Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз»

Есматова Аймангүл Қинаятқызы. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы,  “Парасат” мектеп-лицейі,  мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту, білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз бетінше орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.

Құрметті ата-аналар, қонақтар!

Жүргізуші: Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз.

Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр.

Мектепалды даярлықпен бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық.

1.  Ахметова Дильназ       Жанаев Талғат                                                                                            

2 . Байхадамова Сабина    Маляутдинов Мейрам

3.  Сәбит Абзал                  Тажибаева Альмира

4.  Таутенова Дариға         Төлеген Жігер

5.  Кенжеева Инкар            Есей Мирас

6.  Қабидолла Бейбарыс    Үсенова Жанель

7.  Сериков Диас                Казизова Айгерім

8.  Садуова Дария              Каержан Олжас

9.  Шериматов Артур        Журабекова Динара

10.  Ибраев Саят               Құрмашева Гүлнұр

Жүргізуші:  Өтті қызық көп күндер, алты жасқа енді жеттіңдер, барасыңдар мектепке, бір белестен өттіңдер!

Айналайын балалар, алда мектеп-Ана бар, өздеріңнен өседі, өнерпаздар даналар.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық, қоштасатын кешімізді біз бастайық.

Жүздеріңде көркем шаттық арайы, өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

 

Балалардың орындауында,   вальс

 

Жақсылыққа құштармыз, жақсы адам боп шығамыз. Таза сәби жүректен, қабылдаңыз мың алғыс                              Жігер

Құрметті қонақтар армысыздар, бәріңізге есен-аман бармысыздар?

Ақ тілекті ағытып бір тастайық, кешімізді ән-жырмен бастайық.                                                                                     Дариға

 

 

-ән «Сәлем, Қазақстан!»

Мектеп директорына сөз

 

Жайраңдап көктемім,  күледі көкте күн.  Құшағын тұр жайып,  аяулы мектебім.

Санама нұр құйған, Ұстазым көп менің.                                                                                                                                      Диас

Қуан, мақтан алақайқуанатын күн бүгінДаярлықпен қимай біз , қоштасатын күн бүгін.                                      –Абзал

Ана тілін ардақтап, қуанышты күйге ендік, сурет салып, ән жаттап, оқып жазып үйрендік.                                    Талғат

Үлкендердей тап-таза, жазамыз бормен тақтаға, үлгілі бала боламыз, жүретіндей мақтана.                                  -Артур

Ботақаным, құлыным деп, еркелеткен ұл-қызын. Әке, ана сіздерді қуантамыз біз бүгін.                                     -Дильназ

Бұл қуаныш себебін бізге қарап ұғарсың, Ержетті деп бөбегім, туған Отан қуансын.                                           Мейрам

Дайын тұр сауыт-сайманым, дайын тұр жазар қаламым. Дайын тұр киер көйлегім, үйімде биыл той менің.   –Альмира

Ойыншығым қаларсың, берем енді ініме, дейін бе, әлде аларсың, қыркүйектің бірінде.                                            Мирас

 

ән «Біз өмірдің гүліміз»

Биікке өрлеген,  тайсалып көрмеген .  ұрпақтың кеудесін, қуаныш кернеген.                                       Бейбарыс

Жеті жасқа толамыз, әдепті бала боламыз. Оқимыз, білім аламыз. болашақ жолын саламыз.

Даярлықпен қоштасып, мектепке кетіп барамыз.                                                                                                        Дариға

Өзімше мен кәдімгі , оқушы құсап сөйледім. Мынау дәптер, кітабым, мынау менің әліппем.                              –Айгерім

Сүйген өзі ұл-қызын, , бөбегім деп аянбай, даярлығым өз үйім, апай болды анамдай.                                                 Жігер

Мектепке биыл барамын, қолыма кітап аламын. Сен үйреттің сөйлеуді, сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді, даярлығым қош енді.                                                                                                           Сабина

Тәрбие берген ұямыз, тәртіпті бала боламыз, қоштасып даярлықпен, мектепке кетіп барамыз.                                 Дария

Қыздардың орындауында -ән «Көбелек

Мектепке ертең барамыз, оқимыз білім аламыз, мектеп біздің панамыз, мектеп біздің анамыз.                              Инкар

Құшағында жарқылдап, өтті қызық күндерім, би биледім, ән тыңдап, алаңдауды білмедім.                                     Олжас

Бізге мұнда әрдайым бәрі-бәрі дап-дайын. Қамымызды ойлаған, бұл директор ағайын                                         Динара

Биыл күзде мектепке, біріншіге барамын.  Қолыма кітап аламын.  Мектепке биыл барамын                                    Саят

Дәріні ойлап тапқан кім, ап-ащы екен оны ұқтық, қорықпайтын сырқаттан, шымыр болып шынықтық.            Бейбарыс

Топиған дәмді бауырсақ, бізге арнап пісірген. Шебер қолды аспазға, алғыс айтам ішімнен.                                   Гүлнұр

 

қыздардың орындауында «мысық биі»

Жүргізуші: -Балалар, тақпақтарды жақсы айтады екенсіңдер, енді маған мынадай сұрақтарға жауап беріңіздерші?

-даярлық топта жыл бойы қандай әліппе-дәптерлермен жұмыс жасадық?

Балалардың жауаптары: Сауат ашу, тіл дамыту, өзін-өзі тану, айналаны қоршаған орта, салауаттану, жазу т. б.

-өте жақсы, ал енді соның ішінде математика оқулығына тоқталайық.

Санамақ –Дария  Мирас

«1» дегенім-бөрік, кисең бойға көрік.  «2»дегенім-етік, киер сәнді етіп.  «3» дегенім-ішік, теріден тігер пішіп,

«4» дегенім-тымақ, қыста кисең жылы-ақ.  «5» дегенім-байпақ, іші жылы тайпақ.  «6» дегенім-алқа, мойныңа тақ, ал да.

«7» дегенім-жейде, кір болмасын кейде.  «8» дегенім-сенсең, жылысы тонның сеңсең.

«9» дегенім-телпек, болма, бала тентек.   «10» дегенім-оймақ, жүрме босқа ойнап.

кәне,  «Адасқан сандар» ойынын ойнап жіберейік.

Ойын: «Кім қандай баға алды?» ата-аналармен ойнайық, кезінде қандай баға алды екен, көрейік.

Ән  «Балғындар»

ал, енді балалар, мұқият тақтаға қарайық ережені сақтаймыз, толық жауап береміз.

1. Үй жануарларын ата

2. Бір аптада неше күн бар?

3. Жемістер мен көкөністердің айырмашылығы неде?

4. Жыл мезгілдерін ата?

5. Бағдаршамда неше көз бар?

6. Бір жылда неше ай бар?

7. Қандай ертегілерді білесіздер?

-Жүргізуші: -Жарайсыңдар балалар! Ал енді ертегілердің кейіпкерлері бізге қонаққа келіпті, тыңдайық.

-Сахналық көрініс:  Ахметова Д.  Талғат Ж.   Түлкі, түлкі, түлкішек, түнде қайда барасың? –Апам үйіне барамын.

-Апаң саған не береді? – сиыр сауып сүт береді.

-оны қайда қоясың? –тал түбіне қоямын. -ит ішіп кетсе қайтесің?  –жылап-жылап қоямын.

 

-ән « Мен алм аны жақсы көрем»

Динара, Дильназ, Дариға қыздардың орындауында «Айгөлек» әні

Не үшін?

-Екі көзің не үшін керек?  -жақсыларды көру үшін.

-Екі қолың не үшін керек? –елге көмек беру үшін.

-Құлақ деген не үшін керек? –ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Жүрек деген не үшін керек? –жауларымнан қыңбау үшін!

-Тіл мен жағың не үшін керек? –ақиқатты айту үшін!

–ал аяғың. .  шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін!

 

Жанаев Талғаттың орындауында             -ән «Жаса, Қазақстан!»

Куәліктері  беріледі

Жүргізуші: Бір ата, бір ананың тірегіміз, бір болсын қайда жүрсек тілегіміз. Бірлік барда, тірлік бар деген бабам. Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз?- дей отырып құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.

                                      Серік,  Берік,  Бауыржан –ата-аналар,   балаларды құттықтап, ән сыйлайды.

Жүргізуші: Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларыңдағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, балалар. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!

“Бәрін білігім келеді” көренкті презентация көшіріп алыңыз.

 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.