Информатика-6. І – жарты жылдық сабақ жоспарлар жинағы (30-сабақ).

Қазына Төлеубай.  Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Д. Қонаев атындағы  орта мектеп, информатика пән  мұғалімі.

Сабақ  1 6 а,ә,б
Сабақтың тақырыбы  Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты
  1. Техника  қауіпсіздік ережесі, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру;
  2.  7- сыныпта өткен техника қауіпсіздік ережесін  еске түсіру мақсатында жұппен бірлестіре  отырып сабаққа деген қызығушылығын ояту.
  3.  Сынып өздерінің топ ережелерін құрғызу.
Күтілетін нәтиже Техника қауіпсіздік ережесін , көзге арналған гимнастика ,  компьютер алдына отыру ережесі мен қоса  компьютер қауіпсіздіг туралы   ақпаратты толық меңгереді.
Сабақта пайдаланатын әдіс Жұппен  жұмыс , өзін – өзі реттеу , диалогті оқыту,  сұрақ қою стратегиясы , бағалау
Түйінді идея Оқушылар  тақырыпты ойын кезінде сұрақ қою  арқылы  материялды барынша   есте сақтап қалады ;Ұжымдасып жұмыс жасау арқылы бір – біріне деген қамқорлығы артады ;Алгоритм сөзінің шығу тарихы , оның қасиеттерін пайдалана отырып ұарапайым алгоритм құрып үйренеді.
Ұйымдастыру кезеңі Жұппен отырғызу   (өзін – өзі реттеу )Өз еріктерімен
Қызығушылығын ояту Психологиялық ахуал   Оқушылардың күнделікті өмірдегі тіршілігі мен қоса оның жұмыс ережесі жайлы әңгіме қозғау
Тапсырмалар Мағынаны ажырату (Топтық жұмыс, өзін – өзі реттеу,бірін – бірі оқыту).1.Компьютер алдында неге көп отыруға болмайды?2.Неге  компьютердің үстіне  кітап , дәптер және т.б. заттарды қоюға болмайды?3. Көздерін шаршатпаудың  жолдары қандай?4.Компьютер алдында  отыру ережесі5. Компьютерде   ақпаратты қауіпсіз сақтау үшін қандай ережелерді  сақтаған жөн?6.Егер  компьютер  сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе не істер едіңдер?

Екі топтан  бір-бір оқушы шығып  көрші отырған топтағы оқушыларға түсіндіреді.

«Қазымыр оқушы»  ойыны  І . Жұпта  орындаған тапсырмалар бойынша оқушылар кезегімен басқарларына сұрақтар қояды, ал  олар жауап береді.  Сұраққа жауап  беретін оқушыны сұрақ  беруші оқушы таңдайды.
Бағалау Өзара бағалау әр оқушыға қасындағы оқушыны  формативті (ынталандыру) бағамен бағаландыру.
Үйге тапсырма Техника қауіпсіздік ережесін қайталау.
Рефлексия Оқушылардың бүгінгі күні сабақтан не алды

 

Тексерілді:___________________

Үлгі нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

7 комментариев

  1. Алтынай

    саламатсыз ба, сабақ жоспарыныздың құрылымы жақсы екен, сайтқа салып, бізге әдістемелік көмек көрсеткеніңізге рахмет. Жұмысыңызға шығармашылық табыс тілеймін. Тек бір өкініштісі толық нұсқасын көшіре алмай отырымын. Қалай алсам болады?

  2. Сәлеметсіз бе! Сабақ жосапарларыңыз жақсы жасалған екен!
    30 сабақ жоспарын жүктеп епе едіңіз? Мен тек 3 Сабақ жоспарын көрдім.

  3. І жартыжылдыққа арналған сабақ жоспары толығымен жүктелген

  4. Cабактын толык нускасын коре алмадым.

  5. Сабақтың толық нұсқасын көру үшін қандай әрекеттерді орындау керек?

  6. Ильмира

    Сабағыныздың 4 нұсқасы ғана жүктелген екен. Қалғаның қайта жүктейсіз бе?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.