Информатика. Паскаль. Шамаларды сипаттау, егізу-шығару, сызықтық программалар.

zkakaev000Жақаев Мұхаметжан.  Жамбыл облысы, Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицейі.

Мақсаты:

  • Паскаль-программаның шамаларды сипаттау бөлімі, мәлімет енгізу, нәтижені экранға шығару, сызықтық программа туралы ұғымдар қалыптастыру;
  • Программа құрылымын сақтай отырып сызықтық программалар жазу дағдысын қалыптастыру және  дамыту;
  • Программа құрамында операторларды көрнекті  жазуды талап ету, эстетикалық талаптарды сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация, электрондық сабақ,  компьютерлер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
  • Журнал толтыру;
  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ.  Үйтапсырмасымен жұмыс. (5-10 мин. Бір дұрыс жауап бір ұпай) №1 компьютерде сабақтың операторы ретінде кезекші оқушы немесе лаборант отырады. Ол бүкіл сабақ барысында тест нәтижелерін, оқушылардың жауаптына берілген ұпайларды, практикалық жұмыс нәтижелерін, әр оқуышға жеке-жеке арнаулы мониторинг прогаммаға (Excel-де жасалған) енгізіп отырады.

  • тест тапсыру. (intest9k01.xls алдын ала компьютерлерге көшіріліп қойылады. 1-компютерде екі оқушы болса әрқайсысына 5 миннуттан)

ІІІ. Жаңа сабақ (10 мин) (мұғалім презентация немесе плифчарт көмегімен ауызша айтады)

ПС. Паскальға сандарды, мәндерді қалай енгіземіз? Паскаль шығарған есептің жауаптарын қалай көруе болады?

1. Айнымалыларды сипаттау. Паскаль-программада қолданылатын айнымалылардың атауларын сипаттау бөлімінде var  түйінді сөзінің көмегімен көрсетеміз.

Жазылу түрі (пішімі):
var айнымалылар тізімі: типі;
мысалы:
var    i, j, k:integer;
x, y:real;  name: string;   т.с.с.

2. Операторлар бөлімі

Паскаль құрылымын өткенде танысқанымыздай операторлар бөлімі begin – end. түйінді сөздерінің аралығына, «;» таңбасымен бөлектеніп жазылады. Паскаль программа әрқашан program түйінді сөзінен басталып жазылады.

Жазылу түрі:     program атау (input, output);  Кез-келген программада кіріс (input) – шығыс (output) процедуралары қолданылатындықтан бұл екі сөзді жазбауға болады. Егер программада басқа стандартты файлдар қолданылатын болса олардың атын жақша ішіне жазып қоюға болады.

Сонымен кез-келген программада мына бөліктер болуы міндетті. (кестені оқуышлар жазып алады. 1-2 ұпай)

1. тақырып program атау;
2. сипаттау бөлімі var айнымалылар: тип;
3. операторлар бөлімі begin
операторлар;
end.

3.  Шығару операторы. Нәтижені немесе кез-келген ақпаратты экранға шығару үшін write немесе   writeln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі:  write(a1, a2, a3, …, an);    мұнада жақша ішінде жәй айнымалы немесе апострофпен қоршалған мәтіндер болуы мүмкін. Writeln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан басып шығарады. Нақты сандарды басып шығарғанда оларға қанша орын берілетінін көрсетуге болады. Мысалы: x –сан болсын,

write(x,n,m);       Мұндағы:
х- ондық бөлшек сан,
n – х-тың барлық мәніне берілген орын саны,
m – х-мәніннің бөлшек бөлігіне берілген орын саны.

5.  Енгізу операторы. Мәліметті немесе кез-келген ақпаратты компьютерге енгізу үшін read немесе   readln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі:  read(a1, a2, a3, …, an);    мұнада жақша ішінде жәй айнымалылар. Readln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан бастап оқиды. Айнымалыларға мән енгізгенде мәнді пернетақтадан теріп <enter> пернесін басамыз. Айнымалылар біреу немесе бірнешеу болса да осылай істейміз, болмаса жақшада қанша айнымалы (әріп) тұрса сонша мәнді арасын үтірмен бөліп жазып бірақ енгізуге болады. Тек айнмалы мен енгізілетін мәліметтің типтері бірдей болуы керек.  Мысалы: x –айнымалы болсын,

read(x);  Программада осы оператор кездескенде компьютер «тоқтап», экранға «?» белгісін шығарып, мәлімет енгізуіімізді күтіп тұрады. Біз тиісті мәнді (сан, сөз, т.б.) теріп <enter>-ді басамыз.

Енді алгоритм туралы еске түсірейік. Мына алгоритмді тор көз параққа орындаңыздар:

  1. Қарындашты торкөз қилысына тигізіңіз;
  2. Солға 5кл сызыңыз;
  3. Төмен 5кл сызыңыз;
  4. Оңға 5кл сызыңыз;
  5. Жоғары 5кл сызыңыз;
  6. Қарындашты қағаздан алыңыз;

– Не шықты?
– Шаршы
– Алгоритм басында шаршы салатындарыңды білдіңдерме?
– Жоқ
– Алгоритм командасын орындағанда ойландыңдарма?
– Жоқ
– міне компьютерге де алгоритмді осылай формалды атқарлатындай етіп жазу керек.
Ол үшін Паскаль тіліндегі бүгін үйренген операторларды пайдаланып программа жазуды үйренеміз.

4. Сызықтық программа дегеніміз жарлықтары бірінен кейін бірі оналасатын және сол ретпен атқарылатын программа.   (оқушылар ары қарай жазып алады)

ЕСЕП: Берілген бүтін х, у екі санның қосындысын экранға кәдімгі жазуға ұқсас етіп шығаратын программа жазыңыз.

program zadahsa01;      {тема прог.}
var      s,x,y:integer;         {раздел преде.переменных.}
begin                                     {нач.команд. прог}
  write(‘ввести два целых числа ’);   {оператор вывода }
   read(x,y);                         {оператор ввода знач.}
s:=x+y;
   write(x,’+’,y,’=’,s);      {оператор вывода }
end.                                      {конец прог.}

ІV. Практикалық жұмыс: (20мин)

  1. Жазып алған программаны компьютерге енгізіп, синтаксистік қателерін түзетіп, Ғ9-пернесін басып орындаңдар. (1 ұпай)
  2. Осы программаны 3 (4,5,.. әркімге әртүрлі) санның қосындысын шығаратындай етіп өзгертіңіз. (3 ұпай)
  3. Программа мәтінін компьютердегі өз папакаңызға сақтаңыз. (1 ұпай)

Оператор толтырып қойған мониторинг (мониторГл 9б.xls) программасын экранға шығарып оқушылардың бағаларын және сынып оқушылары білімінің сапа диграммасын көрсету.

V. Үйге (3мин)
Информатикаа-9 «Арман-ПВ» §5.1-6 №11
§3.2, 3.4.2, 3.4.4, 3.4.5  №5, 9, 10 есептер (74бет).

Сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.