілікті арттырудың қашықтық курстары.
14. Біздің жетістіктеріміз.
15. Мектептің спорттық өмірі.
16. Интерактивтік күнделік.
17. Оқушыларға.
18. Мүғалімдерге.
19. Ата-аналарға.
20. Блогтар (мектептер директорына, мұғалімдердікі, сыныптық).,
21. Бітірушілерге.
22. Сұрақтар мен жауаптар .
23. Форум.
24. Чат.
25. Хабарландырулар.
26. Қонақ кітабі.
27. Байланыстар.
28. Сайт авторы.
29. Басқа материалдарға, сайттарға және т.б. сілтемелер.

Білім беру мекемелері үшін сайт құрастыру қажеттілік болып табылады, өйткені ақпарат әлемді басқарады. Білім беру мекемесі туралы ақпараттың Интернет желісінде болмауы, оның ақпараттық қоғамдастықта жоқ екенін білдіреді. Ондай жағдай заманауи білім беру мекемесі үшін жол бергісіз болып табылады.

Мектеп сайтын дайындау кезеңдері

Сайтты дайындау процесін келесі кезеңдерге бөлуге болады:

  • ынталы топты қалыптастыру; сайттармен танысу және оларды талдау;
  • сайттың тұжырымдамасын дайындау, қойылатын мақсаттарды анықтау;
  • сайттың құрылымын, сайт бөлімдерінің саны мен бағыттылығын анықтау;
  • сайттың мәнерін, дизайнын дайындау;
  • сайттың жергілікті көшірмесін қажетті материалдармен толтыру;
  • жергілікті көшірмені тестілеу;
  • сайтты серверге орналастыру, серверлік нұсқаны тестілеу;
  • сайтты іздестіру жүйелеріне, тақырыптық каталогтарға тіркеу;
  • сайтты өткізу.

Ынталы топты қалыптастыру процесін іс жүзінде қалыпқа келтіру, яғни мұндай топты құруға әкелетін қадамдардың тізбегін көрсету мүмкін емес. Бірақ міндетті шарттардың бірі болып топ құрамына ең кемінде компьютерлік технологиямен жақсы таныс бір педагогтың кіруі саналады. Бар сайттармен таныса отырып, өз сайтыңды дайындау кезінде сайттардың дизайнына, бөлімдердің құрылымына, тақырыптық бағыттылыққа назар аудару қажет. Мақалаға, сіздің көзқарасыңыз тұрғысынан, сол немесе басқа мектеп сайттарында орындалған  барлық қызықты идеялар мен шешімдерді алуға болады. Тұжырымдаманы дайындау кезінде осы ақпараттық ресурсты әзірлеуде қандай мақсаттар қойылатынын, сондай-ақ сайтты дайындау мен қолдау үшін қандай құралдарды пайдалануға болатынын нақты анықтау қажет. web-ресурсқа жай қатынаудан басқа, мектеп сайтын орналастыру ұйғарылатын web-сервер қандай мүмкіндіктер ұсынатынын анықтау қажет. Мұндай қызметке сценарийлердің әр түрлі тілдерін қолдау, мәліметтер базасына қатынас құру, форумдарды, қонақ кітаптарды қолдау жатады. Жоғарыда аталғандарды жеке-жеке талдап, қойылған мақсаттарды анықтау және түзету енгізу қажет. Осы кезеңде қойылған мақсаттар өресінен шыға отырып, болашақ сайт құрылымының жобалық нұсқасын дайындау қажет.

Дайындаманың келесі кезеңінде сайттың көптеген беттерінің дайындалуына сәйкес болатын  сайттың базалық мәнерін таңдау қажет. Сайттың мәнерін таңдау мектептің бағдарына сәйкес болуы тиіс. Бұл процесс бейресми, шығармашылық, сол немесе басқа жағдайда қандай нақты мәнерді пайдаланудың  нақты рецепті жоқ және бола алмайды. Осы кезеңде, ең болмағанда кеңесу деңгейінде, динайзер-кәсіпқой маманды тартуды қалайды.

Таңдалынған мәнер негізінде бетті қалыптастырудың ортақ элементтерін қосатын сайттың дзайнын дайындау, үлгіні дайындау іске асырылады. Біртұтас тіректі пайдалана отырып, ақырында сайттың беттері әзірленетін болады. Әдетте мұндай үлгілердің бірнешеуі әзірленеді, өйткені әр түрлі бөлімдердің дизайндары, ақпаратты орналастыру схемалары әр түрлі болады, кейде айтарлықтай өзгеше болады. Одан әрі сайттың құрылымын қағазға бөлшектеп дайындау, үлгіні дайындау және сйт бойынша бағыттау іске асырылады.  Мектеп сайты ұйымның іс-әрекеті, оқу орнының жұмыс істеу әлеуеті мен жағдайлары, мектептің мәселелері мен даму бағыты туралы бар мәліметтерді шоғырландырады. Білім беру мекемелерінің сайтын тиімді дайындау басшыдан бастай олтырып және техникалық рәсімдеуге жауап беретін маманмен аяқтай отырып, әр түрлі деңгейдің атқарушылар «қомандасының» үйлестірілген әрекеттері ұйғарылатыны маңызды екендігін ұмытпау керек.

Қолданылған әдебиеттер

1 Роберт, И.В. О понятийном аппарате информатизации образования /И.В.Роберт // Информатика в образование. – 2002 №12. С.2-6.
2 Е.С.Полат, М.Ю.Бухаркина, М.В.Моисеева, А.Е.Петров. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: учебное пособие для студентов пед.вузов и системы повышения квалификации педагогических кадров, под редакцией Е.С.Полат – Академия, 2001. С.272.
3 http://www.nomad.su/?a=3-201006110038
4 http://www.edu.gov.kz/index.php?id=969&L=1.
5 Хуторский А.В. Развитие одаренности школьников. Методика продуктивного обучения: пособие для учителя / А.В.Хуторский – М. Владос, 2000. – 320с.
6 Сайков Б.П. Организация информационного пространства образовательного учреждения: практическое руководство / Б.П. Сайков. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний. 2005. – 406 с.
7 http://www.unesco.kz/publications/ci/2009/cifoss.pdf

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.