Әліппемен аштық білім есігін…

izimNurgul00-150x150Изимбергенова Нургуль Кусаиновна.  Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 6 орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Іс-шара жоспары:

Мұғалімнің құттықтау сөзі:
-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! 1 «Б», 1 «В» сынып оқушыларының «Әліппемен аштық білім есігін…» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Таныс болайық.

1 «В» сыныбында оқитын                           Әріптерді танимын, сандарды да қосамын,
Білгендерін зердесіне тоқитын               Суретті де саламын, жақсы оқуға тырысамын
Нұрдәулет, Назым, Элвира,                      Деп келгендер Айдана,
Абылай, Мадияр, Ақбота                           Асылбек, Марғұлан, Бекзат

Білімді ертең болам деп,                    Мақсат, Марат, Мирас, Ләззат..
Барлық пәннен алды боп,
Қазірден үздік оқитын.                         Тырысып жүр қалыспай,
Достарынан үйреніп,

Әріптерді көркем етіп саламын,                 Спортта жүйрік Бағдәулет
Ұқыпты да, сауатты мен боламын             Өнерлісі Әсемай,
Диктантты да ешқандай қатесіз,                Сұлу қыздар тағы бар
Ұстаз айтқан әдемі етіп жазамын              Аяулым мен Индира-ай.

Деп қазірден жан салып,
Еңбектеніп жүргендер Сафура,
Тобыш, Мерей, Уали Мирас,
Ғабиден, Іңкәр, Бексұлтан.
1 «Б» сыныптағы оқушы,                             Суретші болам өскенде,
Математика пәнін терең тоқушы.          Қастеев атам секілді
Диас, Айнұр, Жансая, Ерқожа,                 Тамсандырам ел-жұртты
Руслан, Жамиля.                                             Деп болашақ суретші

№ 6 орта мектебінің                                           Келді міне ортаға Ернар,
Болашақ жүлде алар мақтанышы.              Диана, Аружан,
Зейін, Бақтияр, Рахман.
Алдыма жан салмайтын ақын болам,       Би билеп жүр, ән салып

Ұстазға әрқашан да жақын болам                 Айналаға жар салып.
Сондықтан да білім алып, көп оқимын      Өнерлі біздің балалар,
Деп келіп тұр болашақ ақын балаң.            Альбина, Дина, Қарақат,
Ахмет,Мөлдір, Арай, Нұржан ,                     Азамат, Аида, Парвиз, Ринат
Марта, Жасұлан, Нұрлан.                                Деген бізде тағы бар.

nurgul00Alippe– Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған, әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

1-ж. Сәлеметсіздер ме, уа халайық?!
2-ж: Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар!
1-ж:     Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.

2-ж. Осы біздер қандаймыз?
1 – оқушы: Мың бұралған бишіміз, бұлбұл құстай әншіміз.
2 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз, Сәл еркелеу бұзықпыз.
3-0:  Біз өнерліміз, шеберміз
4-0:  Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз
5-0:  Көп оқимыз
Терең тоқимыз
6-о: Жанып тұрған шырақпыз
Толқынды су бұлақпыз
7-о: Елімізді өркендетін
Қазақ тілін көркемдететін

8. Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін.

9.  Елтаңбасымен еңселі
Туымен тұғырлы
Әнұранмен айбатты
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

Т Тәуелсіз елде тұрағым,
Тәуелсіздік жыр әнім
Ә Әспеттеп салт пен әдетті,
Боламыз бала әдепті.
У Уәдеге берік боламыз,
Биік –биік үйлер саламыз.
Е Елім деп мен жар салам,
Еліменнен мақтанам.
Л Лайым болсын ел аман,
Несібесі мол заман.
С Сенімін елдің ақтаймыз,
Жақсы істер жасаймыз.
І Ізгілік нұрын шашатын,
Жасасын Қазақстаным!
З Зейінге бәрін тоқимыз,
Сабақты 5 – ке оқимыз.
2-ж:Біз қандай елміз?

ХОРМЕН: «Татумыз, тәуелсізбіз!»

1-жүргізуші: Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы, Елтаңбасы, Әнұраны
Қазақ елі егеменді, сан жұрты бар – дей келе, келесі әнімізді Туған елге, туған жерге арнайық. «Отан» әнін қарсы алыңыздар

«ОТАН» әні орындалады.

   Оқушы:
-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

2-ж: Дұрыс айтасың , балақай , ал сол әліппе достан не үйрендіңдер?

Оқушылар:
1. Қазақ тілінде 42 әріп бар, оның екеуі дыбысталмайды. Олар жіңішкелік      және айыру белгісі.
2. Сөз дыбыстан құралады, дыбысты әріппен таңбалайды.
3. Сөзден сөйлем құралады, сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
4. Сөйлемнен мәтін құралады.
5. Сөздегі буын саны, дауысты дыбысқа байланысты.
6. Дауысты дыбыстар екіге, дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді.
7. Мақал, жұмбақ, жаңылтпаш айтуды да әліппеден үйрендік.

1-ж: Жарайсыңдар, әліппе достарың көп нәрсе үйреткен екен. Ал енді сол ақылды әліппе досымызды ортаға шақырайық. Әліппе дос ортаға келіңіз. Сізді балалар асыға күтіп тұр.

Ортаға ӘЛІППЕ шығады.

Әліппе: Сәлеметсіздер ме, менің кішкентай достарым?

Менің атым әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ержеткен
Апаң менен ағаң да,
Әкең менен анаң да
Шопан, биші, ұстаз да
Ғарышкер де, аспаз да.
Барлық, барлық жақсы да
Әріптерден басталған!

                Оқушы:
-Әліппе, біз 4 ай бойы сізден үйрегенімізді, ортаға салдық. Сауат аштық, енді өзіміз жаза аламыз. Сізге рахмет!
2-ж. Әліппе, бұл балалар да сізден көп нәрсе үйренген. Олардың сізге айтар тақпақтары бар екен.

Әліппе.
– Ал олай болса, тыңдап көрейін.

 Әліппеге тақпақтар айту

Бар әріпті үйреткен –
Міне, менің әліппем
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.

Әліппем менің әліппем,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің

Әліппем менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен

Әліппем менің әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Әліппеге рахмет!

Хормен: Әліппеге рахмет!

1-ж: Олай болса, келесі әнімізді Әліппе досымызға арнаймыз.

«ӘЛІППЕ»әні орындалады.

Әліппе сөйлейді:
-Рахмет, балалар, мен сендерге ризамын.
Білімнің көп қой саласы,
Әліппе соған жолбасшы.
Ғылымның қиын жалғасын,
Басқа кітаптан табарсың!
Қош болыңдар, балалар!

Хормен: Қош бол, Әліппе!

1-ж.Балалар, сендер мектеп табалдырығын аттап , оқушы атанып, әріп танып, әліппеден көп нәрсе үйреніп 4 ай бойы ұстазбен бірге қызықты уақыттарыңды өткізіп жүрсіңдер. Енді сол 35 минутта сендер қандай қызықты сәттерді бастан өткіздіңдер екен. Қане, ортаға салып көрейік.

Көріністер көрсету.

2-ж: Тамашалайтындарыңыз «Қашып кетті»

Автор. Сауаташу сабағы. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіріп жатқан болатын. Бекзат мұғалімнің сөзін бөліп:
– Апай, апай, апай – деп қоймады.
-Бекзат, неге менің сөзімді бөле бердің ,- деді апайы.
-Сыртқа шығып келейінші – деді Бекзат.
– Жаңа сабақты түсіндіріп болайын, Бекзат. Бұл А дыбысы, ол дауысты жуан дыбыс. Мында баспа түрі және  жазба түрі көрсетілген. А дыбысын танимыз ба, балалар? –  деп сөзін аяқтады да, Бекзатқа қарап: – Ал Бекзат, сыртқа шығып келе ғой – деді.
– Рахмет, апай. Шыққым келмей қалды.
-Неге?
-Сіз сабақ түсіндіріп болғанша, күтпей қашып кетті ғой – деген екен.
  Американы тапқан кім?

2-көрініс. Дүниетану сабағы өтіп жатыр. Мұғалім оқушылардан картаны көрсетіп:
– Балалар, картадан Американы кім тауып береді? – деді.
-Мен тауып беремін – деді кішкентай Мерей.-Міне, Америка.
-Американы тапқан кім? – деді мұғалім.
-Оны мен таптым.
– Қалайша таптың?
– Сіз тап деген соң, мен таптым – деп қуанды Мерей.

1-ж: Рахмет, балалар.Осындай қиын да қызықты сәттерді сендермен бірге өткізіп, білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарға  арнаған қандай өлеңдерің бар?
 
Білім алып мектепте
Талай пәнді оқимыз
Мұғалімнің айтқанын
Зердемізге тоқимыз.

Атағым Алатаудай болсын биік
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.
Алдында әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп.

Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың сенің тойыңа
Арнайды саған бұл әнін.

2-ж:-Қабыл алыңыздар,ғазиз ұстаздар,  «Мұғалім ол біздің» әні барлық ұстаздарға арналады.

«МҰҒАЛІМ – ОЛ БІЗДІҢ» әні орындалады.

1-ж:
Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән сап,билеп ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Әліппе тойын тойлаймыз – деп келіп тұрған бүлдіршіндер арасында өнерлі балалар да бар. Өнерін тамашалайық.

«Қуыршақ» биі

«Балапан» әні

Мұғалім:

Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана. Міне, осындай ата-аналарымыз да бүгінгі мерекенің куәсі болып отыр. Осы ата-аналар арасынан 3-еуін ортаға шақырғым келіп тұр. Тақтада ситуациялық жағдаяттар берілген. Сұрақтарды оқып, оған жауап беріп, ситуациядан шығатын жол табуыңыз керек.

1.Балаңыз мектептен жылап  келді”мұғалім маған ұрысты” деп …  Сіз  не  істер  едіңіз?

2.Бала мен  бала мектептен  шығып  келе  жатқанда  бір-бірімен  төбелесіп  қалды. Ол  бала  сіздің  балаңыздың  өте  жақын  жолдасы еді. Сіздің  іс-әрекетіңіз.

3.Балаңыз  -өте  жақсы  оқитын  бала. Бір  күні  сабақтан екі  алып, мұғалімнің  ескертпесі  күнделікке  жазылып  келді..Сіз  не  істер  едіңіз?

Бұл жерде біздер ата-ананың тапқырлығын, ақылдылығын, ұстамдылығын, қиын сәттен жол тауып қалай шыға алатынын тексергіміз келген. Рахмет, ата-аналар.Әрқашанда қандай жағдай болмасын дұрыс шешімге келе аласыздар деген ойдамыз.

1-жүргізуші:
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын! – деген тілекпен бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.

2-ж:1
Келесі сөз кезегін мектебіміздің басшысы Бимағамбетова Күрең Кітабайқызына береміз.

2. Ендігі кезекті Бастауыш сынып меңгерушісі Қайнарбаева Гүлзада апайға  береміз.

1-ж:
Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға.

2-ж:
– Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рахмет! Хош сау болыңыздар!

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.