BDE- дегі мәліметтер қоры қосымшасын құру компоненттері

gulnurKozhan000-150x150Қожанова Гүлнұр Қанатқызы. Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Псевдонимді және  мәліметтер қоры кестесін құруды үйрету. TTable, TDatasource, TDBGrid, TDBEdit, TDBNavigator компоненттерімен таныстыра отырып, оларды бағдарламалауда қолдану ерекшеліктерін көрсету.
Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде орындау дағдыларын шыңдау. Студенттердің таным белсенділігін, ақпараттық мәдениетін арттыра отырып, логикалық  ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:Студенттерді тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа  тәрбиелей отырып білім беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері:  тестілеу, баяндау, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ).
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, мәліметтер қоры.
Көрнекі құралдар: ДЭЕМ, проектор, интерактивті тақта, Delphi интегралды ортасы,  электрондық әдістемелік нұсқау, презентация, видеофайл  DatabaseDesktop утилатасы, BDE Administrator қосымшасы, Hyper Test 1.0 және VyChat бағдарламалары.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, студенттерді түгендеу. Кабинеттің сабаққа әзірлігін, компьютерлердің техникалық жұмыс жасау жағдайын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру:Презентацияда берілген тапсырмаларды орындау негізінде үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасын тексеру үшін берілетін сұрақтар:

  1. Мәліметтер қоры туралы түсінігіңіз?
  2. Деректер қорын жасақтауға және пайдалануға арналған бағдарламалық жүйелерді сәйкестендіріңіз
Дербес басқарылатын деректер қоры DBase
InterBase
FoxBase
Oracle
FoxPro
Алыстан басқарылатын деректер қоры Informix
Paradox
Microsoft SQL Server
Access
Sybase

3. Деректер файлының орналасуына қарай мәліметтер қоры қалай бөлінеді?
4. Топ оқушыларының мәліметтерінен тұратын 2 кесте құрыңыз және байланысты көрсетіңіз
5. Дербес басқарылатын деректер қорының қасиеттері:

  •  Деректер қоры бір компьютердің қатқыл дискісінде сақталады.
  • Желімен байланысатын екінші бір компьютер құрылғысында
  • Бағдарламаның клиенттік бөлігі бар
  • Бағдарламаның сервистік бөлігі бар
  • Бірнеше қолданушы кезегін ұйымдастыратын арнайы әдіс қолданылады

6. Алыстан басқарылатын деректер қорының қасиеттері:

  • Деректер қоры бір компьютердің қатқыл дискісінде сақталады.
  • Желімен байланысатын екінші бір компьютер құрылғысында
  • Бағдарламаның клиенттік бөлігі бар
  • Бағдарламаның сервистік бөлігі бар
  • Бірнеше қолданушы кезегін ұйымдастыратын арнайы әдіс қолданылады

7. Дербес басқарылатын МҚ құруға арналған  қандай бағдарламалық жүйемен таныстық? Қалай іске қосылады?
8. Database Desktop утиллитасында жаңа кесте қалай құрылады?

Осы берілген тапсырмаларды оқушылаға тақтада біртіндеп орындату. Топтың қалған оқушыларына келесідей бақылау сұрақтарын беріп, оның жаубын VyChat бағдарламасы көмегімен сервер компьютерге жібереді.

1. Жазба дегеніміз не?
2. Өріс дегеніміз не?
3. Алыстан басқарылатын МҚ-да клиенттік бөліктің қызметі?
4. Дербес басқарылатын МҚ-да клиенттік бөліктің қызметі?
5. Сұраныс дегеніміз?
6. Қағаздағы мәліметтер қорына мысал
7. Жанұяң туралы 3 өрістен тұратын кесте құрыңыз
8. Мәліметтер қоры кестесі дегеніміз?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сабақтың толық нұсқасын, көрнекілктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.