И-9. Паскаль программалау тілінде есептер шығару. Таңдау операторы.

Абдугаппаров Қуаныш. Шымкент қаласы. №90 жалпы орта мектеп.

Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру, берілген тапсырмаларға бағдарламалар дайындау, нәтижесін алу, оқушылардың алған білімдерін арттыру, жүйелеу, блок-схема және бағдарлама құру практикалық білімдерін тексеру;

Тәрбиелік. Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу, алган білімдерін бағдарлама құруда еркін қолдана білуге үйрету. Жаңа заман ағымына сай компьютерлік біліктілік қорларын өз беттерімен жетілдіре отырып, берілген жұмыстарды орындату арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушылардың  өткен тараулар бойынша алған білімдерін жинақтау, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық:  Оқушылардың компьютерде бағдарламамен жұмыс жасауда, әр-түрлі амал-тәсілдер арқылы алған білімдерін практикада қолдана білуге, ой – өрісін танымдылық қабілетін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Сабақтың түрі: жаңа материалды хабарлау;
Сабақтың әдісі: оқу ақпараттарын алгоритмдеу, модельдеу, талдау, машық жұмысы;
Сабақтың дидактикалық көрнекілігі: Turbo Pascal программасы, презентация;
Сабақтың техникалық көрнекілігі: компьютер, видеопроектор, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі, тарих;

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды  қабылдауға дайындық
4. Жаңа материалды түсіндіру
5. Сергіту сәті
6. Білімді бекіту (Аktivote арқылы тест тапсыру)
7. Оқушыларды бағалау.
8. Үйге тапсырма

Бұл алгоритмде тармақ үшеу болғандықтан, екі рет шартты оператор жазылады, негізінде тармақ төрт, тіпті одан да көп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда шартты операторды пайдалану қолайсыз, себебі ол программаның көлемін ұлғайтып жібереді. Таңдау операторы (case) бірнеше оператордың ішінен таңдау жолымен көп тарамды тармақталуды ұйымдастырады. Тармақталу берілген логикалық мәнге ие болатын өрнек түріндегі шартты тексеруден басталады. Өрнек (селектор) мәндері таңдап алынған. Типтердің бірі болатын бүтін, символдық, логикалық типтердің бірінде жазылады. Бұл өрнек оператор орындалатын кезде белгілі бір мәнге ие болуы тиіс. Сол мән оған байланысты. Орындалатын оператордың белгісі ролін атқарады.   Егер өрнектің есептелген мәні көрсетілетін мәннің біріне сәйкес келсе сол қатардағы оператор орындалады.

Case таңдау операторы көп тармақты алгоритмдерді барынша қарапайым және көрнекті түрде жазуға мүмкіндік береді. Оның құрамында селектор (selector   – таңдау) деп аталатын өрнек және параметрлер тізімі болуы тиіс. Әрбір параметрге сәйкес таңдау тұрақтылары болуы қажет. Case операторының синтаксистік жазылу диаграммасы төмендегідей түрде кескінделеді. Диаграммаға сәйкес таңдау операторы былай жазылады.

Сабақтың толық нұсқасын және презентациясын көшіріп алыңыз. Pascal. Ashik sabak

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.